БӨЛІМ X. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ.МОНИТОРИНГ ТИПТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.
10.1 Табиғи орталардың ластану мониторингі (ТОЛМ):ауыл және өндірістік аймақтардағы атмосфералық ауа, мұнай-газ және энергетикалық салалар.
Мониторинг және оның принциптері мен типтері. Мониторинг дегеніміз – белгілі бір обьект немесе құбылыстың өмір сүру ортасындағы өзіндік іс ірекеті мен құбылысын зерттеу болып табылады. Экологиялық мониторинг (экология және мониторинг) – қоршаған ортаның жағдайын бақылау және тексеру жүйелері. Ол үш сатыдан тұрады:
жағдайды бақылау;
бағалау;
болатын өзгерістерді болжау.
Экологиялық мониторинг нысандарына табиғи, антропогендік немесе табиғи-антропогендік экожүйелер жатады. Экологиялық мониторингтіңмақсаты тек қана деректер жинау емес, сондай-ақ, жүргізілетін тәжірибелер, болжамға негіз ретінде алынатын процестердің үлгілері кіреді. Ға-ламдық көлемде мониторинг жүргізуге авиациялық, ғарыштық және есептеу техникалары пайдаланылады. Қазіргі уақытта экожүйені зерттеуге аэроғарыштық әдістер кеңінен қолданылады. Осы әдіс арқылы табиғатта болып жатқан құбылыстарды, табиғи қорлар жиынтығын, мөлшерін, т.б. экожүйелерді сипаттайтын мәліметтерді білуге болады. Экологиялық мониторинг әр түрлі деңгейдегі буындардан тұратын иерархиялық ұйымдасқан бақылау жүйесі болып табылады. Ондай буындарға ғаламдық (биосфералық), ұлттық, аймақтық, жергілікті Экологиялықмониторингтер жатады. Мысалы, ғаламдық Экологиялық мониторинг халықаралық ынтымақтастық негізінде, ұлттық Экологиялық мониторинг бірмемлекеттің шегінде арнайы құрылған ұйымдар арқылы, аймақтық Экологиялық мониторинг ірі-ірі аудандардың көлемінде, ал жергілікті Экологиялық мониторинг елді мекендерде, өнеркәсіп орт-тарында, кәсіпорындарда қоршаған ортаның сапалық өзгеруіне бақылау ретінде жүргізіледі. Мониторинг термині БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Стокгольмдегі конференциясының алдында (1972) “бақылау” ұғымына толықтыру ретінде пайда болды. Адамдардың іс-әрекеттеріне байланысты Мониторингке деген қажеттілік артуда. Мыс., соңғы 10 жылдың ішінде 4 млн-нан артық жаңа хим. қосылыстар синтезделген, жыл сайын 30 мыңдай әр түрлі химиялық заттар өндіріледі. Мониторинг телевизор бейнелеу, фотография, көп спектрлі түсірілім және т.б. әдістер арқылы іске асырылады. Мониторингтің: базалық, ғаламдық, аймақтық, авиацалық, ғарыштық, т.б. деңгейдегі түрлері бар. Базалық Мониторинг – жалпы биосфераның табиғи құбылыстарына бақылау жүргізу. Ғаламдық Мониторинг – Жер биосферасы мен оның экосферасындағы жалпы әлемдік процестер мен құбылыстарды бақылау. Аймақтық Мониторинг – белгілі бір аймақтағы экологиялық процестер мен құбылыстарды бақылау.
Қоршаған ортаның Мониторингі – адамдардың тіршілік ететін орта жағдайын бақылау арқылы, адамдарға табиғатта болып жататын қауіп-қатерлерді алдын ала ескерту үшін қажет. Сондай-ақ Мониторингтік бақылаулар биосфералық қорықтарда да жүргізіледі. Мониторинг қызметі көптеген елдерде ұйымдастырылған. 1988 жылы қоршаған ортаның дүниежүзілік мониторингі ортасы құрылды
Қоршаған ортаның жерүсті мониторинг системасы
Мониторинг баспалдақтары
|
Мониторинг обьектілері
|
Мониторингтің характерлік көрсеткіштері
|
Биоэкологиялық(санитарлы-гигиеналық)
|
Жердегі ауа қабаты
|
Токсикалық заттар ПДК сы
|
Жер асты және жерүсті сулар, өндірістік және тұтыну қалдық сулары
|
Физикалық және биологиялық тітіркенгіштер (шу, аллергендер ж.т.б.)
|
Радиоактивті шағылулар
|
Шектеулі радиоактивті шағылу
|
Геосистемалық (табиғи-тұрмыстық)
|
Жойылып баражатқан өсімдіктер мен жануарлар
|
Түрдердің популяциялық ахуалы
|
Табиғи экосистемалар
|
Олардың структурасы мен ауытқулар
|
Агроэкосистема
|
Ауылшаруашылық дақылдардың өнімділігі
|
Тоғай экосистемалары
|
Отырғызған тұқымдардың өнімділігі
|
Биосфералық (глобальді)
|
Атмосфера
|
Радиациялық балланс, жылудың көтерілуі, шаңның құрамы
|
Гидросфера
|
Су қоймалар мен өзендердің ластануы; су бассейндері, континенттегі су айналым
|
Топырақ пен өсімдік жамылғысы, жануарлар түрлері
|
Глобальді топырақ жамылғысының, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлардың халі. Глобальді СО2, О2 мен т.б. элементтер баллансы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |