Қазақстан табиғаты мен табиғи ресурстарына төніп тұрған әртүрлі қауіп-қатерлерді, ландшафтардың бұзылуы және халық денсаулығына келетін зияндарды алдын алу мақсатында Биология факультетінің Кеңесінің шешімімен 1996 жылдан бастап магистранттар үшін ортақ биоалуантүрлілікті алдағы уақыттарда сақтау, тұрақты даму және биоресурстарды тиімді пайдалану жөнінде жалпы курстарды оқу жоспарына енгізуге ұсыныс жасалды.
Биоалуантүрлілікті сақтау мен оны ұтымды түрде пайдалану қазіргі таңда басты және актуальді проблемалардың бірі болып табылады.Жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің әралуантүрлілігі қоршаған ортаның хал ахуалына тікелей байланысты.Қазіргі таңда антропогендік факторлардың әсері тірі организмдерге күннен күнге күшеюде.
Биологиялық алуан түрлілік конвенциясы — биологиялық алуан түрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық келісім.
1992 жылы 22 мамырда Найробиде өткен БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының конференциясында қабылданды. 1993 жылыКонвенцияға 168 мемлекет (оның ішінде Қазақстан Республикасы) қол қойды. Конвенцияға қол қоюшы мемлекеттер мынадай негізгі баптарды орындауға міндеттенді:
әрбір мемлекет өз ресурстарын табиғат қорғау саласындағы саясатының негізінде қолдана алады және іс-әрекеттері өзге мемлекеттер мен өңірлердің табиғатына зиян келтірмеуін қамтамасыз етуге жауапты;
биологиялық алуан түрлілікті сақтау және тұрақты әрі тиімді пайдалану мақсатында басқа да ортақ мүддесі болған жағдайда мүмкіндігіне байланысты бірігіп іс-әрекет жасайды;
биологиялық алуан түрліліктің құрамдарына, оны сақтауға және тұрақты әрі тиімді пайдалануға кері ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін процестерге, оның зардаптарына тұрақты бақылау (мониторинг) жүргізіледі;
биологиялық алуан түрлілікті және оның құрамын анықтау, сақтау және тұрақты, тиімді пайдалану шараларын іске асыру мақсатында мамандарды оқыту және даярлау бағдарламаларын дайындайды және іске асырады, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қолдау көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |