Оқу жылының басына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орындарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік ұсынымдар



бет14/16
Дата06.09.2023
өлшемі60.63 Kb.
#476703
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ИМП на 2023-2024 год каз

2023-2024 оқу жылында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары арасында салалар бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын өткізу
кестесі





Сала атауы

Аймақ

Мерзімі

1

Мұнай-газ

Атырау облысы

қазан-қараша

2

Көлік және байланыс

Қостанай облысы

қазан-қараша

3

Инженерлік

ШҚО

қазан-қараша

4

Құрылыс

Қарағанды облысы

қазан-қараша

5

Ауылшаруашылық

Жамбыл облысы

қазан

6

Энергетика

СҚО

қараша-желтоқсан

7

Педагогика

Ақмола облысы

ақпан

8

Тау-кен

Ақтөбе облысы

сәуір

9

Қызмет көрсету

Маңғыстау облысы

қазан

10

IT

Астана қ.

қараша

11

Денсаулық сақтау

Алматы қ.

желтоқсан

12

Спорт

Алматы қ.

мамыр

13

Өнер және мәдениет

Жамбыл облысы

қараша




  1. Педагог қызметкерлердің кәсіби дамуына қатысты

Біліктілікті арттыру курстары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ педагог қызметін курстан кейінгі сүйемелдеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес басшы кадрлардың, педагогтардың біліктілігін арттыру кемінде үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
Педагогтар курстарға білім беру ұйымдары, білім бөлімдері, білім Басқармалары басшыларының бұйрықтары негізінде жіберіледі.
ТжКОБ ұйымдары «Білім беру мониторингі шеңберінде әкімшілік деректер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 570 бұйрығына сәйкес «Ұлттық білім беру дерекқоры» ақпараттық жүйесінің әкімшілік есептілік нысаны бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагогтардың деректерін толтырады.
Деректер педагогтардың біліктілікті арттыру курстарын аяқтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей толтырылады.
Бұдан басқа, педагогтардың лауазымдары мен санын көрсету бөлігінде ҰБДБ базасын дұрыс толтыру бойынша колледж басшылығының жауапкершілігін арттыру қажет (оның ішінде педагогтың негізгі лауазымын ғана көрсету қажет және қоса атқару кезінде бір педагогтың қайталануына жол бермеу қажет).
Қорытынды бағалаудан өтпеген курс тыңдаушыларына біліктілікті арттыру курсын тыңдау туралы анықтама берілетінін ескеру қажет.
Сертификат алмаған курс тыңдаушыларының келесі мүмкіндіктері бар:
1) жылына бір реттен артық емес білімді қайта бағалауға;
2) келесі курстар ағынымен білімді қайта бағалауға;
3) ағымдағы жыл ішінде бір ағыннан екіншісіне дәлелді себеппен ауысуға;
4) растайтын құжаттарды ұсына отырып, дәлелді себеппен тоқталған курсты аяқтауға.
Біліктілікті арттыру курстарынан өту туралы келісімнің талаптарын орындамаған курс тыңдаушылары біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйым басшысының бұйрығына және курс тыңдаушыларының өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сәйкес оқудан шығарылады. Курстарды өткізетін ұйым тыңдаушының жұмыс берушісін оқудан шығару туралы хабардар етеді.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен педагог жұмыс барысында алған кәсіби құзыреттерін қолданады.
ТжКОБ ұйымының әкімшілігі:
1) педагогтардың негізгі лауазымы бойынша курстардан уақтылы өтуіне мониторинг жүргізеді (үш жылда 1 рет);
2) курстардан өту кезінде педагогтардың өзара алмасуын қамтамасыз етеді;
3) іссапар шығындарын өтей отырып, курстардың өткізу орындарына педагогтарды жібереді;
4) педагогтың курстардан өту кезінде алған құзыреттерін қолдану нәтижелерін қадағалау мақсатында білім беру ұйымының ішінде педагогтың қызметіне бақылау және мониторинг жүргізеді;
5) курстарды өткізген ұйымдарды курстардан кейінгі сүйемелдеу және курстардың білім беру бағдарламаларының тиімділігіне мониторинг жүргізу үшін колледждерге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет