Кейіпкерлер:
Тоқтар — ұзын бойлы, ақсары өңді, сұлу жігіт. Үлкендер оны әлі бала дейді, бірақ біздерге ол үлкен жігіт сияқты көрінеді: биыл өзіне мұрт өсе бастаған жаңада ғана тебіндеген ұп-ұсақ, сирек-сирек, ал алыстау тұрып қарасаң, екі ұртының үстінен әп-әдемі боп қиылып, ақсары өңіне ерекше жарасып тұрады.
Шымырбай - Тоқтардың әкесі. Сайдың ішінде колхоздың мал қыстайтын қораларын күзетіп жалғыз үйлі шал отырушы еді. Кемпірімен екеуі ала жаздай бақша салып, қауын қарбыз өсіретін. Бақша салуды еріккеннің ермегі сияқты көретін біздің ауыл үшін Шымырбай шалдың қауын-қарбызы анда-санда барып, жеп қайтып тұратын таңсық нәрсе ғана болатын.
Нәзира - Тоқтардың ұнатқан қызы, қимыл-қозғалысы нық, қарулы.
Нұрсұлу — түр-тұлғасы еңгезердей еркек пішінді, даусы гүжілдеген, өзі күшті әйел. Ауылдағы әйелдердің ең күштісі. Қайдағы ауыр, қиын жұмыстарға осы Нұрсұлу барады. Шіреніп тұра қап үлкен ағаш күрекпен астықты құлаштай тастаған кезде Байдалы шал да, Көлбай керең де астар болмай қалады,- дейді апам. Соғыстан бұрын, той-мереке кездерінде балуан деген еркектеріңнің өзімен белдесіп күреске түсіп, талай рет бәйге алыпты.
Ырысбек — бейнесінде зұлымдық пен қатігез соғыс зардабы астасып жатыр.
Эмма — ұзын бойлы, сары шашты, көк көзі мөлдір аспандай тұп-тұнық, жасы жиырма бестердегі неміс қызы.
Мәри — жұрт «әртістің қызы» дейді, әкесі әртіс бопты. Әртіс әкесі соғысқа кеткен соң шешесі біздің ауылдағы төркіндерін сағалап қаладан көшіп келген. Қазір шешесі, бірінші класта оқитын інісі үшеуі ғана тұрады. Жұқалтаң ақ құба өңі, қаламмен сызғандай қиылып тұратын қасы мен көзі сүйкімді-ақ. Өзінің мінезі де жақсы. Әсте мұңаю, қынжылу дегенді білмейді, қашан көрсең сықылықтап күліп жүргені.
Есенбай — жасы елуден асқан, екі ұртының үстінен жалбырап тұратын сабалақ мұрты бар, өзі көмірдей қара кісі. Трактор жүргізуді былтыр оқып үйренді.
Повестегі жер-су атаулары
Кіші Ақбел, Қоғалыбұлақ, Күреңбел, Жарбұлақ — тарам-тарам сай-жыралардың тоғысқан тұсындағы табиғаттың өзі апан құсатып ойып тастаған төңірегі биік жарқабақты терең сай.
Достарыңызбен бөлісу: |