Оқулық " Экология"мамандығы


IX -БӨЛІМ. БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК



бет88/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125
treatise95823

IX -БӨЛІМ. БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан биоалуантүрлілік тірі организмдердің эволюциясының негізгі нәтижелерінің бірі болып табылады. Оны қорғау тек қана жекелеген табиғат қорғаушы мамандар мен энтузиастар үшін негізгі мақсат болып саналмады.

Әрбір биологиялық түрдің жоғалуы орны толмас шығын екендігін және ол тек ғылымға ғана емес, тірі табиғаттың эстетикалық қабылдануында , қоғамның экономикалық мүдделеріне залал келтіретіндігін бүкіл адамзат баласы сезінгендей. Оған іс жүзінде 1992 жылы БҰҰ –ның қоршаған ортаны қорғау және дамыту мәселесі жөніндегі Рио-де-Жанейрода өткен Биоалуантүрлілік туралы Конвенцияның қабылдануы негіз болады, яғни оған 171 мемлекет және Европалық Одақ, сонымен қатар Қазақстан Республикасы да 1994 жылдан бастап толық мүшесі болып табылады.

Жер бетіндегі өсімдік, жануар және микроорганизмдер өзара бір-бірімен және экожүйедегі физикалық компоненттермен тығыз байланысты, бұл тұрақты дамудың негізі болып табылады. Бұл іргетастан қалыптасқан биологиялық ресурстар адам баласының тіршілігін қамтамасыз етеді және қоршаған орта жағдайларына бейімделу мүмкіндігін береді.

Бүгінгі таңда антропогенді әсердің гендер әртүрлілігіне, түрлерге және экожүйеге үздіксіз қысымы орын алуда, бұл болашақта қоғамның тұрақты дамуының алға жылжуын тежейді. Биоалуантүрлілікке түсетін қысымды адам қажеттігі мен табиғат мүмкіндігі арасындағы тепе-теңдікті анықтап сақтаған жағдайда азайтуға болады.

Қазақстан Республикасындағы баға жетпес табиғаттың сыйы болып табылатын биоалуантүрлілікті іс жүзінде сақтауға, қорғауға дайын екендігін 1992 жылы қол қойылған және 1994 жылы бекітілген биоалуантүрлілік туралы конвенция арқылы дәлелдеді. Республикамыз осы бекітілген құжаттар арқылы конвенция шеңберінде өткізілген барлық шараларға қатысуға толық құқық алды және басқа елдердегі бар генетикалық ресурстар мен биотехнология тетіктерімен танысуға мүмкіндік алды.

Көпшілік елдерде биоалуантүрлілікті сақтаудың бір формасы – биосфералық резерваттар құру екендігі белгілі. Дәстүр бойынша қорғалатын аумақтардың (қорықтар тағы басқалары) халықаралық тәжірибе көрсеткендей тиімсіздеу, өйткені жергілікті тұрғындардың бұл ресурстарды пайдалануындағы заңды құқығынан айырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет