Дуальды оқыту шеңберінде оқу процесін ұйымдастыруға қатысты
Дуальды оқытуға қатысты нормалар келесі нормативтік-құқықтық актілермен регламенттеледі:
1) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (35,116,119-б.);
2) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (683-687-б. 33-б.);
3) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (1,5,6,17,45-1 бап);
4) «Дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 50 бұйрығы (бұдан әрі - ҚР БҒМ №50 бұйрығы);
5) «Мектепке дейінгі ұйымдар, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін кәсіптік практиканы өткізуге арналған үлгілік шарттың және дуальды оқыту туралы үлгілік шарттың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығы (бұдан әрі - ҚР БҒМ №93 бұйрығы).
6) «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы (бұдан әрі-ҚР БҒМ №597 бұйрығы).
Академиялық дербестікке байланысты колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп кәсіптік стандарттар мен өңірлік ерекшеліктер негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын өзгерте алады, Оқу уақытының мерзімдерін, көлемін айқындайды және қажеттілігіне қарай қосымша пәндерді (кәсіптік модульдерді) енгізеді. Өндірістік оқытуға және кәсіптік практикаға бөлінетін дуальды оқыту кезіндегі сағат көлемі жалпы білім беретін пәндерді зерделеуге көзделген сағат көлемін қоспағанда, міндетті оқытуға бөлінген оқу жоспарының сағат санынан есептеледі. Осылайша, жұмыс берушілер оқу орындарымен бірлесіп, тез өзгеретін, экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес реттеуге мүмкіндік алады.
Өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезінде ҚР Еңбек кодексінің 119-бабына және дуальды оқыту туралы шарттың талаптарына сәйкес кәсіпорындар белгілі бір функционалдық міндеттерді орындағаны үшін білім алушыға өтемақы төлей алады. Өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтетін адамдарға еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптар қолданылады.
ҚР Еңбек кодексінің 35-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес дуальды оқыту туралы шарт білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат болып табылады.
Кәсіпорында (ұйымда) дуалды оқыту шеңберінде практика мерзімі 6 айдан 18 айға дейін студенттерге еңбек өтіліне есептеледі, бұл колледж түлектеріне бұрыннан бар жұмыс тәжірибесімен жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Білім алушының еңбек қызметін растайтын құжат дуальды оқыту туралы шартқа қосымша болып табылады. ҚР БҒМ 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығының 2-тарауының 5-тармағына сәйкес кәсіпорын (ұйым) білім алушының кәсіпорын (ұйым) базасында практикадан өту мерзімдерін көрсете отырып, дуальды оқыту туралы шартқа қосымшаны толтырады.
Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім Басқармалары ҚР Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналасу кезінде олардың еңбек өтілін есептеуді қамтамасыз ету үшін ТжКОБ ұйымдарының түлектеріне осы құжаттардың берілуіне мониторинг жүргізуі қажет.
Дуальды оқыту шеңберінде кәсіпорын тәлімгерді - өндірістік оқыту мен кәсіптік практикаға басшылықты жүзеге асыратын, өндіріс немесе қызмет көрсету саласы технологияларын меңгерген кәсіпорынның білікті қызметкерін білім алушыларға бекітеді.
Дуальды оқыту кезіндегі шығыстарды ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығына сәйкес кәсіпорындарға (ұйымдарға) ТжКОБ ұйымдары өтейді.
ҚР БҒМ № 93 бұйрығының 12-тармағының 10-тармақшасына сәйкес білім беру ұйымдары тәлімгерге өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша көрсетілген қызметтер үшін ақы төлейді.
Тәлімгерге көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеу Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі Азаматтық кодексінің 683-687-бабының 33-тарауына сәйкес өтеулі қызмет көрсету шарты арқылы жүргізіледі.
ҚР «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тізілімінде және ҰБДБ дуальды оқытуды енгізу мониторингі көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |