Оқу жылы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы. Негізгі тақырыптары мен өзекті идеялары


Қ Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы авторлық идея



бет72/78
Дата26.01.2024
өлшемі1.63 Mb.
#489959
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78
аширов ответ

Қ Мырза Әлінің «Қызыл кітап» поэмасындағы авторлық идея

Қызыл кітап поэмасы 10 бөлімнен тұрады.1983 жылы жарық көрген. адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндады. Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады:
Автор табиғатты қорғауды тек ел аумағында ғана емес, бүкіл ғаламшараралық мәселе ретінде қарастырып, оқырманды Америкаға да, Африкаға да, Еуропаға да апарады, бір кездерде мұнда адам саудасы болғанын да айтады.
Кейбір халықтың жойылып кеткенінен шошынады. Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.
Поэманы не себепті «Қызыл кітап» деп атағанын аңғартады:
…Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
… Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
«Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры» немесе «Қызыл кітап» шығармаларында экология мәселесін көтерді. «Адам өрісі кеңіген сайын аң-құстың өрісі тарыла түседі» деп ақынның өзі айтқандай, адам баласы өзінің де табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытып, оған қол салғанын күйіне баяндады. Поэмадағы лирикалық кейіпкер табиғатты жойып алудан қорқады:
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Қандай да болсын, зорлық-зомбылықтан бас тарту қажеттігін түсіндіреді. Бір кезде елімізде мекендеген аңдарды түгендейді, соларды жоқтайды.
Поэманы не себепті «Қызыл кітап» деп атағанын аңғартады:
…Қызыл кітап –
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ!
… Қызыл кітап –
Опат боп кеткен аңның,
Бастарына қойылған қызыл күмбез.
Ақын саналы адам болғандықтан, табиғатты қорғау парызымыз екенін
айта келе:
Орнында ма санамыз?
Күшіміз де?!
Мамонт құсап
Жігіттік,
Азаматтық
Қалған жоқ па көміліп ішімізде?! –
деп ойлануға шақырады. Ата-баба салтын ұмытпау керектігін есімізге салады:
Жақсылықтың алдында бас иетін
Бабалардың не істейміз өсиетін?!
Жер жоғалтса, не болмақ перзенттерін?
Ер жоғалтса, не болмақ қасиетін?!
Табиғат пен адам арасындағы үндестік, қоршаған ортаны қорғаудың
маңыздылығын поэмада былайша түйіндейді:
Одан көріп,
Ақыры бұдан көріп,
Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!
Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,
Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет