Оқулық " Экология"мамандығы



бет100/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125
treatise95823

Орманды дала және дала
Аймақтар биоауантүрлілігінің жағдайы мал жайылымының нәтижесінде тасымалмен және жерлердің жыртылуымен (20-70% территориялар) тығыз байланысты. Осының салдарынан көптеген түрлер ареалдарының қысқаруына және санының азаюына, экожүйелердің 250 астамының жойылуына немесе орын алмастыруына әкеп соқтырды.
Жабайы шөптердің табиғи флорасындағы сирек және құнды түрлердің популяциясының алмасуы, ареалдарының қысқаруы салдарынан биоалуантүрліліктің жалпы айқын кедейленуі байқалады.
Дағдарыс жағдайы қарашіріктің айтарлықтай кемуінен (айдалған жерлердің 30% дейіні), топырақтың сулы және желді эрозиясыммен күшейе түседі. Осы аймақтардағы қылқанды ормандардың жағдайы қанғаттандырарлықтай, бірақ ареалдардың қысқарғандығы байқалады (сур. 11).

Сурет 11. Орманды дала және даладағы деградациялық процесстер

Шөл
Шөлдегі биоаулантүрліліктің жағдайы өсімдіктер мен топырақтың жергілікті деградациясымен, барлық жерлерде күшті және қалыпты шөлейттену деңгейімен сипатталады. Сонымен, жалпы ауданы 136,2 млн га (тау етегіндегі шөлдерді қосқанда) аумақтың 15 млн га қатты ластанған, 30 млн га жел эрозиясына ұшыраған, 40 млн га – антропогенді әсердің салдарынан сортаңданған, соның ішінде жайылымдықтар мен суармалы жерлерде (2,3 млн га). Топырақтың бұзылуы флораның кедейленуі мен алмасуына, экожүйенің тұрақсыздығына, өнімділіктің төмендеуіне алып келеді. Жерлерді мал жайылымына шамадан тыс пайдалану, пайдалы өсімдіктер мен отыннан шикізат дайындау, өзендердің ағысын реттеу, мұнай мен басқа да пайдалы қазбаларды өндіру, өндірістер мен транспорттық қатынастардың әсері экожүйенің деградацияға ұшырауына, олардың жойылуына, түрлердің арелдары мен санының қысқаруына, фауна мен флораның сирек және құнды түрлерінің және популяциялараның, жануарлардың тіршілік ортасының жойылуына алып келеді. Құмды дала және сексеуілді орман экожүйесінің 30-40% жергілікті дағдарыстар байқалады. Ал сексеуілді орманның 50% сиреп, 40% жуық сексеуілдің жас бұталары жойылып кеткен (сурет 12).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет