С.Мәуленов поэзиясындағы халықтар достығы тақырыбы
Қазақ поэзиясына нағыз сыршыл сезімді, шынайы, көркем бейнелі өлең үлгісін әкелгендердің жуан ортасында дүр тұлғалы Сырбай ақынның орны өзгеше. Қан майданда қар жастанып, мұз төсендірген соғыстың қайғы-қасіретін, өмір мен өлім айқасын өз көзімен көруі, көңілге түюі – ақын жырларының аясын кеңейтіп, көрген-білгенін ойында терең қорытып, тіршілік философиясына айналдыруына себепші болғаны анық. Сұм соғыста бір қолын жоғалтып, жарадар болып қайтса да ақын 58 кітап жазған екен. Тәні ғана емес, жаны да мүгедек болып келсе де мөлдір сезімді жастық отынан, жан сұлулығынан ажыратпаған. Әсіресе, соғыс тақырыбында жан сарайыңды өртеп өтер өлмес, өшпес өнеге үлгілерін жасап қалдырды. Бұл тақырыптағы қазақ поэзиясының алтын қорын байытқан «Түбірлер», «Соғыстан қайтқан солдаттар» өлеңдерін ауызға алсақ та жетіп жатыр. Қасиет пен киеге суарылған мұндай өлеңдер ақынның жыр кітаптарында молынан ұшырасады. Сонымен қатар, Сырбай Мәуленов заманауи ақын, себебі бүгінгі заман оның барлық өлеңдерінде бар уайыммен және үреймен өмір сүреді. Бірақ бұл тақырып жер бетінде өмір сүргендердің ең басты жауапкершілігі – өткен мен болашақ алдында бағынышты. Бұл идея шайқасқа түскендерге арналған жолдарда жазылған.
Сырбай Мәуленовтың өлеңінің лирикалық кейіпкері өлімді жеңіп, майдандас достарын қайта тірілтеді. Өйткені, олардың алда жаңа биіктер мен шекаралар, жеңіске жетудің ұлы жолы тұрды. Достық ұғымы ол үшін-биік болды. Ақынның поэзиясы бізге адамдар бәрін жеңе алады, олар жақсы болашақты құра алады деген мақсатты тағы да еске салады. Сырбай Мәуленов туған жеріне, табиғатқа үлкен құрметпен қарайды. Сол себепті ақын шығармаларында Отан қай жерде болмасын, адаммен бірге жүретін, аспанда қалықтаған қарлығашпен байланыстырылады. Сырбай Мәуленов өлеңдерінен қазақ ұғымына жақын ұлттық өрнекпен өрілген теңеулерді өте көп кездестіруге болады. Ақын қолданған теңеулер және олардың мазмұндығындағы ақпараттардан ертеден күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрімізді айқындауымызға болады.
Жарқыраған басында
Қардан аппақ сәукеле.
Жатады күн қасында
Көкірегін тау кере.
Қарағанды адырға
Тартылған кемпірқосақтай.
Бөлейді қырды жалынға
Теміртау темір ошақтай.
Ақын бірінші мысалда теңеу образы қызметін атқарып тұрған сәукеле сөзін таудың ең жоғары бөлігін безендіруге қолданып тұр. Қазақ халқында сәукеле – этномәдени атауға ие болған зат атауы. Келесі мысалда Теміртау қаласы темір ошақпен салыстырылған. Қазақ ұғымынды ошақ киелі болып есептеледі.
«Жарқылдап найзағайдай ар – намысым,
Күңіренем сөніп қалған арман үшін.
Мен жүрмін электрлі бағандармен,
Солардың шоғын үрлеп жалғау үшін»,- деп өзіне қатаң талап қойған, отты да сыршыл жырларынан қайсарлығының қуаты көрінген қасиетті тұлға Сырбай Мәуленов қаламынан туған туындыларлың қай – қайсысы болмасын оқушының жан сезімімен қапысыз үндесіп, толық бірлік табатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |