Оқулық " Экология"мамандығы


Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы және табиғат ерекшеліктері: жер бедері,гидрографиясы және су ресурстары, климаты, топырағы, ландшафтары



бет90/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125
treatise95823




9.1 Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы және табиғат ерекшеліктері: жер бедері,гидрографиясы және су ресурстары, климаты, топырағы, ландшафтары.

Қазақстан Республикасы Евроазиаттық құрлықтың орталығында (550 260 – 400 560 с.ш.и 460 270- 870 180 в.д) орналасқан, жалпы жер көлемі 2724,9 мың м2 .Ол әкімшілік – аумақтық қатынас бойынша 14 облыстарға бөлінеді. Республикамызда 83 қала бар, басқаласы –Астана қаласы. Халқы 15,9 млн адам. Батыстан шығысқа қарай 3000 км , оңтүстіктен солтүстікке қарай 1800 км аумаққа созылып жатыр.Қазақстан әлем бойынша жер көлемі (2,72 млн км2) жөнінен тоғызыншы орын алады. Мемлекетіміздің батыс шекарасы Каспий теңізі айдынының акваториясынан, Привольже даласынан,солтүстікке көтеріле Орал сілемдерінің оңтүстігіне қарай өтеді, бұдан әрі шығысқа батыс-Сібір жазықтығының оңтүстік бөлігінен Алтай арқаларын бойлайды. Шығыс шекарасы Тарбағатай және Жоңғар арқасы бойынша өтедi, оңтүстiгі - Тянь-Шань және Тұран тауларынан Каспий жиегіне дейiн жетеді.Қазақстанның ең биік нүктесі- Хан-Тәңірі шыңы (теңіз деңгейінен 6995 м биіктікте), ең төменгі - Қарақия ойысы (теңіз деңгейінен 132 м төмен). Қазақстанның солтүстігі мен батысы Ресеймен шекетеседі, оңтүстігінде Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан және оңтүстік- шығысында Қытай (сурет 1). Республиканың географиялық орналасу ерекшелігі оның экономикалық тұрғыда маңызды аумақтармен батысы- Повольже, Орал таулы елі және солтүстігінде Батыс Сібір жазығы және оңтүстігінде Орта Азияның орналасуы. Қазақстан мен осы аумақтардың тығыз экономикалық байланысы бар, әсіресе пайдалы қазбаларды игеруде республиканың шаруашылық саласының дамуына үлкен әсер етеді. Қазақстан территориясының Европа мен Азия аралығының ортасында орналасуы ерте заманнан бері экономика, сауда, мәдениет саясат байланыстарының орталығына айналдырды. Ал қазіргі таңда Қазақстан стратегиялық маңызды Европа, ТМД –ның орта Азиялық бөлігін , қарқынды дамушы Азиаттық- Тынық мұхиты аумағын және Азия құрлығының оңтүстігі аралығын байланыстырушы ролді атқаруда. Республиканың географиялық орналасуы геожүйелер және оның компоненттерінің әртүрлілігін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет