Оқу жылы Ұлттық бірыңғай тестілеу


Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не?



бет4/5
Дата01.12.2023
өлшемі167.62 Kb.
#485131
түріОқулық
1   2   3   4   5
ҰБТ ПАПКАСЫ 11 сыныбы

Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не?

Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде бес жыл бойына талапкерлердің білімін бағалауда тапсырмаларды шешуге барынша әділдікті және мемлекеттік білім грантын беру мен мемлекеттік білім кредиттерін ұсыну мәселелерінде әлеуметтік әділдікті шешуге мүмкіндік беретін кешендік тестілеу технологиясы қолданылып келеді.


Ұлттық бірыңғай тестілеу дегеніміз не? Ол республикада қандай мақсатпен енгізілуде? Жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз ететін білім жетістіктерін сырттай бақылау жүйесін жасау мақсатында 2004 жылы республикада ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) еңгізілген – ол білім ұйымдарынан тәуелсіз білім сапасын бағалайтын жаңа технологияларға негізделген мектеп бітірушілерін мемлекеттік аттестаттауды және колледждер мен жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын біріктіретін мемлекеттік жүйе. ҰБТ-ның негізгі міндеттері бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасына мемлекеттік бағылау мен басқару жүйесін қамтамасын ету, білім сапасын бағалаудың әділдігін дұрыстығын арттыру болады. ҰБТ-ны енгізу білім беру ұйымдарының қызметін әділ бағалауға, олардың нақты рейтингісін анықтауға, мұғалімдер мен оқушылардың оқуда жақсы нәтижелерге жетсем деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді. ҰБТ- ның басты міндеттері - бірыңғай өлшеуіш материалдардың көмегімен мемлекеттік бақылауды және білім беру сапасын басқаруды, білім беру сапасын бағалаудың әділдігін сенімділігін арттыру мониторингісі болып табылады. ҰБТ – ны жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері ерікті түрде тапсыратын болады. ҰБТ – ны ағымдағы оқу жылында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына колледждеріне түсем деп ниет білдірген бітірушілер тапсырады. Ерекше үлгідегі аттестат және «Алтын белгі» белгісін үздік аттестатты алуға үміткер бітірушілер үшін ҰБТ тапсыру міндеті.
ҰБТ оқушылар білімін тез әрі жан - жақты бақылау мен бағалауда тиімді әдіс болып табылуда. Сондықтан бүгінгі таңда осы әдіс жаппай қолданылуда.
ҰБТ-ға дайындық (оқушыға кеңес)



  • Сабаққа орын дайында; үстелдің үстінен керек емес заттарды алып таста, керек оқулықтарды, құралдарды, дәптерлерді, қағаздарды, қарындаштарды ыңғайлы орынға қой.

  • Бөлменің интерьеріне сары және күлгін түстерді енгізіп қойыңдар (олар интеллектуалдык белсенділікті жоғарлатады). Осы үшін сурет немесе эстампа қажет.

  • ҰБТ-ға дайындық жоспарын жасаңдар. Біріншіден:

Кімсіз – «үкі» немесе «бозторғай», осыған орай таңертеңгі немесе кешкі сағаттарын пайдаланып, әр күнге дайындық жоспарын жасағанда, бүгін не оқу қажет екенін анықтау керек

  • Білмейтін материалдан, қиын саласынан бастаңдар. Егер сендерге бастауға қиын болса, қызықты және ұнайтын материалдан бастаңдар. Оқу мен демалысты кезектеңдер: 40 минут сабақ, 10 минут – үзіліс. Үзіліс кезінде гүлдерге су құюға, ыдыс-аяқты жууға, дене шынықтыру жаттығуларын жасауға, душ қабылдауға болады.

  • Осы пән бойынша әр түрлі жарияланған тесттерді көп орындаңдар. Осы жаттығулар сізді тест тапсырмаларының құрылысымен таныстырады.

  • Секундамер арқылы жаттығу жасаңдар, тест орындалудың уақытын белгілендер (1 тапсырмаға ең көбі – 1,5 мин кетсін).

  • Емтиханға дайындалу барысында зор жеңістің суретін ойыңызға салып отырыңыздар. Ешқашанда тапсырманы орындай алмаймын деп, ойламаңдар.

  • Қиын мәселелерді қайталауға емтихан алдында бір күнді қалдырыңдар.



ЕМТИХАН АЛДЫНДА.
Көбісі - емтиханға толық дайындалу үшін соңғы, бір түн жетпейді деп, ойлайды. Бұл дұрыс емес. Сіз шаршадыңыз, өзіңізді қажыту керек емес. Керісінше: кешкі серуенді жасап, ұйықтау алдында душ қабылдаңыздар. «Тұлпар» сезіммен ояну үшін, рақаттанып ұйықтаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет