6-шы кесте
Табиғи кешендердi сақтауға бағдарланған республикалық мәні бар ЕҚТА- дың құрамы мен өлшемдері
Көрсеткіштері /түрі
|
Саны
|
Аумағы млн га
|
Елдегі территорияларға қатынасы
|
Барлық ЕҚТА (қорықтар, қорықшалар, табиғи ескерткіштер,қорық зоналары)
|
104
|
12,33
|
4,52
|
Табиғат ескерткіштері
|
26
|
0,006
|
-
|
Қорықтар
|
9
|
0,95
|
0,34
|
Ұлттық парктер
|
7
|
1,4
|
0,51
|
Қорық зоналары
|
5
|
4,4
|
1,61
|
Қорықшалар
|
57
|
|
2,0
|
ЕҚТА саны,аумағы 100 000 га жоғары
|
21
|
|
|
ЕҚТА саны, аумағы 1 млн га жоғары
|
4, Каспий теңізінің қорғалатын аумағын қоса есептегенде
|
Рамсарск конвенциясының объектілер саны (халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер).
|
3
|
0,7
|
0,25
|
Бүкіл әлемдік табиғи мұра болатын объектілер саны
|
0
|
|
|
Трансшекаралық ЕҚТА саны
|
0
|
|
|
Биосфералық резерваттар саны/ қорықтар
|
0
|
|
|
Теңіз ЕҚТА саны
|
0
|
|
|
Каспий теңізінің қорықтық аймағы мен «Алматы», «Рақман кілті» қорықтары ұлттық саябақтардың құрамына кірмеген. Қорықтық аймақтардың қол жетімділігі, әкуімшілік пен штаттық қызметкерлердің болмауы қорғаудың осы түрін тиімсіз етеді. Каспий теңізі қорықтық аймағында 25 жыл бойы мұнай шикізаты алынып келген. Соңғы 3 жылда мұнай компанияларының әрекеттері (арал кешендірінің құрылысы, құрылығылар мен бұрғылауды монтаждау, аралдан құрлыққа құбырларды тарту) тікелей шельфтық зонада жүргізілуде. Каспийдің қазақстандық жағалауында, сонымен бірге Орал мен Жайықтың атырауында бірде бір қорық ұйымдастырылмаған. Ал Каспийдің басқа елдердегі бөлігінде олар бар және трансшекаралық суқоймалардың биологиялық алуантүрлілігін сақтау мәселелерін сәтті шешуде.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтау конвенциясы
Еx situ сақтау. Биологиялық алуантүрлілік кешендерін олардың табиғи мекен ортасынан тыс сақтау Қазақстан Республикасында ботаникалық бақтар мен зоологиялық саябақтарда жүргізіледі. Алматыда орналасқан басты ботаникалық бақ, өзінің шеткі бөлімшелерімен (Алтай, Қарағанды, Жезқазған, Іле) және Маңғышлақ экспериментальды ботаникалық бағында ауыл шаруашылық емес өсімдіктердің гермоплазмалардың Орталық Азиядағы қоры шоғырланған. Ботаникалық бақтардың коллекциялық генофондына 4012 гүлді – декоративтік, 1985 бұталы, 987 тропикалық және субтропикалық, 794 тұқым – жемісті, 572 техникалық, 459 дәрілік және 257 азықтық өсімдіктердің түрлері кіреді. Қазақстанның ботаникалық бақтарындағы коллекциялық және экспозициялық аймақтарында сирек түрлердің саны көп кездеседі: Бас ботаникалық бақта – 225, Алтайда – 150, Орталық Қазақстанның ботаникалық бағында 50 түрі бар. Өкінішке орай, Қазақстанда ботаникалықбақтардың орналасуы елдің негізгі табиғи – климаттық аймақтарын қамтымайды, сәйкесінше, Қазақстанның сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктерін өсіру, көбейту, реинтродукциялау бойынша мүмкіншіліктерін кеңейтуге мүмкіндік бермейді.
Қазақстан республикасында 3 мемлекеттік зоологиялық саябақ бар – Алматы, Қарағанды және Шымкент зообағы, олардың коллекциясында сирек және жойылып бара жатқан жануарлардың 500 астам түрлері бар. Осы зоологиялық бақтарда жануарларды ұстау климаттық және басқада жағдайларға сәйкес Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жануарлардың сирек түрелерін сақтау мен көбейту, өсіруі бойынша өзіндік сцециализациясы анықталған. Осындай жануарлардың Алматы зообағында 39 түрі, Шымкентте – 21, Қарағандыда – 10 түрі бар. Сонымен қатар, республикамызда арнайы жауарларды осіретін питомниктер де жұмыс жасайды, осылардың жарқын мысалы ретінде «Сұңқар» питмнигін айтуға болады, ол негізінен сұңқарды өсірумен айналысады, жекеменшік мекеме Зоология институтының орнитологтарымен, Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы мен Ғылым министрлігінің жануарлар генофонды мекемесінің мамандарымен бірге жұмыс жасайды. «Сұңқар» питомнигіи 6 жылда сұңқардың 222 балапанын алып, оның 81 данасы Алматы облысындағы осы түрдің табиғи популяциясының санын көбейту үшін еркіндікке жіберілген.
Достарыңызбен бөлісу: |