Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар


Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін оқу процесін ұйымдастыруға қатысты



бет9/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
ИМП на 2023-2024 год каз

Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдар үшін оқу процесін ұйымдастыруға қатысты:

Жыл сайын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына түсетін және оқыту мен тәрбиелеуге арнайы (ерекше) тәсілдерді қажет ететін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалардың саны артып келеді.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды инклюзивті білім беру жағдайларында оқыту үшін оқу орындары:
1) білім алушылардың (ақыл-ойы сақталмаған адамдар үшін) психофизикалық дамуы мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, ТжКОБ білім беру бағдарламасын ішінара немесе толық меңгеруді көздейтін арнайы оқу бағдарламаларын;
2) жеке оқу бағдарламалары және білім алушылардың (сақталған интеллектісі бар адамдар үшін) жеке мүмкіндіктері мен физикалық бұзушылықтарын ескере отырып, ТжКОБ мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының негізіндегі жоспарлар әзірлейді.
Сонымен қатар, ЕБҚ бар тұлғалар үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі енгізілді, онда бір білім алушыға арналған білім беру процесі шығыстарының нормасы жылына екі есе көбейтілді.
Анықтама үшін: шығыстар нормасында педагогтардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен құралдардың жылдық еңбекақы төлеу қоры, оның ішінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өту кезіндегі шығыстар сияқты шығыстар көзделеді.
Бұдан басқа, колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарттарының бірі кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығы) сәйкес ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар тұлғалар үшін жағдайлардың (міндетті талаптар: кіру пандустары, жарық сигналдары, шақыру түймесі, санитариялық торап) болуы болып табылады.
«Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын орындау жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» 2025 жылға дейін ТжКОБ барлық ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар студенттер үшін тең жағдайлар мен кедергісіз қолжетімділік жасау бойынша көрсеткішке қол жеткізу көзделген.
Осылайша, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасау жөніндегі көрсеткішке қол жеткізуді көздеу қажет (2022 жылы – 55%, 2023 жылы – 70%, 2024 жылы – 85%, 2025 жылы – 100%).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет