ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін (сонымен бірге инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын) Ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



бет10/37
Дата22.02.2016
өлшемі2.85 Mb.
#57
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

Білім берудің негізгі түрлері оқушылардың оқу-тәжірибелік, жобалау іс әрекеті болып табылады. Жаттығулар, оқу-тәжірибелік жұмыстар, жобалау әдісі басым әдістері болып отыр. Бағдарламада қарастырылған барлық тәжірибелік жұмыс түрлері материалдарды өңдеудің әртүрлі технологияларын, электромонтажды, құрлыс-әрлеу және жөндеу санитарлық-техникалық жұмыстарын, тағам әзірлеу, жеңіл тігін өнеркәсібінің негіздерін, есептеу және жобалау операцияларын меңгеруге бағытталған.

Мұғалім бар мүмкіндіктеріне сәйкес бағдарламада ұсынылған технологиялық операциялар топтамасын қамтамасыз ететін еңбек нысандарын таңдай алады. Сонымен қатар оқушының жасының шамасына сәйкес еңбек нысанын таңдап, оның қоғамдық және жеке құндылығы ескеріледі. Оқушылдар орындайтын практикалық жұмыстардың түрлері түсінікті, ұтымды, экологиялық талаптарға сәйкес болуы тиіс. Мұғалім жергілікті және жеке эстетикалық қызығушылықтарына сәйкес өзі тапсырмаларының варианттарын қосуға құқысы бар.

«Қазіргі заман өндірісі, техникалық және кәсіби білім беру» (9-сынып) жаңа бөлім техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіби іс әрекетке қойылатын жаңа талаптар, кәсіп туралы түсінік, мамандық және жұмыскердің кәсіби дәрежесі, мамандық таңдауға тұлғалық қасиеттердің әсері, аймақтық еңбек нарығы және білім саласында қызмет көрсету туралы мәселелер қарастырылады.

Сабақтар ағаш, метал өңдеу шеберханасында, немесе құрамдастырылған шеберхана базасында өткізіледі. Технологиялық операцияларын орындау барысында оқушылардың еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етілуіне үлкен назар аударылуы керек. Электрқауіпсіздігі, санитария мен жеке гигиенасын сақталуына ерекше назар аударылуы тиіс.

Сабақта қолдан жасалған электромеханикалық құралдар мен технологиялық машиналар қолдануға тыйым салынады. Кіріктірілген сипаттағы «Технология» пәні пәнаралық байланыстарды қолдану негіздерінде құрылуын көздейді. Есептеу операциялары және өлшем алуда алгебра мен геометриямен, материалдардың қасиеттерінің сипаттамасында химиямен, машина мен механизмдердің жұмыс принциптерін және құрылымын оқытуда физикамен, сәндік қолданбалы өнер технологияларын оқытуда тарих пен өнермен байланыстырылады.

Қала, ауыл және шағынжинақты мектептерде ұлдар мен қыздар тобына бөлі сыныптың толықтандыруына қарамастан бөлінуі жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 5-9-сынып оқушыларына (қыз балалар) келесі бөлімдер бойынша тақырыптар беріледі (6-кесте):


6-кесте - 5-9-сыныптарда қыз балаларға арналған бөлімдердің тақырыптары

Ауыл мектептерінде

Қала мектептерінде

1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен танысу. Мата өңдеу технология-сы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар) Мата түлерімен танысу. Киімді күту. Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру. технологиясы.

9. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар. Көкө-ніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы.

10. Жоба.

11. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.


1. Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі.

2. Тағам әзірлеу технологиясы.

3. Маталармен таныс. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайын-дау және көркем әшекейлеу (белдемше, шалбар) Мата түлерімен танысу. Киімді күту Машинатану элементтері.

4. Сәндік қолданбалы өнерінің элементерімен көркем материалдарды өңдеу технологиясы.

5. Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік.

6. Тұрғын үй ішкі көрінісі.

7. Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы.

8. Жоба.

9. Кәсіби қызмет ету саласының технологиясы.

«Технология» пәні бойынша 5-9-сыныптарында оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағатты, оқу жылы ішінде 34 сағатты құрайды.


Сызу

«Сызу» – білім алушылардың графикалық мәдениетін қалыптастыруына, кеңістіктік ой қабілетін және шығармашылық потенциалын дамытуына бағытталған курс. Графикалық мәдениет деген адамзаттың ақпарат алмастыруға арналған графикалық әдістер игеруіндегі жетістіктер жиыны. Мектепте білім беруге қатысты алатын болсақ, графикалық мәдениет дегеніміз білім алушының сызба орындауы және оны оқи білу сапасымен бағаланатын графикалық әдіс-тәсілдері мен ақпарат алмастыру әдістерін игеру деңгейі. Техникада, ғылымда, өндірісте, дизайнда және басқа салаларда қолданылатын графикалық тілді игеру оқушының графикалық мәдениетін қалыптастыратын процесс болып табылады.

Сызу курсын оқытуда келесі мақсаттарға жету көзделеді:


  • логикалық және кеңістіктік ойын дамыту;

  • геометриялық білімді негізге алып тәжірибелік жұмыс дағдыларын дамыту;

  • еңбектену іс-әрекеті дағдыларын дамыту: ұзақ күш салуға және интеллектуалдық жүктемеге қабілеттілікті, дербестікті және шыдамдылықты, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді;

  • функционалдық графикалық сауаттылығын дамыту;

  • шығармашылық потенциалын және эстетикалық талғамдарын дамыту.

Бұл мақсаттарға сәйкес мынадай оқыту міндеттері шешілуі тиіс:

  • бір, екі және үш проекция жазықтығына тік бұрыштап проекциялау негіздері туралы білімді, сызбаны (эскизді) және аксонометриялық проекциялар мен техникалық суреттерді құру әдістері туралы білімдерін қалыптастыру;

  • әртүрлі арнауы бар тетікбөлшектердің және модельдердің қарапайым сызбалары мен эскиздерін, аксонометриялық проекциялары мен техникалық суреттерін орындауды және оқуды үйрету;

  • нәрсенің пішінін және оның құрылымдық ерекшеліктерін талдау арқылы, онымен қоса кеңістіктік бейнені проекциялық кескіндерінен және ауызша суреттеу арқылы ойша қайтадан жасау әдістерін пайдаланып, статикалық және динамикалық кеңістіктік ойлау қабілетін дамыту;

  • оқулық және анықтамалық материалмен өздігінше жұмыс істеуді, Интернет-ресурстардан білім алуды үйрету;

  • кескіні бойынша нәрсені ойша өзгерту жалпыинтеллектуалдық қабілетін қалыптастыру арқылы білім алушылардың кеңістіктік ойын дамыту;

  • графикалық білімдерін жаңа ситуацияларда қолдана білу, графикалық компьютерлік бағдарламаларда қарапайым сызба құруды үйрету.

Пәннің ерекшелігін ескере отырып, сабақ уақытын тиімді пайдалану және сабақтан тыс жұмысты ұтымды ұйымдастыру үшін сызу сабақтарын жұптап өткізген қолайлы болады.

Нәрсенің пішінін талдау дағдыларын қалыптастыруға, яғни проекция жазықтықтарына кескіндеуге, пайда болған кескіндерді талдауға, геометриялық денелерді, тетікбөлшектерді тануды қамтамасыз ететін жеке белгілерін анықтауға алғашқы сабақтан бастап ерекше назар аудару қерек.

Проекциялауды үйрету бір, екі және үш проекциялар жазықтығына біртіндеп күрделендіре отырып кескін тұрғызу арқылы ұсынады.

Графикалық жұмыстын өнімсіз элементтерін болғызбауға тырысу керек (мысалы, есеп шартын және дайын сызбаларды көшіріп сызу). Тапсырмаларды орындау үшін пішімі А4 (торкөз) жұмыс дәптерін пайдаланған дұрыс.

Сызбаның орындалуына да оқуына да ықыласпен қарау керек.

Аксонометриялық проекцияны орындаудын ұтымды әдістерін тандап алуға көңіл бөлген жөн. Уақытты үнемдеу үшін кей кезде изометриялық проекцияны техникалық суретпен алмастыруға болады.

Құрылымдарды орындауда білім алушылардың белгілі бір іс-әрекет алгоритмін қалыптастыруын көздеу қажет. Бұл сызбаны тексеру кезінде де өзекті мәселе болып табылады.

Білім алушыларды құрастыру сызбасын оқуға үйрету барысында бұйым туралы ақпаратты оқудын белгілі жүйелілігін қалыптастыру арқылы бұйымның геометриялық пішіні туралы, тетікбөлшектердің өзара орналасуы мен біріктіру түрі және басқа да техникалық және технологиялық сипаттамалары туралы қажетті мәліметтерді алуды үйрету керек.

Құрастырылған бұйымның құрамына кіретін тетікбөлшектердің эскизін немесе сызбасын орындау құрастыру сызбасын оқудың және бөлшектеудің ептілігін қалыптастырады. Оқу уақытының көбі тәжірибелік жұмыс орындауға бөлінуі қажет. Міндетті графикалық жұмыстардан тыс сызу пәні сабақтарында түрлі графикалық есептерді қолданған дұрыс.

Білім алушылардың танымдық қызметін жандандыру оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдануымен және сабақтың әдістемелік қамтылуымен жүзеге асады.

Сызуға оқыту барысында әр білім алушының өзіне тән ерекшеліктерін (дарындылығын, ойлау қабілетін, жеке мүддесін) есепке алып, оқушылардың интеллектуалдық даму деңгейін біртіндеп көтеруге болады.

«Сызу» курсының аяқталған өзгешелігі мынада: сызба геометриясының негіздері мен геометриялық объектерді проекциялау әдістері берілген, сызбаны орындау мен оны рәсімдеу ережелерінен құралған КҚБЖ стандарттары қарастырылған, машина жасау және құрылыс пен топографиялық сызудың жалпы мәліметтерінен туратын техникалық сызу негіздері жүйелі түрде берілген.

Қазіргі қоғамның ақпараттандырылу жағдайына сай «Сызу» пәнінің аса маңызды бағыты ол білім алушылардың графикалық редакторларды (AutoCAD, Компас және т.б.) пайдалану негізінде ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана білу қабілеттерін дамыту.

Графикалық жұмыстардың барлығы А4 немесе А3 пішіміне (оқытушы қарауына) орындалуы тиіс.

Міндетті графикалық жұмыстармен қоса білім алушылар дәптерінде машықтандыратын жаттығулар және тәжірибелік тапсырмалар орындалуы керек.

«Сызу» пәніне 9-сыныпта сағат саны аптасына 2 сағат, оқу жылына 68 сағат қарастырылған.



3.7 «Дене шынықтыру» білім саласы
Дене шынықтыру

«Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене шынықтыру қызметі, оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған.

Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды.



Оқыту мақсаты:

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

  • физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

  • салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

  • денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

  • дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

  • өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастырып тәрбиелеу;

  • тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұны адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері және Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы берілген.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:



  • мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (немесе түзетулер енгізуге) құқылы;

  • «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қайсыбір қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

  • мұғалім қай сыныпта болмасын балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

  • оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

  • оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

  • дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады: а) бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері; ә) мұғалімнің таңдауы бойынша бақылау оқу нормативтерінің нәтижелері.

«Шаңғы дайындығы» және «Жүзу» тараулары бойынша сабақтарды толық мәнінде жүргізуге мүмкіндігі жоқ республиканың аймақтарында оларды алмастыру ұсынылады. Мектеп ұжымының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша бұл сабақтар тиісінше дала жарысымен (кросс дайындығымен) және гимнастикамен (ырғақты, атлетикалық, кәсіби-қолданбалы) алмастырылуы мүмкін.

«Денсаулық күні» оқу жылы ішінде 3-4 рет каникул кезінде ұйымдастырылады.

«Дене шынықтыру» пәнін оқыту барысында оқушыларды топқа бөлу медициналық тексерістің нәтижесі көрсетілген анықтаманың негізінде іске асырылады.

«Дене шынықтыру» пәні сабақтарын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы әдістемелік құралдар әзірлеп, орталықтың сайтына орналастырылған (www.nnpcfk.kz).

Үлгілік оқу жоспарына (ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі № 296 бұйрығына) сәйкес «Дене шынықтыру» пәні бойынша 5-9-сыныптарда оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағаттан, оқу жылы ішінде әр сыныпта 102 сағаттан құрайды.

4 Жалпы орта білім деңгейіндегі пәндерді оқыту ерекшеліктері
4.1 «Тіл және әдебиет» білім саласы
Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерге арналған «Қазақ тілі» пәні

Болашақ бағдарын айқындайтын Елбасының «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы Қазақстан дамуындағы аса маңызды межелерді анықтап берді.

Білім сапасы көтерілмей, еліміз қарқынды дамудың жолына түсе алмайды. Мұны Елбасы бұрынғы жолдауларында да, басқа да сөйлеген сөздерінде айтып жүр. «Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», - дейді Жолдауында Н.Ә. Назарбаев.

Елбасымыз өз сөзінде «... Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – «Мәңгілік Ел» идеясы. Ендігі ұрпақ - Мәңгілік қазақтың перзенті. Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – «Мәңгілік Ел» - деп, қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген жиі талқыға түсіп жүрген сауалға нақты жауап берді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ үшін ұлттық идея айқын, ендігі міндет болашағымызға бағдар ететін – «Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастыру жолында қызмет ету.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспардың басты мақсаттарының бірі – оқыту методологиясы мен мазмұнын түбегейлі жаңарту. Ол үшін мұғалім білім алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана алатындай негізгі құзыреттіліктерді сіңіруі керек. Олар:

- басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);

- ақпараттық (өз бетінше ақпараттар көздері арқылы үнемі білімін көтеріп отыруы, сол арқылы танымдық қабілетін ұштау);

- коммуникативтік (үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын (шет) ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау);

- әлеуметтік (қоғамда, өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті);

- тұлғалық ( өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға қажетті білім, білік, дағдыларды игеру, болашақ өзі таңдаған кәсібін өзі анықтау, оның қиыншылығы мен күрделілігіне төзімді болу);

- азаматтық (қазақ халқының салт-дәстүрі, тарихы, мәдениеті, ділі, тілін терең меңгеріп, Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі);

- технологиялық (әр азамат өз мамндығына қарай ақпараттық технологияларды, сандық технологияны, білім беру технологияларын сауатты пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндік құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс.

Еліміздің білім беру жүйесі тілді оқытуды дүниежүзілік стандарттық үлгілерге жақындастыруды және оларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын іздестіруді міндеттейді. Осыған сәйкес 10-11-сыныптардағы қазақ тілі пәні тілдің танымдық, коммуникативтік, кумулятивтік, экспрессивтік т.б. қызметтерін қатар әрі өзара бірлікте меңгертуді көздейді.

Жалпы орта білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттардың ерекшеліктеріне сәйкес айқындалған.

Пәнді оқытудың басты мақсаты: ұлттық және әлемдік құндылықтарды салыстыра түйін жасай алатын, ҚР халықтары мен әлемдік қоғамдастықтың мәдениетін игерген, қоғамда қолдануын талап етілетін тілдердің коммуникативтік құзыреттіліктерін игерген Тұлғаның даралануы мен әлеуметтенуіне мүмкіндік жасайтын тілдің лексика-фразеологиялық, грамматика-стилистикалық, мәдени-этикалық және шешендік нормаларын меңгерту, жоғары деңгейде күрделендірілген түрлі жанрдағы мәтінді салыстыру, талдау, ойқорыту әрекеттерін жетілдіру, мәтін түрлеріне сай тілдік бірліктерді қолдана алу біліктілігін арттыру, ғылым негіздері мен жаңа технологияларды мақсатқа сай қолдану әдістерін игерту, тілдік бірліктерді сөйлеу әрекетінде нормаларға сай қолдануға төселдіру.



Пәнді оқытудың міндеттері:

    • қазақ тілінің байырғы тіл екендігін тіл дамуындағы кезеңдерді оқыту арқылы меңгерту;

    • қазақ тілінің байлығын мәдени мұралар тілін талдату арқылы игерту;

    • сөз байлығы ұғымына енетін лексика-фразеологиялық, морфологиялық, синтаксистік жүйелерді меңгерту;

  • тілдің табиғи қасиеттері мен функционалды қасиеттерін ажырата білгізу;

  • тілдік құзыреттілікті қалыптастыратын тәсілдерді меңгерту;

  • стиль түрлеріне сай тілдік бірліктерді таңдап қолдануға төселдіру;

  • сөйлесім әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту;

  • ұлттық этикет нормаларына сай тіл мәдениетін жетілдіру;

  • сөз мәдениеті мен шешендіктің бірлігін, сабақтастығын таныту;

  • шешендік өнердің тұлға қалыптастырудағы және тұлғаны әлеуметтендірудегі рөлін пайымдату;

  • шешендік өнердің адамның мінез-құлқын тәрбиелеудегі күшін таныту; пікірталас мәдениетіне төселдіру;

  • мәтін құраудың және диалогқа түсудің амал-тәсілдерін меңгерту;

  • тілдің қатысымдық қызметін тілдік жағдаяттарда қолдануды меңгерту;

  • ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай білуге төселдіру;

  • зерттеу және шығармашылық әдістерді тиімді қолдану біліктілігін қалыптастыру;

  • сөйлеудің ауызша және жазбаша түрлерінде тілдік бірліктерді мақсатқа сай қолдана білуге жеткізу;

  • шешендіктің дамуына қойылатын алғы шарттарды өмірден алынған фактілер бойынша негіздеу;

  • қазіргі шешендіктің түрлерін меңгерту;

  • тілдің мәдени-этикалық нормаларын меңгерту;

  • ұлттық құндылықтар мен әлемдік адамзаттық құндылықтарды салыстыра пайымдату;

    • әлеуметтік ортаның ерекшеліктерін шешендікпен дұрыс бағалауға төселдіру;

    • қоғамға жат құбылыстарға, идеологиялық, діни ағымдарға және заңды бұзушылық әрекетке қарсы көзқарасын шешендікпен негіздеудің және жұртты сендірудің тәсілдерін меңгерту.

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта сөз мәдениеті және шешендік тілдің жоғарыда айтылған қызметтерін тереңдеп оқытуға бағытталған.

Жаратылыстану-математикалық бағытта оқушылар сөз мәдениеті мен шешендік өнердің талаптарын білуге ұмтылады. Сөз мәдениетінің нормалары өзіндік мені қалыптасып келе жатқан жастың тілдің қатысымдық қызметін орнымен пайдалануға, кәсіби бағдарын айқындауға көмектеседі.

Оқыту үдерісінде «Қазақ тілі» пәні төмендегі оқу пәндерімен тығыз байланыста оқытылады:

1) «Қазақ әдебиетімен»: қазақ тілі қазақ әдебиетімен тығыз байланысты;

тіл – әдебиеттің бірінші элементі; қазақ тілін оқытып-үйретуде кез келген көркем туынды; әдеби шығарма тіл үшін құнды материал болып саналады, көркем шығармаларды оқу барысында стиль түрлерінің авторлық қолданысын ажырата білу, әдеби шығармалар арқылы оқушының көңіл күйін, сезімін ояту, көркемдік тәрбие беру, әдеби шығармаларды талдау арқылы сөз мәдениетіне үйрету көзделеді;

2) «Қазақстан тарихымен»: Қазақстан тарихы пәнімен байланыстырып оқыту оқушының тілді ұлттық құндылық ретінде тануына мүмкіндік береді; тілді тарихпен байланыстыра оқыту ұлттық дүниетанымға негізделген білім қорын тілдік деректер арқылы дәйектеуге мүмкіндік береді; қазақ тілінің пайда болуы, дамып жетілуі оның тарихымен тығыз байланыста болғандықтан, оқушылар тарихи деректерді пайдаланып, өзіндік ой-тұжырымдар жасай біледі;

3) Жаратылыстану циклі пәндерімен: тілдік материалдардың мазмұны жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болады; биологиямен байланыстыру тілді жанды құбылыс ретінде тануға мүмкіндік береді; басқа пәндермен сабақтастыра оқыту қазақ тілінің терминдер жүйесімен тығыз байланысты; тіл дыбыстары физикалық құбылыс ретінде танылады;

- дыбыстау мүшелерінің қатысы тұрғысынан физиологиямен, компьютермен, қазіргі радио, теледидар тілімен де байланысты;

- танымдық бағытта берілетін материалдар жаратылыстану пәндерінің мазмұнымен тікелей байланыста болғандықтан, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырады.

Оқушылардың тілдік біліктілігін одан әрі жетілдіре түсу және сөйлеу мәдениетінің ерекшеліктеріне сай сөйлесім дағдыларын жетілдіру, пікірталас әдебін меңгерту мақсатында арнайы курстар ұйымдастырылады. Мысалы, 10-сыныпта: «Сөз байлығы»; «Тілдік норма және стиль», «Этнолингвистикалық атаулар сыры», «Сөз мәдениетінің негіздері»; 11-сыныпта: «Ұлттық шешендіктанудың алғашқы бастаулары», «Шешендік сөз – шеберлік өрнегі», «Журналистика және баспасөз негіздері», «Пікірталас мәдениеті» сияқты үлгі-тақырыптарды алуға болады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің көлемі.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт: 10-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 11-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат.

Жаратылыстану-математикалық бағыт: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

Әрбір тоқсанда алынатын бақылау жұмысының (тест, эссе, диктант, т.б.) саны сол сыныптағы апталық сағат санымен сәйкес келуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет