Оқу жылындағы қабылдау комиссиясының жұмысы туралы есебі қабылдау комиссиясының жұмысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 19. 01. 2012 ж


Диаграмма 1 Факультеттер бойынша



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі465.08 Kb.
#15621
1   2   3

Диаграмма 1

Факультеттер бойынша

Педагогикалық факультет




Физика-математика факультеті










Тарих және құқық факультеті










Экономика және басқару факультеті









Мәдениет және өнер факультеті



Филология факультеті





Жаратылыстану-географиялық факультет


Диаграмма 2

Білім гранты конкурсына қатысушылар туралы сандық көрсеткіш

8-кесте
Мемлекеттік білім грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет




Жылдар

Конкурсқа қатысушылардың саны

БҚМУ грантын иеленгендер туралы сандық мәлімет

%



2009

2074 талапкер

289 грант

13,9



2010

2083 талапкер

217 грант

10,4



2011

2517 талапкер

246 грант

9,7



2012

2340 талапкер

365 грант

15,5



2013

2004 талапкер

196 грант

9,7

Құжаттарын тапсыру кезінде 2004 (2011 ж. – 2517, 2012 ж.- 2340) талапкердің 1170-і (2011 ж. –1237, 2012 ж. - 1474) 1-мамандықтары бойынша біздің университет мамандықтарын таңдады. Бұл конкурсқа қатысушылардың жалпы санының 58,3% құрайды, ал былтырғы жылда бұл көрсеткіш 62,9% құрады, 2011 ж. – 49,1%. Олардың ішінде 169 (2011 ж. – 194, 2012 ж.- 301) талапкер мемлекеттік білім гранты иегерлері атанды. Сонымен қатар, 27 талапкер басқа жоғары оқу орындарынан университетімізге түсті (2011 ж. – 50, 2012 ж. – 64).



Қорытынды: Білім гранттарын ұтып алу мөлшері конкурсқа қатысушылардың санымен емес, бірінші БҚМУ-ды таңдаушылардың артуымен, олардың балл санының жоғары болуымен түсіндірілуі керек және құжат қабылдағанда осыларға екі тілде түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл аудару керек.

Кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізу кезінде талапкерлердің назарын БҚМУ мамандықтарының грант динамикасының өсуіне аудару кажет. Грант тенденциясының төмендеуін ескере отырып, мамандықтардың жағдайын арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік, ақпаратты-үгіттеуде бірқатар шаралар қабылдау қажет.


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне талапкерлерді күндізгі бөлімге қабылдауды өткізу және ұйымдастыру
Университетте оқу бюджеттік және ақылы негізде жүргізіледі.

ҰБТ тесттерінің спецификациясының өзгеруі (әсіресе математика және ҚР тарихы пәндері бойынша), ҰБТ тапсырғаннан кейін ҚР БжҒМ бекіткен өту деңгейінен өтпеген (50 балдан) бітірушілер санының ұлғайуы, орта білімнен кейін сырттай оқу түрінің жабылуы, техникалық және кәсіптік білім түлектеріне кешенді тестілеу енгізу сияқты биылғы жылдың төмен деңгейін ескере отырып, күндізгі бөліміне ақылы негізінде оқу өсуді жаман емес деуге болады.


Диаграмма 3
2007-2013 жж. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетке оқуға түскен студенттер санының көрсетілім диаграммасы

Университет мамандықтарының ақылы бөлiмге түсу динамикасын қарастыруда күндiзгi оқу түріне қабылданғандар санының өсу тенденциясын байқауға болады.



Диаграмма 4

9-кесте
Қабылдаудың қорытындысы бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетіне түскендердің сандық құрамы

Жыл


Мемлекеттік білім

гранты


Ақылы бөлім

Университет бойынша студент саны

Күндізгі

Сырттай

Барлығы

Күндізгі

Сырттай

Барлығы

Күндізгі

Сырттай

Барлығы

2010

183

31

214

449

344

793

632

375

1007

2011

216

28

244

789

609

1398

1005

637

1642

2012

327

34

361

859

472

1331

1186

506

1692

2013

180

17

196

916

421

1342

1096

438

1534

























Диаграмма 5




Диаграмма 6


10-кесте

Грант және ақылы негізінде түсүшілердің % көрсеткіші

Жыл

Грант

Ақылы

Барлығы

саны

%

саны

%

2006

570

32

1186

68

1756

2007

423

28

1493

72

1916

2008

533

36

952

64

1485

2009

289

24

912

76

1201

2010

217

22

788

78

1005

2011

244

15

1398

85

1642

2012

361

20

1331

80

1692

2013

196

13

1342

87

1534


Қорытынды:

1. Талапкерлер құжаттарын тапсыру кезінде университеттің мамандықтарын 1ші -мамандық етіп көрсетуді, үгіт-насихат жұмыстары және дайындау кезінде дұрыс мағлұмат (соның ішінде әртүрлі бейнеу және т.б. жарнама материалдар арқылы) беруді жолға қоюымыз керек.

2. Қабылдау комиссиясының құрамындағы техникалық хатшылар құрамы техникалық жұмыстарды атқарады, ал талапкерлерді мамандыққа байланысты ақпаратпен қамтамасыз ету, жаңа ережелерді түсіндіру, сонымен қатар даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы болып табылады. Қабылдау комиссиясының құрамы құжат тапсыруға келген талапкерге бағыт-бағдар жұмыстарымен қатар, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өз жұмыстарында қателіктер жіберіп жатады.
Сырттай бөлімге қабылдау жұмысын ұйымдастыру
Биылғы жылы сырттай бөлімде оқуға тілек білдіргендер негізінен колледж түлектері және жоғары оқу орындарын бітірген талапкерлер болды.

Сондықтан да, колледж бітірушілерімен жұмысты дұрыс жүргізуді қолға алсақ, тек ақылы бөлімге ғана емес, білім грантын ұтып алып, қысқартылған оқу бөліміне оқуға да мүмкіндіктер бар.

Сырттай (3 жылдық) бөліміне 2013 жылы 17 талапкер білім грантына ие болды (2010 ж. – 11 грант, 2011 ж. – 18 грант, 2012 ж.-34 грант).

11-кесте
Сырттай бөліміне тапсырғандардың сандық құрамы


Жыл

Грант

Ақылы

Барлығы

2006

50

518

568

2007

35

660

695

2008

36

453

489

2009

35

499

534

2010

31

342

373

2011

28

(соның ішінде, 18-і - 3 жылдық)



609

637

2012

34

(3 жылдық)



472

506

2013

17

(3 жылдық)



421

438

Ақылы бөлімдегі студенттер санының өсуі, оқу ақысында қарастырылған жеңілдіктерге байланысты, сонымен қатар оқу ақысы Қазақстанның басқа аймақтарымен салыстырғанда төмен болуына байланысты.



Қорытынды: Кафедралардың жұмыс жоспарына колледжді бітірген түлектерге кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуді қосу керек. Колледжді бітіретін түлектермен қысқартылған оқу түріне гранттарды ұтып алу мүмкіндіктері туралы кеңестер мен дайындық курстарын өткізуді жолға қою керек. Қазақстанның көрші аймқтарында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жандандыру қажет.
Кешенді тестілеу жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

Кешенді тестілеуге қатысуға өтініштерді қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жүзеге асты. Кешенді тестілеу 2013 жылдың 19-22 шілде күндері өткізілді. 3752 (2012 ж. -1592) адам құжат тапсырып, мәліметтер базасына енгізілді. Кешенді тестілеуге 3752 талапкер қатысты. КТ тапсырушы 3752 талапкердің 794 (2012 ж.-531) қажетті 50 балдан асып отыр -21,16 (2012 ж.-33,95 %). 2958 (2012 ж.- 1033) талапкер қажетті балл көлемін жинай алмады, бұл 78,8 (2012 ж.- 66,05) пайызды құрап отыр.
12-кесте
Кешенді тестілеудің қорытындысы


Жыл

КТ тапсырғандардың саны

Белгіленген деңгейден өтпей қалғандардың % көрсеткіші

2006

1753

50

2007

1297

50

2008

906

50

2009

996

72

2010

787

61

2011

833

76

2012

1564

66

2013

3752

79

79 % талапкердің кешенді тестлеуіде төмен балл жинап өтпей қалуы дайындықтың өте төмен екенін көрсетеді.

Қабылдаудың нәтижесі бойынша оқудың күндізгі бөліміне орта білімнен кейін – 1058 адам (2011 ж. – 949, 2012 ж. - 1131), техникалық және кәсіптік білімнен кейін – 38 адам (2011 ж. – 56, 2012 ж.- 55) қабылданды. Барлығы – 1096 адам (2011 ж. – 1005, 2012 ж. - 1186).

Сырттай оқу түріне техникалық және кәсіптік білімнен кейін 186 адам (2011 ж. – 444, 2012 ж. - 207), ал жоғары оқу орнынан кейін – 252 адам (2011 ж. – 165, 2012 ж. - 299) қабылданды. Барлығы –438 адам (2011 ж. – 637, 2012 ж. - 506).

2013-2014 оқу жылына университет бойынша барлығы 1534 студент (2011 ж. – 1642, 2012 ж. - 1692) қабылданды.
Қорытынды: Мектептердегі ҰБТ ұйымдастыратын, жауап беретін қызметкерлермен біріге отырып, мектеп оқушыларының мамандықты таңдауына және тест тапсырмаларына дайындалуына көмектесу үшін бірігіп жұмыс жасауды жолға қою керек. Колледждердегі студенттермен ҰБТ жүйесі бойынша кешенді тестілеуге дайындығын күшейту қажет.

ҰБТ әдістемелеріне сәйкес мектептерде ҰБТ-ға дайындық қазан айынан басталатыны белгілі, сондықтан да осы кезден бастап колледждерде де дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Мамандық таңдау көп жағдайда жиналған балл санына сәйкес екінші кезекке қалатыны белгілі. Көпшілік жағдайда белгілі бір балл жинағаннан кейін мамандық таңдау жүзеге асып жатады, ол ащы болса да шындық. Ата-ана психологиясының өзі баласының маман иесі болудан гөрі, грант ұтуды ойлауы, кейін табылған жұмысқа сәйкес тағы оқи саларсың деген түсініктер көптеп кездеседі. Тәжірибе көрсеткендей шығармашылық мамандықтарды таңдаған талапкерлер жақсы балл жинаған соң, таңдаған мамандықтарынан айнып, қайда көп грант мүмкіндік соған қарай бағытталып жатады.

Білім гранты иегерлерінің ішінде білім грантынан бас тартып жататын мектеп түлектері бар. Орал қаласының көптеген мектептерінің түлектері құжаттарын Ресей жоғары оқу орындарына және білім гранты конкурсына қатар тапсырады. Бұл өз кезегінде білім грантының қажетсіздігін тудырады. Талапкер өз мамандықтарын ауыстырып, ақылы негізде басқа мамандықты таңдай отырып, таңдаған жоғары оқу орнына оқуға ниет білдіріп, білім гранттарын тапсырған жағдайлары кездесті.

Конкурс нәтижесі бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті 196 мемлекеттік білім грантын иеленді, Соның ішінде 4 талапкер білім грантынан бас тартты. Олар: Жубаткан А.М. 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» күндізгі қысқартылған, Батыргалиева Г.Б. 5В012300 «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», Обердиенко Ю.А. 5В091000 «Кітапхана ісі», Баранова П.А. 5В020524 «Филология: орыс тілі».



Қорытыңды:


  1. Кафедралардың кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарында міндетті түрде келесі мәселелер қаралуға тиіс: мектеп ұжымымен бірге ата-аналар жиналыстарына қатыса отырып, біріккен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу; факультеттердің студенттері күшімен ғылыми конференциялар ұйымдастыру арқылы аудандар мен қала оқушыларын мамандықтарға тарту; 11 сынып оқушылары үшін және колледж түлектеріне ҰБТ және КТ пәндерінен кеңестер беру үшін дайындық курстарын өткізу; университеттің «Өркен» газетіне оқушылардың мақалаларын жария қылу мақсатында, оқушылар арқылы университет туралы үгіт-насихат жүргізу; педагогикалық мамандықтарды таңдауға тілек білдірген талапкерлерге үгіт-насихат жұмыстарын болашақ мамандығымен байланыстыра отырып жүргізу;

  2. Жыл сайын университет мамандықтарына бағыттауда көп жұмыс атқарған мектеп басшылары мен пән мұғалімдерін факультет тарапынан марапаттау;

  3. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарының және Ресей Федерациясының көршілес облыстарының аудандарының мектеп түлектерімен жұмысты жандандыру, іссапарлар ұйымдастыру;

  4. Мектеп оқушыларының университеттің ғылыми жұмыстарының жеңімпаздарын арнайы марапаттап және университетке түскен жағдайда сол студенттерге университетішілік жеңілдіктер қарастыру;

  5. Университет мамандықтарына оқушыларды тарту үшін бұқаралық ақпарат беттерінде, соның ішінде көрші облыстарда мақалалар жариялауды одан әрі жалғастыру.


Шешімдер мен ұсыныстар
Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, төмендегідей шешімдер мен ұсыныстарды ұсынамын:


  1. Университеттің кейбір мамандықтарын қайта қарастыруда кафедра меңгерушілері жұмыстану қажет, сонымен қатар университет мүмкіндігіне қарай жаңа мамандықтар немесе мамандануларды ашу. Мысалы, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының ашылуын. Жауапты: декандар, кафедра меңгерушілері. Мерзімі: қаңтар, 2014

  2. Пиар-компаниялардың назарын университетке аударуды күшейту, қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде ғана емес, жыл бойына аймақтық және республикалық денгейдегі БАҚ-ға жарнамалық материалдарды беру арқылы теле-радио хабарлама диапазонын кеңейту.

Жауапты: университеттің баспасөз қызметінің жетекшісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. Мерзімі: қараша, 2013 ж. - тамыз 2014 ж.

  1. Қабылдау комиссиясының құжаттары мен талапкерлердің жеке істерін сақтауды қамтамасыз ету мақсатында 7 сейф-шкафтарды сатып алу.

Жауапты: университетің шаруашылық қызметінің жетекшісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы. Мерзімі: мамыр, 2014 .
Қабылдау комиссиясының

жауапты хатшысы А.С. Аманбаев





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет