Кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізуге қатысты
ТжКОБ ұйымдарында оқытудың кредиттік – модульдік технологиясы оқытудың орнына, нысаны мен мерзіміне қарамастан оқытудың бүкіл кезеңі ішінде біліктілікті беру үшін кредиттерді бағалау және растау арқылы оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып іске асырылады.
Оқу процесін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу процесінің кестесі негізінде жүзеге асырылады.
Оқу процесінің кестесі академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан, кәсіптік практикадан және (немесе) өндірістік оқытудан тұрады. Бітіруші курста оқу жылына қорытынды аттестаттау кезеңі енгізіледі.
Педагогтардың оқу жүктемесін жоспарлау педагогтың білім алушылармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін кредиттермен немесе академиялық сағаттармен жүзеге асырылады.
Жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу кезінде МЖМБС-ны басшылыққа алу қажет (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына 23.09.2022 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар).
Кредиттік оқыту технологиясы кезінде міндетті оқу кредиттерінің саны:
- негізгі орта білім базасында жұмысшы біліктіліктерін игеру үшін 120-180 кредит;
- жалпы орта білім базасында жұмысшы біліктіліктерін игеру үшін 60-120 кредит;
- негізгі орта білім базасында орта буын маманы біліктілігін игеру үшін 180-240 кредит . Кредиттердің осы көлемі шеңберінде 2 жұмыс біліктілігіне дейін игеруге жол беріледі;
- жалпы орта білім базасында орта буын маманы біліктілігін игеру үшін 120-180 кредит. Кредиттердің осы көлемі шеңберінде 2 жұмыс біліктілігіне дейін игеруге жол беріледі;
- техникалық және кәсіптік білім базасында орта буын біліктілігін игеру үшін 60 кредит (мәндес біліктілік бойынша);
- қолданбалы бакалавр біліктілігін игеру үшін 60-180 кредит.
Оқу жылында міндетті оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 36 кредитті құрайтын оқу жылын қоспағанда, 60 кредитті немесе 1440 сағатты құрайды.
1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.
«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 75 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 161 бұйрығымен қатар 2024 жылы 1 қаңтардан бастап 2024-2025 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде қолданылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |