«Ата-аналарға арналған академия» ұлттық жобасы
Қазақстан балалары хал-ахуалының негізі ретінде позитивті ата-ана болу
мәдениетін дамыту мақсатында 2023-2024 оқу жылында Алматы қаласы мен
Алматы облысының пилоттық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарға арналған
академия» ұлттық жобасы апробациядан өтеді.
Жоба білім беру ұйымдарында келесі бағыттарда іске асырылатын болады:
✓
Спикерлер ретінде бала тәрбиесінде табысты тәжірибесі бар аға
ұрпақ өкілдерін тарта отырып «Даналық мектебін» құру.
✓
«Әлеуметтік хал-ахуал», «Эмоционалдық хал-ахуал», «Когнитивтік
хал-ахуал», «Физикалық хал-ахуал» сияқты модульдер бойынша ата-
аналар үшін курстар ұйымдастыру.
✓
Ата-аналардың қажеттіліктері деңгейін анықтау
бойынша
диагностикалауды жүргізу және Ата-аналарға арналған академия
қызметінің нәтижелерін мониторингілеу.
✓
Ата-аналарға арналған академияға ақпараттық қолдау көрсету, оның
қызметін БАҚ, әлеуметтік желілерде жарыққа шығару.
✓
Ата-аналарды оқу-тәрбие үдерісіне тарту бойынша іс-шаралар
ұйымдастыру және өткізу: ата-аналар форумы, конференциялары,
марафоны және т.б.
✓
Позитивті ата-ана болу мәдениетін дамытуда әлеуметтік
серіктестіктер күштерін біріктіру.
1.5 МЕКТЕП КІТАПХАНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫН КҮШЕЙТУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген
алқа мәжілісінде: Білім саласындағы өзгерістер және министрлік қызметінің
нәтижелері туралы (2021 жылғы 15 наурыз), «Оқуға құштар мектеп» жобасы
аясында мектеп кітапханаларының қызметін күшейту, олардың мемлекеттік
тілдегі көркем әдебиет қорын айтарлықтай жаңарту, кітапханашылардың
еңбекақысын арттыру міндеті жарияланды.
https://primeminister.kz/ru/news/rasshirennaya-kollegiya-mon-rk-ob-
izmeneniyah-v-sfere-obrazovaniya-i-itogah-deyatelnosti-ministerstva-1625649
Мектеп кітапханаларының қызметі Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 44 (Қазақстан
Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 ақпанда № 13070 болып
Достарыңызбен бөлісу: |