Демонстрациялық емтиханды ұйымдастыруға және өткізуге қатысты
Ел колледждерінде демонстрациялық емтиханды өткізу көрсеткішін жыл сайын орындау «Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде көзделген («Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасын іске асырудың жоспар-кестесінен «ТжКБ ұйымдарының оқу процесіне Worldskills бағалау жүйесін енгізген колледждердің үлесі» 3-көрсеткіші).
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген):
демонстрациялық емтихан - білім алушыға игерілген кәсіби құзыреттіліктерін іс жүзінде көрсетуге мүмкіндік беретін аралық және/немесе қорытынды аттестаттауды өткізу нысаны;
біліктілік емтиханы ТжКОБ ұйымдарының оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында әрбір жұмысшы біліктілігін меңгергеннен кейін практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан түрінде өткізіледі;
біліктілік емтиханы практикалық жұмыс немесе демонстрациялық емтихан түрінде ұйымдардың оқу-өндірістік шеберханаларында, зертханаларында және оқу орталықтарында және/немесе кәсіпорындардың өндірістік алаңдарында өткізіледі.
Демонстрациялық емтихан білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің мазмұнын меңгеру сапасын оларды зерделеу аяқталғаннан кейін (аралық аттестаттау) немесе олардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында (қорытынды аттестаттау) көзделген модульдер көлемін игеру дәрежесін айқындағаннан кейін бағалау мақсатында өткізіледі.
ТжКОБ ұйымдары демонстрациялық емтихан өткізу кезінде «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығын және 2022 жылғы 27 мамырдағы республикалық оқу-әдістемелік кеңеспен бекітілген WorldSkills талаптары бойынша біліктілік емтиханы шеңберінде демонстрациялық емтиханын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды басшылыққа алу қажет (материалдар «Talap» КЕАҚ сайтында орналастырылған).
Демонстрациялық емтихан өткізу кезінде алаңның инфрақұрылымын (шығыс материалдары, жабдықтар, өткізу орны және т.б.) қамтамасыз ету және бағалау үшін сарапшыларды тарту үшін қаражат көздеу қажет.
Осылайша, демонстрациялық емтихандар өткізген колледждердің деректерін «Ұлттық білім беру деректер базасы» ақпараттық жүйесімен өзектендіру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |