Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктері



бет5/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
аширов ответ

Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» романының көркемдік ерекшеліктері

Көркемдік ерекшелік- суреткердің өміріндегі әдемілікті көре білуі, шебер бейнелеуі, ой-сезімін, жан толғанысын әсерлі әрі шебер жеткізерлік қабілеті, қиялға байлығы, туынды сапалылығы. Яғни, әсерлі сөздермен, айшықты құралдармен образды, мекенді, уақытты, шындыққа көзқарасын бейнелі түрде шебер жеткізу. (Троп түрлерін қолдану десе де болады).
Қан – өмір, билік мүдделер жолындағы күрес символы болса, тертіршілік, көнбіс бейнеткерлік пен үзілмес үміт символы.
“Қан мен тер” трилогиясы (1-кітап – “Ымырт”, 1961; 2-кітап – “Сергелдең”, 1964; 3-кітап – “Күйреу”, 1970). «Қан мен тер» классикалық үлгіде, үшінші жақтан баяндаумен жазылған шығарма. Адамның психологиясы көбіне кейіпкердің іс-әрекетінен көрінеді. Көркемдік құралдар өте көп кездеседі, тілі күрделі. «Қан мен тер» трилогиясының көркемдік-стильдік бітімінде, суреткердің философиялық ойлау жүйесінде, сөз саптау мәдениетінде қымбат әсер тудырарлық, терең­ ойландырарлық,, заманның, қоғамның, тарихтың, ұлттық дүниетанымның, дәстүрдің мән-мағынасын ұқтырарлық мейлінше ішкі сырға, астарға, суретке, пікірге бай барынша оралымды, көркемдік қуатқа кемел кесек-кесек, түйдек-түйдек сипаттаулар, меңзеулер, шендестірулер, салыстырулар, теңеулер, метафоралар, философиялық афоризмдер жеткілікті.
Айталық, Құдайменденің тұрмыс-тіршілік, өмір жолындағы ұстанған мақсат-мұратын: «Қаратаз дүние боғын домалатқан қара қоңыз емес пе?!» деп бір сөйлеммен қайырады.
Судыр Ахметтің адами қалпы, болмысы Бижамалға(әйелі) айтқанынан-ақ көрінеді:
«Оу! Ой! Бижамал-ау, теңіз... бұл теңіз ше... үй іргесінде шалқып жат­қан көк теңіз бар-ау, түбі жоқ ырзық қой. Көктен салбырап түсіп тұрған несібең ғой... Пісулі асың ғой».

Ақбаланың образын ақ бәтес көйлегі, ақ торғын көйлек деп оның паңдығын, өзін күте білетін текті әулеттің қызы екенін сипаттайды:


Қолына ұстай кірген құрт, ірімшікті қонақтың алдына төккелі денесін сәл иіп, тізесін сәл-пәл бүккенде, о, алла, әлде бір ақ құс ғайыптан пайда боп дастархан шетіне қонғандай, ақ торғын көйлектің етегі жан-жағына жайылып, ақшаңқандап көміп жіберді.

«Қан мен тер» – тірлік-тынысы әлдеқайда кең шығарма. Жанрлық жағынан да басқаға ұқсамайды, әлеумеітік-психологиялық типті шығарма. Ізденіс салмағы характерге түскен. Бар суреткерлік қабілетін ата-бабалардың мінез-кескінін ашуға жұмсаған. Характер – Нұрпейісов романының қозғаушы күші және психологиялық талдаудың монолог формасын жиі қолданады. Кейіпкер іштей күйінеді, опынады, толғанады. Адамның осы бір ішкі драматизміне жазушы әрдайым құлақ түргіш. Шығармада кейіпкерлер өсе түседі. «Ымыртта» Еламан – қарапайым балықшы. Туа біткен мінезіне өршілдік, қайраттылық тән. Намысқой жігіт. Жұрт Қаратаз деп атайтын Құдайменде байдың қорлығына шыдамай, айбат шеккен, сес көрсетіп, балықшылар арасына кетіп қалған. Бір-екі сөзінен ой түйғіш, көкірегі ояу жан екені байқалып қалады. Жетпей жатқан тұсы әзірше былайғы дүниемен ісі жоқ. Жазушы міне, осындай бұйығы, патриархалдық қапастағы тұңғиық тұлғаның ішіне бірте-бірте әлеуметтік сәуле түсіреді. «Сергелдеңде» Еламанның жеке басының қайғысын ел қайғысы басып кетеді. Түрмеге қамалған, айдауда жүрген, одан түріктермен соғысқа қатысқан, майданнан оралғанда Шалқарға келіп теміржол бойына жұмысқа орналасқан Еламан, ендігі жүріс-тұрысында біраз дүниені бағдарлап, байыздайтын өреге көтерілген. Бірақ кейіпкердің әлі де «бір қайнауы ішінде». Әлі де ол оң мен солын айырып жетпеген сергелдең пішінде, әуре-сарсаңда. Трилогияның соңындағы Еламан – өскен, есейген, шыныққан көргенді адам. Қоғам хақындағы ойларында нақтылылық та, пәлсапа да бар. Кейіпкердің идеялық һәм рухани эволюциясы, жаңғырып өзгеруі шырқау биігіне көтерілген. Мұндағы ішкі монолог қайсыбірде ішкі диалогке ауысып, монолог-талқыға айналады. Жас Федоровтың қылышынан қаза болар алдындағы Еламан монологі өзгеше сипатты. Оны монолог-өсиет, монолог-арман десең де сиымды.


Табиғат пен адам арасындағы байланысты автор шебер суреттеу арқылы оқырманның көз алдына алып келген.


Жұқа шыт көйлек, жеңсіз камзолмен тұрса да, темірдей қарыған аязды сезінбейтіндей қарап тұрып қалыпты. Іштегі, тыстағы жайларды ойлап, қатты қиналған Тәңірберген кешкісін ауыл сыртына шығып, сықырлаған аязда көз байланғанша жүрді. Қанша сыр бермейін десе де, таң алдындағы сары аяз шыдатпай, Еламанның ығында дір – дір етіп тұр.
Автор аяздың түрін шығармасына арқау ету арқылы кейіпкерлерінің шыдамды, төзімді, алғыр екенін оқырманның көз алдына алып келді.

Шығармада Еламан мен туыс інісі Райды Шалқарға айдауға апара жатқанда жолда бір үйге түседі (Айғанша,Қалау, Кемпір т.б. үйі). Осы тұста кемпірдің көрегенділігі көрінеді, теңеу және метафора, ауыстыру қолданылған.


Е-е! «Адамның басы – Алланың добы». Не боларына кімнің көзі жеткен, – деді кемпір. Сәл отырғасын жүзін Еламанға қайта тіктеп – жөніңді білмесек те жүзіңді бірінші рет көріп отырмын. Қайдан білейін, адам аласы ішінде ғой. Түріңе қарасам, иманмен қаптап қойғандай екен, – деп еді кемпір, Еламанның үсік шалған беті сұрланып, біраз отырып барып:


Кісі өлтіру кәсібім емес еді, қадірлі ана. Құдіреті жүріп тұрғандар оған қойды ма деп, демі дірілдеп тоқтады да, – қысқа күнде қырық өле бергесін, қайтейін, тым құрыса, бірін өлтіріп жастығымды алып жатқым келді. Қадірлі ана, біздің жайымыз осы, – деді.

Кәленнің айғыр жалындай мұртының әр талы тікірейіп барады. Ол бір аттап пешірдің үстіне төне түсті. Енді бір қимылмен пешір баланы желкесінен бүріп алатындай еді”. Бұл үзіндіде айғыр жалындай мұртының тікіреюі арқылы Кәленнің қызба мінезін беріп тұр. Пешір сөзі сол кездің сауаттылық деңгейінен хабар беріп, қарапайым халықтың орысша сөздерді бұрмалауы арқылы образдылық жасап тұр.


Көркемсөз шебері Әбең ойдың асылын; сөздің шолпанын сұрыптап, іріктеп, ірісін, тірісін қолданады. Есбол қария, Мөңке мен Әлизаның оныншы баласы о дүниелік болғанда: «Сен өлген балаңа жылап жатырсың, менің, тым құрыса, молада да тілекшім жоқ екенін неге ойламайсың» деген сөзіндегі атан түйе ғана арқаларлық зіл салмақ бар!


Тәңірбергеннің ағасы Құдаймендеге кеңесінде: «Бақыт – басқа қонған құс, қолына шыбық ұстаған жас баладан да қорқады». Мұнда автор оқырманға салмақты ой тастайды.

Тәңірбергеннің алдамшы жалған жайындағы ішкі монологы өмір туралы пәлсапалық ойды адамның ішкі пайымы арқылы дөп баса жеткізеді:


«Ит өмірде мен қимайтын не қалды?» деді. Үстіндегі аспан ба? Шақырайған күн бе? Бедеу қатын­дай безеріп алған мына адыра қалғыр қара жер ме? Әлде, ұры тонаған үйдей өзегі талған кісіге беретін бір жұтым суы жоқ шөл ме? «Опасыз дүние». Абзалы – көңіл торықпасын. Көңіл торықса – осынша дүниеден тырнақ ілінер түк табылмайтынын қайтерсің. Қызығы таусылғанда, бұ да көңілің суыған қойныңдағы қатыныңдай қадір де, қасиет те қалмай ма, қалай?


Тәңірбергеннің ішкі монологінде мынадай бір пікір бар. Әбден әлі құрып, ойы сан саққа жүгіретін Тәңірберген бір уақ көк аспанға көз тастайды. «Ана қарашы, жарықтық, қандай биік және қандай кіршіксіз таза. Адамзат жетпей сорлап жүр. Көре қал, күндердің күнінде көкке қолы жетсе, адам аспанды да былғайды». Адам табиғат-анаға тым қатыгез екендігін айтып үлкен бір әңгіменің шетін шығарды да (қолы жетсе, адам аспанды да былғайды), экология мәселесіне сілтеме жасады. Кейін бұл тақырып «Соңғы парызда» көтерілді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет