Оқу курстарының каталогы «Әлеуметтік жұмыс» 050905



бет16/21
Дата09.06.2016
өлшемі1.49 Mb.
#123982
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21

Пәннің аталуы

Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру







Қысқартылған аталуы:

ОСТҰ







Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс,практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр:

6







Оқытушының Т.А.Ә.

Саиткасимханова Д.М.







Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы







Жұмыс тілі:

Қазақша







Оқу жоспарымен сәйкестігі:

Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті







Оқыту түрі / академиялық сағаттар саны

Дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, ОСӨЖ - 45сағат, СӨЖ – 45 сағат







Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы – 135 сағат







Кредиттер / сынақ бірліктері:

3







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтік педагогика, Балалық шақты әлеуметтік қорғау, Мүгедектермен әлеуметтік жұмыс







Білім берудің мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттердің арнайы біліммен, ептіліктен және дағдылармен тынығутану қызметін ұйымдастыру орындарында қазіргі мәдени ағарту жұмыстарының қайта құру жағдайында қаруландыру - әрбір студентке әлеуметтік жұмыс қызметінің маңызды әлеуметтік құбылыс ретіндегі ролі мен орнын сезінуіне көмектесу оны тәжірибелі машықтанудың өзіндік жұмыстарына үйрену сондай-ақ маңызды қайнар көздерді, құжаттарды және басылымдарды өздігінен меңгеруге баулу. Пәндердің мазмұны олардың логикалық аяқталған бөлімдерінде дамып жетіледі.







Мазмұны:

Дәрістер: Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру пәніне кіріспе. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру пәнінің мақсаты, міндеттері. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру пенінің аспектілері, теориялық негіздері. Әлеуметтік табиғат. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру ғылыми білімнің саласы ретінде. Мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру және әлеуметтік институттар

Практикалық сабақ. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру қызметінің қағидалары. Мәдени тынығу қызметінің атқаратын қызметі, әлеуметтік тынығу қызметінің қағидалары: мәдени тынығу қызметінің қағидалары арасындағы байланыс немесе өзара қарым – қатынас. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру қызметінің мәні, оның қоғамдағы адамдардың саяси экономикалық өміріндегі орны. Мәдени тынығу жұмысы мен қызметінің, демалу мен ойын – сауық түсініктері. Мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері. Педагогикалық жүйе түсінігі. Мәдени тынығу қызметінің мәнінің сипаттамасы, педагогикалық жүйесінің сан түрлілігі ретінде.







Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер «Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру» пәнін оқу барысында мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері, ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру және әлеуметтік институттар, мәдени тынығу қызметінің потенциалы және оның педагогикалық ұйымдастырылуы және т.б. туралы білімдері қалыптасады. Білім деңгейі апта сайын кіріспе және аралық бақылау арқылы, қорытынды білім деңгейі жазбаша емтихан арқылы тексеріледі.







Пәннің аталуы

Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі







Қысқартылған аталуы:

МАЖТӘ







Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық,ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр:

6







Оқытушының Т.А.Ә.

Саиткасимханова Д.М.







Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы







Жұмыс тілі:

Қазақша







Оқу жоспарымен сәйкестігі:

Базалық пәндер циклы, таңдау компоненті







Оқыту түрі / академиялық сағаттар саны

Дәріс – 30 сағат, практикалық сабақ – 15 сағат, ОСӨЖ - 45сағат, СӨЖ – 45 сағат







Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы – 135 сағат







Кредиттер / сынақ бірліктері:

3







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Әлеуметтік педагогика, балалық шақты әлеуметтік қорғау, мүгедектермен әлеуметтік жұмыс







Білім берудің мақсаттары / құзіреттілігі

Студенттердің арнайы біліммен, ептіліктен және дағдылармен мәдени ағарту жұмысының қызметін ұйымдастыру орындарында қазіргі мәдени ағарту жұмыстарының қайта құру жағдайында қаруландыру - әрбір студентке әлеуметтік жұмыс қызметінің маңызды әлеуметтік құбылыс ретіндегі ролі мен орнын сезінуіне көмектесу оны тәжірибелі машықтанудың өзіндік жұмыстарына үйрену сондай – ақ маңызды қайнар көздерді, құжаттарды және басылымдарды өздігінен меңгеруге баулу.







Мазмұны:

Дәрістер: Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі пәніне кіріспе. Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі пәнінің мақсаты, міндеттері. Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі пенінің аспектілері, теориялық негіздері. Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі ғылыми білімнің саласы ретінде. Мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері. Ойын – сауық тынығуын ұйымдастыру және әлеуметтік институттар. Мәдени тынығу қызметінің потенциалы және оның педагогикалық ұйымдастырылуы. Әлеуметтік тынығу қызметін әлеуметтік қызметкер – ұйымдастырушы.

Практикалық сабақ. Мәдени ағарту жұмысының қызметінің қағидалары. Мәдени тынығу қызметінің атқаратын қызметі, әлеуметтік тынығу қызметінің қағидалары: мәдени тынығу қызметінің қағидалары арасындағы байланыс немесе өзара қарым – қатынас. Мәдени ағарту жұмысының қызметінің мәні, оның қоғамдағы адамдардың саяси экономикалық өміріндегі орны. Мәдени тынығу жұмысы мен қызметінің, демалу мен ойын – сауық түсініктері. Мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері. Педагогикалық жүйе түсінігі. Мәдени тынығу қызметінің мәнінің сипаттамасы, педагогикалық жүйесінің сан түрлілігі ретінде.







Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер «Мәдени ағарту жұмысының теориялық әдістемесі» пәнін оқу барысында мәдени тынығу қызметінің педагогикалық жүйесі және оның құрылымдық компоненттері, Мәдени ағарту жұмысының теориясы және әлеуметтік институттар, мәдени тынығу қызметінің потенциалы және оның педагогикалық ұйымдастырылуы және т.б. туралы білімдері қалыптасады. Білім деңгейі апта сайын кіріспе және аралық бақылау арқылы, қорытынды білім деңгейі жазбаша емтихан арқылы тексеріледі.




Модульдің атауы

Халықты еңбекпен қамту және оны реттеу




Қысқартылған атауы

ХЕҚжОР




Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс,практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ




Семестрі

6




Модульге жауапты:

Ысқақов Қ.Қ.




Доцент:

Аға оқытушы




Тілі:

Қазақ




Оқу жоспарымен байланысы

Кәсіби пәндер циклы, міндетті компонент




Оқу формасы/апталық сағат саны

Лекция-30, семинар-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45




Еңбек сыйымдылығы:

Барлығы-135сағат




Кредиттер / сынақ бірліктері:

3




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Экономикалық теория негіздері», «Социология», «Әлеуметтік психология»




Ұсынылатын шарттар:

Бұл пәнді табысты игеруді қамтамасыз ететін маңызды шарт келесі пәндерді алдын ала оқу болып табылады: Экономикалық теория негіздері, Әлеуметтану, Әлеуметтік психология, Әлеуметтік жұмыс теориясы мен практикасы.




Пәнді оқытудың күтілген нәтижелері

"Халықты еңбекпен қамту және оны реттеу" пәнiнiң негiзгi мiндеттерi: студенттерге халықты еңбекпен қамтудың әлеуметтік феномен ретіндегі мәнін, халықты еңбекпен қамтудың әлеуметтік-экономикалық механизмдерін, жұмыссыздықтың экономикалық, әлеуметтік-психологиялық себептерін түсіндіру .




Мазмұны:

"Халықты еңбекпен қамту және оны реттеу" пәнiнiң мақсаты - студенттердi әлеуметтік-экономикалық феномен мәнімен таныстыру, жұмыспен қамтудың басты концепцияларын, дамыған елдердегі жұмыспен қамту саясатын реттеу тәжрибесін, нарықтық қатынасқа көшкен елдердің, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту саясаты ерекшеліктерін жүзеге асыру, жұмыспен қамтуды реттеу мен еңбек қатынастары, олпрды республика заңдары және нормативті кесімдерімен таныстыру студенттердi әлеуметтік-экономикалық феномен мәнімен таныстыру, жұмыспен қамтудың басты концепцияларын, дамыған елдердегі жұмыспен қамту саясатын реттеу тәжрибесін, нарықтық қатынасқа көшкен елдердің, Қазақстан Республикасының жұмыспен қамту саясаты ерекшеліктерін жүзеге асыру, жұмыспен қамтуды реттеу мен еңбек қатынастары, оларды республика заңдары және нормативті кесімдерімен таныстыру. «Халықты еңбекпен қамту және оны реттеу» жаңаша басқару бағытын ойластыруды қалыптастыруға және кәсіпорындар (фирмалар) еңбек ресурстарын басқару туралы жаңаша білім негіздері.




Оқытудың нәтижелері:

Студенттер бұл пәнді оқу арқылы нарық жағдайында шет елдегі еңбек ресурстарын басқару тәжірибесін зерделей отырып кәсіпорындар мен фирмалардың еңбек ресурстарын басқару туралы білімін толықтырады. Сонымен қатар, еңбек ресурстары туралы теориялык зерттеудің нәтижесін нақтылы халықты жүмыспен қамту проблемаларын шешуге қолданады./емтихан







Пәннің аталуы

«Отбасы және балалармен әлеуметтік жұмыс»







Қысқартылған атауы

ОжБӘЖ







Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ







Семестр

6







Оқытушының Т.А.Ә.

Жиенбекова Айнур Абрахмановна







Доцент /оқытушы:

доцент







Жұмыс тілі

Қазақша







Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіби пәндер циклы, таңдау компоненті







Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер -30, практикалық -30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60







Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат







Кредиттер/сынақ бірліктері

4







Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Студенттермен жұмыс жүргізудің негізгі түрлері мен әдістері: түп негіздерімен, арнайы әдебиетпен жұмыс жасау, ситуациялық – рөлдік, іскерлік ойындар, іс – шаралардың әдістемелік үлгілерін жазу және өткізу, педагогикалық есептерді шешу, диагностикалық жұмыс жүргізу жоспары, т.б.







Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі

Қоғамның әлеуметтік - мәдени дамуы мен жас ұрпақты әлеуметтендірудің маңызды факторы ретінде отбасы институтының мәнін ашу болып табылады.

Нәтижесінде:-студенттердің отбасы, оның ерекшеліктері, функциялары, тәрбиелік механизмдері мен психологиялық климаты туралы білімін тереңдету; отбасы мен некенің туу тарихын ашу; болашақ әлеуметтік қызметкерлердің педагогикалық мәдениетін, отбасындағы келіспеушіліктерді талдау және шеше білу қабілітін қалыптастыру; отбасындағы педагогикалық процестің мәні туралы түсінікті қалыптастыру;



болашақ әлеуметтік қызметкерлердің студенттермен отбасын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу қабілетін жетілдіру.







Мазмұны

Дәрістер:. Адам қоғамы тарихындағы отбасы мен некенің ретроспективасын қарастыру. Шетел ғалымдарының отбасы және неке эволюциясы туралы зерттеулерін негіздеу (Дж.Бахофен, Дж.Мак–Леннан, С.Мин, Л.Морган).Ф. Энгельстің «Отбасының қалыптасуы, жеке меншік және мемлекет». Әлеуметтік қызметкер отбасымен іс-әрекеттің негізгі түрі ретінде.Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс іс-әрекеті объектісінің ерекше түрі ретінде. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі мазмұны және мәні. Отбасымен және балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу тарихының шығу тегі. Отбасымен әлеуметтік жұмыстың шетелдік тәжірибедегі әдістемелер мен әдістік аспектілері. Әйелдер мен балаларды мемлекеттік қорғаудың ролін ашудағы Әл – Фарабидің ғылыми ізденістері. «Жеті жарғы заңы» «Қауіп–қатері бар тобындағы» отбасылардың әлеуметтік проблемаларының ерекшеліктері. Әскери қызметтегілер мен олардың отбасындағы әлеуметтік мәселелердің өзгешелігі. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсіби және рухани адамгершілік қасиеттері. Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкердің кәсіби бейнесі. Отбасы мен балаларға әлеуметтік– педагогикалық көмек беру орталығы-әлеуметтік тәрбие институты. Орталықтардың іс - әрекеттердің құрылымы, мақсаты мен міндеттері, негізгі принциптері мен жұмыс бағыттары. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері. Отбасылық қатынастардың мәселелері (отбасылық келіспеушіліктер және ажырасу). Студент жастарды отбасылық өмірге дайындау. Отбасының әлеуметтік мәнін, әрекетін түсіну. Некелік–отбасылық адекваттық ойлардың қалыптасуы. «Отбасы құруға дайындық» ұғымының анықтамасы.

Практикалық сабақтар Отбасының түрлері және құрылымы (туысқандық, жұбайлар арасындағы басқарушылығының анықталуы, балалар саны бойынша, тұрмыстық міндеттердің сипатына қарай бөлінуі, бос уақытты өткізудің сипаты). Отбасымен жүргізлетін әлеуметтік жұмыстардың басқа ғылымдармен байланысы. Кеңес үкіметі кезіндегі отбасы тәрбиесінің қалыптасу теориясының ерекшеліктері. Ата-аналардың педагогигалық мәдениетін қалыптастыру-дағы әлеуметтік педагог іс-әрекетінің рөлі. Ағылшын мәдениеттанушысы Дж. Девистің нуклеарлық отбасына әдеттегі отбасынан мемелекеттің көңіл бөлуінің ауысуы. М. Сапис пен К. Уэллстің отбасы мәселелерін оқудың жеке түсіндірме әдістемесі. Тұрғындардың әлеметтік қорғаудағы мемлекеттің рөлі. Отбасылар мен балалардың жағдайын жақсарту жұмысындағы кеңестік басқару орындарының революциядан кейінгі және соғыстан кейінгі іс - әрекеттері. Отбасының құрылымы. Отбасы мен балалардың жағдайын жақсарту мақсатындағы мемлекеттік отбасы саясатының негізгі бағыттары. Жас отбасылардың репродуктивті мінез – құлықтары. Әлеуметтік қызметкерлердің іс - әрекетінің нормативтік – құқықтық базасы. Конституция және кодекстер, заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрықтары; Өз аумағындағы заңдарды іске асыруды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының құжаттары; Некеге отырудағы санының кемуі, қоныс аударулар, ана болудағы құқықпен қамтамасыз етуді толықтыру, баласыздық. Қазіргі таңдағы отбасы мәселелері, отбасы жағдайындағы төмендеуінің себептерін анықтау. Қазіргі кездегі отбасындағы келіспеушіліктердің себептерін анықтау. Жас отбасымен жұмыс істеудің әдістері мен мазмұны: Диагностикалық жұмыс: «диагноз» қою. Өз міндеттерін дұрыс рындамайтын отбасыларын анықтау. Студенттік жастардың отбасын құруға дайындылығының ғылыми негіздері.







Оқу жұмысының нәтижелері/ қорытынды бақылау түрлері

Әлеуметтік мәселелерді қоя білу; жобаларды жоспарлай білу/ емтихан








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет