Оқу сауаттылығЫ 1022-нұсқа Нұсқау


-Мәтін  Қарт пен тапқыр жігіт



Pdf көрінісі
бет35/185
Дата16.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498823
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   185
null

4-Мәтін 
Қарт пен тапқыр жігіт 
Бір күні бір қарт адам шаһарға барып, қайтып келе жатса оны бір жас жігіт қуып 
жетеді.Ол келе жатып: 
- Ата, жолды қысқартайық, - дейді. 
Қарт: 
- Жол қалай қысқарады? – дейді. 
Жігіт: 
- Жолдың қысқаруы оңай, екеуіміз бірімізді-біріміз, кезек-кезек арқаласақ болғаны, - 
дейді. Шал ішінен: 


87474320427 
38
- Япырым – ай, мынау бір кесапатты адам болмаса игі еді? Мені қалай арқалайды? 
Өзін қалай арқаламақшымын? – деп ойлап, жауап қайырмайды. 
Мұнан кейін жігіт те үндемей келе жатады да, пісіп тұрған егінді көріп: 
- Ата, мына егін сіздің елдікі ме? - дейді. Қарт: 
- Иә, - дейді. Жігіт: 
- Олай болғанда, бұл желініп қойған егін бе, желінбеген егін бе? – дейді. 
Қарт тағы да бетіне бажырайып қарап қояды да: «Япырым-ай, мынаның бір сөзінен бір 
сөзі сорақы болды-ау!Бұл не айтқаны?» - деп ойлайды. 
Жолда бір елге кездеседі.Бұл елдің адамдары дүниеден өткен кісіні жерлеуге апара 
жатыр екен. Жігіт: 
- Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе? – деп сұрайды. Қарт шыдай алмай: 
- Өлмесе жерлемейді ғой! – деп жігіттің бетін қайырып тастайды. Жігіт 
үндемейді.Олар қабірге бірге барады.Шыққаннан кейін: 
- Ата, әлгі кісі өлмеген екен, - дейді. «Я, құдай, жерленген адам қалай тірі болады?», - 
дейді қарт ішінен. 
Күн кеш болады, екеуі қарттың үйіне келеді.Қонағын үйіне кіргізеді де, қызын 
шақырып алып: 
- Шырағым, үйге бір жігіт келді, мейман ет! Бірақ сүйкімсіз мінезі бар.Сөзінде 
кесапаты зор адам, - дейді. Қыз қонақпен сөйлесіп көрсе, сөзі мағыналы екен. Қыз: 
«Япыр-ау, әкемнің айтқаны осы кісі ме екен?» - деген оймен әкесіне келеді де: 
- Әке, сізбен неше кісі келді? – дейді. 
Әкесі: 
- Жалғыз,- дейді. 
Қыз: 
- Онда сөзінде кесапаты зор деген адамыңыз осы болса, мұнан қандай кесапат 
көрдіңіз? – дейді. 
Қарт: 
- Ойбай-ау, оның сөйлеген сөзінде кесапатсыз бір сөз жоқ.Әуелі ол: «Жол 
қысқартайық», - деді. Мен: «Жол қалай қысқарады?» - деп едім. Ол: «Бірмізді-
біріміз кезек арқалап отырайық», - деді. Мұнысы былай тұрсын. Орылмаған егінді 
көріп: «Ата, мына егін желініп қойған ба, желінбеген бе» - деп сұрады. «Орылмай 
тұрған егінді кім жеп қояды» - дедім мен. Бұл мұнымен тұрсын. Бір ауылдан қаза 
тапқан кісіні көріп: «Ата, мына кісі өлген бе, өлмеген бе?» - дейді. Онан шығып 
келе жатыр едік: «Ата, жаңағы адам өлмеген екен», - деді. Міне, мен оның осындай 
төрт кесапатты сөзін естідім, - дейді 
Сонда қызы тұрып: 
- Әке, бұл сөздер зор мағыналы сөздер ғой. Сіз оның айтқан сөзіне түсінбеген 
екенсіз. Оның бірінші айтқаны: «Кезекпе-кезек әңгіме айтып отырайық, жол 
қысқарсын», - дегені. Екіншісі: «Егін байдікі ме, кедейдікі ме?» - дегені. Байдікі 
болса - өз көлігімен, кісі жалдап жыртып, өз тұқымын себеді, өнімін ертең өзі 
алады, желінбеген болып саналады. Кедейдікі болса, ол сорлы тұқымды несиеге 
сатып алады, жерді көлік жалдап жыртады, түскен өнімі борыштан аспайды. 
Сондықтан ол шикідей жеп қойғанмен бірдей болады. Үшіншісі: «Баласы бар ма?» - 
дегенді айтқан. Сіз ол жұмбағын шеше алмаған екенсіз, - деген осңғ қарт қателігін 
мойындап, жігіттің қолын алып: 
- Мен сенің айтқан сөздеріңе түсіне алмай, ішімнен саған қатты ренжіп едім. Олай 
емес, сен ақылды жігіт екенсің, - деп, қызын соған беріпті. 
13.Мәтіндегі жігіт пен қарияның іс- әрекетіне қатысты нұсқа 
А) жер тозса – тақыр, ер тозса - пақыр B)Сабақты ине сәтімен C)Көңілсіз жұмыс - өнімсіз 
D)Жолаушыны жол сынацды E)Қысқа жіп күрмеуге келмейді 
14.Қарияның жігіт туралы ойын өзгерткен жағдай 
А)қызының ақылдылығы B)шаһар жолының ұзақтығы C)қазақтың қонақжайлылығы D) 
қызының өтініші E) жігіттің көңілділігі 
15.«Ащы еңбекке - тұщы нан» деген мақал мазмұнымен сейкес келетін жас жігіттің «кесапатты сөзі» 
А)төртінші «кесапатты сөз» B)үшінші «кесапатты сөз» C)барлық «кесапатты сөз» D)бірінші 
«кесапатты сөз» E)екінші «кесапатты сөз» 
16.Жігіт айтқан «кесапатты төрт сөздің» төртіншісінің мазмұнын анықтайтын мақал: 
А)Қонақ қойдан да жуас, май берсе де жей береді B)Жарлының аузы аққа тисе, мұрыны 
қанайды C)ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады D)үйіңе келгенде, үйдей 
өкпеңді айтпа E) бала – артта қалған із, Бақыт – ұзатылған қыз. 
17.Мәтін бойынша жігіттің «жол қысқартайық» деген сөзінің мағынасы 


87474320427 
39
А)тынығып, демалу B)бір-бірін арқалау C)басқа жолмен жүру D)бір-бірімен әңгімелесу E)бір-
бірін қонақ ету 
18.Қарияның «жігіттің сүйкімсіз мінезі бар» деуінің себебі 
А)Қызын сақтандырғандықтан B)жас жігіт болғандықтан C)әңгімесін түсінбегендіктен 
D)қонақ қылғысы келмегендіктен E)жігітті жақтырмағандықтан 
19.Жігіттің «Өлмеген адам екен» деген сөзінің мәні 
А)Ауылдастары көп екен B)Туысы жоқ адам екен C)Баласы жоқ адам екен D)Жора-жолдасы 
көп адам екен E)Артында тұяқ қалған адам 
20.Байдың егініне сипаттама 
А)Жалға алған жерге егілетін егін
B)Борышты өтеуге берілетін егін
C)Көлікті жалға алып жыртатын егін
D)Тұқымы қарызға алынған егін
E) Желінбеген егін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   185




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет