10.3. Радиоэкология, негізгі түсініктері мен радиациялық ластанудың мониторингі
Радиактивті ластану – қоршаған ортаға өте қауіпті әсер әкелетін физикалық ластанудың түрі. Бұл ластану адам денсаулығы мен тірі организмдерге радиациялық сәулелену арқылы зиянды әсер жасайды. Қазіргі уақытта дамыған елдерде ядролық энергетиканың дамуына байланысты қоршаған ортаның радиациялық ластануы үлкен қауіп туғызады. Ластанудың бұл түрі химиялық ластанудан кейін екінші орынға шықты. Радиациялық ластануды мынадай топтарға бөледі:
1) радиактивті заттрдың бөлінуінің нәтижесінде пайда болатын альфа- (гелий ядросы), бета- (жылдам электрондар) бөлшектердің және гамма – сәулелердің әсерінен болатын радияциялық ластану (физикалық ластану түрі);
2) қоршаған ортадағы радиактивті заттардың мөлшерінің көбеюіне байланысты болатын ластану (химиялық ластану түрі.
Ортаның радиактивті ластануына атом қаруына сынау аз үлесін қосқан жоқ, ол радионуклеиттер жауын – шашынның түсуіне әкеледі.Радионуклеиттер – бұл элементтердің электрондарды атомдардан шығарып, олард басқа атомдарға оң және теріс иондар жұбын түзуімен қосуға қабілетті радиобелсенді сәулелену шығаратын изотоптар. Мұндай сәулеленуді иондаушы деп атайды.Гелий ядроларынан (альфа-сәулелену) немесе жлдам электрондардан (бета-сәулелену) тұратын бөлшектер ағынын корпускулалық сәулелену – бұл гамма-сәулелену мен оған жақын рентгендік -сәулелену. Альфа- және бета-сәулелену негізінен организмге түскен кезде оған әсер етеді, ал гамма-сәулелену организмнен тысқары тұрып та әсер ете алады.
Радиациялық ластанудың көздері. Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді. Табиғи факторларға қазба рудалары, жер қабатындағы радиактивті элементтердің бөлінуі кезіндегі сәулелену және т.б. жатады. Радиациялық қауіптің антропогендік әсерлеріне радиактивті затарды өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруды сынауға байланысты жұмыстар жатады. Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс - әрекеттерімен тығыз баланысты:
- атом өнеркәсібі;
- ядролық жарылыстар;
- ядролық энергетика;
- медицина мен ғылым.
Бұлар қоршаған ортаны радиактивті элементтермен және радиациялық сәулеленмен ластады. Бұдан басқа атом өнеркәсібі радиактивті қалдықтрдың көзі болып, адамзатқа жаңа үлкен қауіпті және әлі шешімін таппаған мәселені – оларды көму мен жою мәселелерін алп келді.
Келесі бір қауіпті радионуклид – стронций – 90, ол ядролық сынақтардың нәтижесінде түзіледі. Ол ағзаға асқазан – ішек трактісі, өкпе, тері жабыны арқылы түсіп, қаңқа мен жұмсақ ұлпаларға жинақталады. Стронциц қанада потологиялық құбылыстарды тудырады, ішке қанның құйылуына, сүйек кемігінің құрылысынның бұзылуына әкеліп соғады. Зақымданған соң ұзақ мерзімнен кейін (келесі ұрпақтарда) ісіктер, ақ қан ауруы болуы мүмкін.
Радон - бұл ауыр табиғи радиоактивті газ, мөлдір, түссіз және иіссіз, адам оны не көре алмайды, не сезе алмайды. Радон Rn-222 жер қайнауының қабығында әртүрлі таулы жыныс құрамына кіретін уран мен торийдің ыдырауы нәтижесінде пайда болады, дегенмен оның мөлшері әрбір жерге байланысты қатты өзгеруі мүмкін. Радонның пайда болуы мен таралуын геология зерттейді, өйткені дәл таулы жыныстар оның алғашқы шығу көзі болып табылады. Ең алдымен радонның қоршаған ортада болуы жыныс пен топырақтағы аналық элементтердің шоғырлануына байланысты. Сондықтан қоршаған ортада радонның таралуы жайлы алғашқы түсінікті геологиялық карта бере алады. Радиоактивті элементтердің қандай да бір мөлшерде барлық жерде кездесетініне қарамастан, олардың жер қабығында таралуы біркелкі емес. Уранның ең жоғарғы шоғырлануы атылатын (магматикалық) жыныстарға тән, әсіресе гранитке. Уранның жоғары шоғырлануы қара түсті тақтатастарға, құрамында фосфаты бар шөгінді жыныстарға, сонымен қатар осы шөгінділерден пайда болған метаморфикалық жыныстарға ұштастырылуы мүмкін. Әрине, топырақ та, қалдық шөгінділер де, аталған жыныстардың қайта өңделуінің нәтижесінде пайда болған, сондай - ақ уранмен байытылады. Бұдан басқа радонның негізгі көздері болып құрамында уран (радий) бар таулы және шөгінді жыныстар табылады.
Радон топырақтан жердің бетіне еңіп, атмосферада тез ериді, атмосферада радонның шоғырлануы өте төмен. Бірақ, егер де радон топырақтан ғимараттар сияқты жабық аумаққа енетін болса, онда ол кейбір жағдайларда адамдардың денсаулығына зиян шоғырлануға жинақталады. Үйлерге радон жерден төлелер арқылы енеді, көп мөлшердегі құрылыс - өңдеу материалдарынан бөлінеді. Таза ауадан гөрі ғимараттар ішіндегі ауа алмасуының деңгейі төмен болғандықтан, радонның шоғырлануы, әсіресе қысқы уақыт кезінде, жоғарырақ болады.
Радон суда өте жақсы ериді және ванна бөлмесі мен ас үйде интенситвті шоғырланады (зерттеулер нәтижелері бойынша, ыстық суды 30 минутқа ағызып қойған кезде ванна бөлмесіндегі Rn-222 шоғырлануы 20 - 25 есе өседі). Скважина арқылы алынған суды қолданған кезде радонның шоғырлануы аса интенсивті болады.
Достарыңызбен бөлісу: |