ОҚу курстарының каталогы



бет2/9
Дата14.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
#135157
1   2   3   4   5   6   7   8   9


1 курс

1 семестр.

Пәннің аталуы

Әлеуметтану

Қысқартылған атауы

соц

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинарлық, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1

Оқытушының Т.А.Ә.

Қорғанова С.С.

Доцент / оқытушы:

Ф.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Қазақ, орыс

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семннарлық–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Курстың мақсаты мен міндеті: Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері

Әлеуметтану әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар жүйесінде.Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Нақты әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдісі мен техникасы. Ақпараттарды өңдеу әдісі және олардың нәтижелерін талдау.Қоғам - әлеуметтік жүйе ретінде Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификацияӘлеуметтік институттар мен әлеуметтік процесстер.Отбасы әлеуметтануы.Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары.Тұлғаның әлеуметтануылық сипаттары Девиация және әлеуметтік бақылауСаяси әлеуметтануМәдениет әлеуметтануы.Экономикалық әлеуметтану.Білім әлеуметтануы.Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.



Семинарлық сабақтар Әлеуметтану ғылымы туралы түсінік, пәннің мазмұны, міндеттері мен мақсаттары, қағидалары, зерттеу объектісі мен субъектілері1)М.Вебердің социологиялық тұжырымы 2) А. Құнанбаев, Ә. Бөкейханов т.б қазақ ағартушыларының әлеуметтік көзқарастары. Әлеуметтану ғылымының негізгі салалары. 1)Девиациялық мінез құлық және әлеуметтік бақылау2) Діни экстремизм құндылықтық қайшылық ретінде3) Қақтығыстар әлеуметтануы

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студент әлеуметтің объектісі мен субъектісінің ұғымын, әлеуметтанудың алатын орнын анықтау қажет. Мәдениет пен идеологияның қарым-қатынасын әлеуметтанулық талдау. Қазақ мәдениетінің ерекшеліктерін, қазіргі жағдайдағы дәстүрлі қазақ құндылықтарының өзгеруін әлеуметтанулық талдау. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік стратификация: ұқсастықтары мен айырмашылықтарын білу. Қазіргі жағдайдағы Қазақстанның әлеуметтік құрылымының даму перспективаларын білу. әлеуметтік институттардың типтерін және әлеуметтік функцияналды ролін түсіндіру.Мінез құлықты ретке келтіруші институттар отбасы және отбасылық туысқандық байланыстар . Студент тақырыпты толық игеру үшін ҚР-дағы білім жүйесін және жастар әлеуметтануын оның құрамдас бөліктерін толық меңгеруі керек.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ОП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 1-2

Оқытушының Т.А.Ә.

Қозыбакова С. .,Шеримкулова Г.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

ЖП, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15, семинар–15,ОСӨЖ–30,СӨЖ–30.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату. Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру,

Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Семинар сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Құқық негіздері әлеуметтік- гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.



Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


1 курс

1 семестр

Модуль аталымы

Өзін-өзі тану

Молдульдің қысқаша аталымы


ӨӨТ

Тақырыпша

ӨӨТ пәні мен міндеттері, Жаңа қауымдастық. Ересектер ойын ойнай ма? Пікірлесе білу – баға жетпес байлық. Көкжиектің арқасында не бар? Құндылық бағдар. Ғұмыр ұзақтығындай жол.

Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар


Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру.

Семестр

1,2 семестр

Модульге жауапты


Жанибекова Г.О.

Доцент/ оқытушы

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақ тілі, орыс тілі

Оқу жоспарымен ара қатынасы

Міндетті компонент (МК)

Оқыту формасы, академиялық сағат саны

Дәріс–0 сағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–15 сағат, СӨЖ– 15 сағат

Еңбек сиымдылығы

45 сағат

Кредиты/ зачетные ед иницы

1

Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары

Курс пререквизиті: Гуманитарлық пәндердің ерекшеліктерін білу; Текстерді ойланып оқу икемділігі;

Талдау икемділігі, негізгіні анықтау, жинақтау және қорытындылау; Сабақтың әр түрлі формада жүргізілетіне дайын болу (ойын ойнау,өлең айту т.б.)

Оқу мен ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін қолдану икемділігі.

Мазмұны

1 . Саламатсыздарма! Өзара таныс болуға рұқсат етіңіздер

«Өзін-өзі тану» курсының мақсаты мен міндеттері. Мен дара тұлғамын! Ой – пікірлерге түсініктеме беру. «Өзара танысу» тренингі. «Менің затым» жаттығуы.

2 . Менің жаңа статусым - студент!

Студенттің құқығы мен міндеттері. Студенттік өмір- қайталанбас сәт. Студенттің тәуліктік күн тәртібі

3 . Ересектер ойын ойнай ма?

Жеке адамды қалыптастырудың факторлары. Жеке тұлғаның қалыптасуындағы ойынның рөлі. Психологиялық тренинг-ойындар..

4 . Үйлесімділік немесе дау-дамай

Дау-дамай және дау-дамай жағдайынан шығудағы әдіс – амалдар сипаттамасы

Қарым – қатынас мәселелері. Қарым-қатынас тренингтері

5 . Достық, Жолдастық, Әріптестік

Доссыз өмір – тұзсыз ас. Әріптестік қатынастар ережесі. Тұлғалық бағыттылықты анықтау тесті.

6 тақырып. Махаббат шуағы

Махабат және адам тағдыры. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» шығармасынан үзінділерді талдау

7 . Нәзіктік пен қажырлылық

Пікірталас «Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен міндеттері қандай болуы керек?». Гендерлік саясаттың Қазақстанда жүзеге асуы және оның пайдасы мен зияны

8 . Ғалам – біз өмір сүретін орта.

Мәнді өмір сүру үшін адамға керек қасиеттер. Өзіңізді білесіз бе?

9 . Өзіңді қалай тежеуге болады?

Сабыр түбі – сары алтын. Психологиялық кеңестер.

10 . Өмірді алдын – ала болжауға бола ма?

«Менің болашақ өмірімнің бағдары»- атты эссе жазу.

11 . Байлық пен кедейлік туралы диалог.

Байлық пен кедейлік туралы атақты адамдардың пікірлерін, қазақ мақал-мәтелдері мен жазушыларының ой-пікірлерін талдау

12 . Өзіңді пір санама

Қазіргі бұқаралық мәдениет және жеке тұлға. «Мен қандаймын» сауалнамасы

13 . Болашақ бүгіннен басталады

Құндылық пен сана ұстанымдары. «Мен бақыттымын, себебі ...» шығарма

14 . Өмір мәңгілік

Сіз қуана білесіз бе?

15 . Әрқашан мейрімділік жолмен жүр!

Сабыр деген – мен! Жігер деген - мен! Махабат деген – мен!

Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы


- Студенттер тұлғааралық және топтық қарым-қатынас туралы білімдерін молайтады.

- Құндылық танымның түрлі ұғымдарын тануға үйренеді.

- Жанжалсыз келісті қарым-қатынас жасауға машықтанады.

- Студент тұлға ретіндегі қалыптасудың міндеттерін айқындайды.

- Көп мәдениетті әлеуметтік ортада тіршілік ете отырып, өмірде кездесетін жағдайларға бейімделу.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Алғашқы қоғам тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Бейсенов М.

Доцент/ оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірі мен адам және қоғам.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Осы пән барысында олар адамның пайда болуы және эволюциясы, қоғамдық қатынастардың қалыптасуы, материалдық және рухани мәдениеттің пайда болуы және дамуы, алғашқы қоғамның көркеюі, оның ыдырау себептері сияқты көптеген маңызда мәселелер бойынша ғылыми мәліметтермен танысу.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Алғашқы қоғам тарихының деректері.Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы. Адамзат коғамының қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы. Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары. Дамыған рулық қауым. Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы.

Тілдік топтардың құрылуы. Ғылыми білім негіздерінің қалыптасуы.



Практикалық сабақтар: Алғашқы қоғам тарихы пәні.

Алғашқы қоғам тарихының деректері. Алғашқы қоғам тарихының тарихнамасы. Алғашқы қауымдық қоғамның қалыптасуы. Адамзат коғамының қалыптасуы. Алғашқы қауымдық қоғамның гүлденуі. Рудың қалыптасуы. Аңшылар, терімшілер мен балықшылардың алғашқы рулық қауымдары. Дамыған рулық қауым. Алғашқы қауымдық коғамның ыдырауы. Тілдік топтардың құрылуы. Ғылыми білім негіздерінің қалыптасуы.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Алғашқы қоғам тарихы туралы анық тарихи факттілерге негізделген кең және терең білімге ие болуы тиіс.


1 курс

1 семестр

Пәннің аталуы

Тарихи өлкетану

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

1

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусаева С.Т.

Доцент/ оқытушы:

Т.ғ.к.,аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Қазақстан тарихы деректері мен тарихнамасы, Қазақстан тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Біздің ежелгі кезеңнен басталатын еліміз туралы мол байлық, өлкеміз туралы мол мағлұмат беретін материалдық,этнографиялық, археологиялық заттарды тануға тарихи өлкетану пән көмектеседі.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Ежелгі дәуірдегі мемлекеттердің пайда болуы және мемлекетаралық қақтығыстардың басталуы. Грек-Парсы мемлекеттерінің арақатынасының шиеленісуі (Афина мемлекеттерінің өз бостандағы үшін азаттық күресі (б.з.д.Ү). Грек-Македон мемлекетінің құрылуы. Б.э.д. ІҮ ғ. Грецияның Македонияға бағынуы. Александр Македонскийдің жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күресуі. Құлиеленушілік Рим республикасының күшеюі. Жерорта теңізі мен Кіші Азиядағы жаулап алу соғыстарына қарсы күрес (б.э.д. ІІІ - І ғғ.) Спартак көтерілісі. Араб халифатының жаулап алу соғыстары және оған қарсы азаттық күресі (ҮІІІ-ІХ ғғ.). Крес жорықшылары және Шығыс халықтарының азаттық күресі. Англия мен Франция арасындағы жүз жылдық соғыс. Француз халқының азаттық күресі. Бірорталықты Англия мемлекетінің құрылуы Францияның езгіге қарсы Уот Тайлер бастаған көтеріліс. феодалдық езгі мен католиктер шіркеуіне қарсы азаттық күресі. Түрік османдардың Балкан түбегін жаулап алуы және Балкан халықтарының азаттық қозғалысы. Қытай халқының Монғол империясының жаулап алу соғысына қарсы азаттық күресі. Моңғол имперясының езгісіне қарсы Орта Азиядағы азаттық қозғалыс. Алтын Орда дәуіріндегі ежелгі Русьтегі азаттық қозғалыс. Куликова шайқасы. 1812ж Отан соғысы Н.Бонапарт империясына қарсы орыс халқының азаттық күресі. К.Қасымұлы бастаған Қазақ халқының 1837-1847 жж. Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық күресі.

Практикалық сабақтар: Қазіргі замандағы өлкетанудың мәні, міндеттері мен құрылымы. Қазақстан территориясындағы өлкетану дамуының негізгі кезеңдері. Революцияға дейінгі жергілікті әкімшілік басылымдық қызметтеріне сипаттама: шолулар, естелік кітапшалар, еңбектер, естеліктер. Қазақстандағы ОГҚ мүшелерінің қызметі. Түркістан археологиялық қоғамы.

Өлкені танып білудегі революцияға дейінгі суретшілірдің қосқан үлесі. Түркістан өлкесінің зерттеушілері: А.И.Добросмыслов, И.И.Гейер. Өлкетануды оқу деректерінің революцияға дейінгі библиографиялық көрсеткіштері. Музейтану ғылымдар жүйесінде. Музей жұмыстарының негізгі бағыттары. Архив істерінің ұйымдастыру тарихы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазақстан музейлері–тарихи-мәдени мұраларды сақтау



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет