Оқулық " Экология"мамандығы



бет91/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125
treatise95823

Бедері. Қазақстан жер бедері алуантүрлі. Биік тау жоталары ,терең тауаралық ойыстар және жазықтармен жалғасады, үлкен бөлігінде- құмды массивтер- тас аралас далалар, айнымас бетпақ далалар, биік таулар орналасқан.




1-шi сурет. Қазақстан республикасының картасы.
Қазақстанның үлкен бөлігінде аккумулятивті аллювиальды, пролювиальды және пластовые жазықты ендіктер алып жатыр, оның біраз бөлігін республикамыздың солтүстігіндегі Батыс Сібір ойпаты, батысы мен оңтүстігінде Каспий маңы және Тұран ойпаттары алып жатыр. Республикамыздың орталық бөлігінде Қазақ ұсақ шоқылығы мен Бетпақдала орналасқан. Қазақстан территориясының жер бедері өте-мөте алуантүрлі. Республикамыздың солтүстік-батыс бөлігін оңтүстік үлкен Сырт шеті және Орал жазықтығы алып жатыр (теңіз деңгейінен 354 м) Олардан оңтүстікке қарай кең ауқымды Каспий маңы ойпаты орналасқан. Республиканың оңтүстік батысында- жартылай арал сор топырақты Маңғышылақ орналасқан, іс жүзінде өсімдік жамылғысынан азайған, терең кедір-бұдыр ойпаттары бар. Шығыста Үстірт жазығы (теңіз деңгейінен 340 м). Солтүстік- шығыста Мұғалжардың таулы даласынан басталатын Торғай ,Орал және Мұғалжар оңтүстік шетімен шектеледі. (теңіз деңгейінен 675 м). Мұғалжардың солтүстік- шығысында Торғай жазықтығы (теңіз деңгейінен биіктігі 200-400 м). Оңтүстігінде ол Тұран ойпатына ауысады, Қызылқұм шөліне жалғасады. Арал теңізінің солтүстігінде құмды массив бар: Үлкен және Кіші Борсықтар және Арал Қарақұмы.

Сурет 2. Бедерлер классының қатынасы.
Е
ліміздің орталық бөлігінде Қазақ ұсақ шоқылары. Оңтүстігінде сусыз шөл- Бетпақдала, оңтүстігінде құмды Мойынқұм, шығысты- Балқаш ойпаты және құмды массив Сары ЕсікАтырау. Балқаштың оңтүстігінде Іле ойпаты, шығысы –Сасықкөл-Алакөл аумағы.
Қазақстан аумағының 10 % территориясын тау ландшафтарына тиеселі, яғни тау жүйесін құрайтын солтүстік-шығысындағы Алтай (Белуха тауы теңіз деңгейінен 4973 м), Жоңғар, Талас Алатауы ( теңіз деңгейінен 4488м) және Теріскей Алатауы (Хан-Тәңірі шыңы теңіз деңгейінен -6995 м). Қазақстанның көптеген таулы аймақтарында жаңа тектоникалық қозғалыстар салдарынан жер сілкінісі болу қаупін тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет