Оқулық " Экология"мамандығы


Ұлттық қауіпсіздік және биоалуантүрлілікті сақтау жүйелері



бет106/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125
treatise95823

9.6 Ұлттық қауіпсіздік және биоалуантүрлілікті сақтау жүйелері.
Мемлекеттік саясат. «Қазақстан республикасының 2030 жылға дейін даму стратегиясы» мемлекеттік бағдарламасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласының басты мақсаттары қоршаған орта сапасын тұрақтандыру, адамдардың өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз ету және болашақ ұрпақтар үшін табиғи ресурстарды сақтау болып табылады. 1994-2001 жылдары Қазақстан республикасы халықаралық қауымдастықтар алдындағы жауапкершілік пен табиғи ресурстарды сақтауды мақұлдап, 19 конвенцияға қол қойып, оған мүше болды, осы конвенция барлық биологиялық компоненттермен бірге трансшекаралық аспектілерді де сақатауды қамтиды.
Қоршаған орта сапасын тұрақтандыру саласындағы саясат мынаған бағытталған:
-Табиғи ресурстарды иелену, тарату және басқару бойынша мемлекеттік қызметтірді қамтамасыз ету;
-Экономиканың ресурссиымдылығын азайту және өнім бірлігіне табиғи ресурстар шығынын қысқарту;
-табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану арқылы тұрақты экономикалық өсумен қамтамасыз ету;
-қоршаған орта жағдайын талдау, байланыстардың себеп-салдарын және объективті критерийлерді анықтау.
Халықаралық донорлы қауымдастықты қолда барысында «Тұрақты дамуға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралардың ұлттық жоспары», биоалуантүрлілікті сақтау бойынша ұлттық стратегия мен жоспар, құрағақшылықпен күресу шаралары, орман, сулы-батпақ және тау экожүйелерін қорғау бойынша жобалық құжаттар әзірленді. Тұрақты дамуға арналған басты стратегиялық құжаттар жасалынып жатыр: «Тұрақты даму концепциясы» мен «21 ғсырдың күн тәртібі».
ҚР табиғатты қорғау жөніндегі заңдары.
1995 жылы 30 тамыздағы бүкіл халықтық референдумда қабылданған ҚР-ның Конституциясына сәйкес біздің елімізде табиғатты қорғау жөнінде заңдар қабылданған. Бұл заңдар мен нормативтік актілердің жүйесі болып табылады; ел тұрғындарының өмірі мен тіршілігінің негізі ретінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін ҚР халықаралық және басқа да міндеттері.
ҚР табиғатты қорғау жөніндегі заңдарға келесілер жатқызылады: Заңды күші бар Президенттің бұйрығы, Президенттің басқа да нормативтік құқықтық актілері; Үкіметтің нормативтік құқықтық актілері; ведомоствалық және басқа да құқықтық актілер; ҚР халықаралық міндеттері.
ҚР мемлекеттік тәуелсіздік жылдарында қоршаған ортаны қоғау бойынша, биоалуантүрлілікті сақтау мәселелерін, кеткен шығындар үшін жауапкершілікті реттейтін келесі заңды актілер қабылданды:
ҚР Орман кодексі, 1993 жылдың 23 қаңтарында қабылданған
ҚР Су кодексі, 1993 жылдың 31 наурызында қабылданған. «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы» ҚР заңы, 1993 жылы 21 қазанда қабылданған. Заңды күші бар ҚР президентінің бұйрықтары: «Мұнай туралы» 1995 жыл 28 шілде; «Жер туралы» 1995 жыл 22 желтоқсан; «Жер қойнауы және»жер қойнауын пайлану жөнінде» 1996 жыл 27 қаңтар.
ҚР Заңдары: «Экологиялық экспертиза туралы» 1997 жыл 18 наурыз; «Қоршаған ортаны қорғау туралы» 1995 жыл 15 шілде; «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» 1997 жыл 15 шілдесінде қабылданған.
ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» базалық табиғатты пайдалану Заңы қазіргі және болашақ ұрпақтар қызығушылығындағы қоршаған ортаны қорғаудағы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды және экологиялық қауіпсіздікті қаматамасыз етуге, экологиялық жүйе мен биологиялық алуантүрлілікке шаруашылық және басқа да әрекеттердің зиянды әсерін болдыртпауға бағытталған. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау мақсаттарымен тікелей біздің елімізде «Жануарлар әлемін қорғау, ұдайы өндіру және пайдалану туралы», «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» және «Орман Қодекстері» сияқты заңдар жұмыс жасайды. Қазақстанда табиғи ресурстарды пайдаланудың мақсаты, қорғау режиміне және ерекшеліктеріне сәйкес оның келесі түрлері ажыратылады:
-табиғи қорықтар, биосферамен бірге;
-ұлттық табиғи саябақтар, табиғи саябақтар, зоологиялық саябақтар, табиғи қорықшалар, ботаникалық бақтар.
-қорғалатын аймақтар, табиғи ескерткіштер, ерекше қорғалатын орманды алқаптар, мемлекеттік немесе ерекше ғылыми маңызы бар суқоймалар, халықаралық маңызы бар батпақты-сулы жерлер, ерекше экологиялық, ғылыми, мәдени және басқа да құндылықтары бар жер қойнаулары.
Биологиялық алуантүрлілікті сақтаумен тығыз байланысты ҚР «Орман кодексінің» міндеттері орман ресурстарын ұтымды және жауапкершілікпен пайдалану үшін жағдаймен қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылығы саласындағы қатынастарды реттеу, оларды қорғау, сақтау және қалпына келтіру болып табылады. Арнайы бөлім фауна мен флораның өкілдерін интродукциялау мен реинтродукциялау, орман экожүйесінің генофондын пайдалану мәселелерін жарнамалайды. ҚР Орман туралы заңына сонымен бірге көптеген нормативтік құқықтық актілер жатады, олардың көпшілігі орман экожүйесінің флорасы мен фаунасының алуантүрлілігін сақтаумен тікелей байланысты.
Елдің биологиялық алуантүрлілігін пайдалануды теңдестіруге және сақтауға бағытталған нормативтік актілерден ҚР Жоғарғы Соты мен Үкіметінің қаулыларын ерекше ескеру қажет:
«Ақбөкендердің популяциясын сақтау, көбейту және үнемді пайдалану бойынша қосымша шаралар туралы» 1991 жылы 23 тамызда № 484 қаулы;
«Биологиялық алуантүрлілік және оның міндеттерін атқаратын ұйымдас туралы Конвенцияны ҚР қабылдауы туралы» 1994 жылы 19 тамыз № 918;
«Қызыл кітапқа енгізілген аулауға тиым салынған жануарларды зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы» 1995 жылы 28 наурыз № 348;
«ҚР территориясындағы жануарлар әлеміне мемлекеттік кадастр жүргізу және жануарларды мемлекеттік есептеуді реттеудә бекіту туралы» 1995 жылы 21 тамыз № 1153. Осы қаулы жануарларлар әлеміне Мемлекеттік кадастрды жүргізуді және жануарларға мемлекеттік есеп өткізуді міндеттейді, сондай-ақ ҚР территориясында жануарлар әлемін қорғау мен ұқыпты пайдалануды қамтамасыз ету үшін географиялық таралуы, олардың жағдайы мен саны, мекен ортасының ерекшелігі, шаруашылыққа пайдалану мен басқа да мәліметтердің үйлесім табады;
««Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық саябағының территориясындағы Қызыл Кітапқа енгізілген аулауға шектеу қойылған жануарлар зерттеу бойынша ғылыми эксперимент жүргізу туралы» 1995 жылы 5 желтоқсан №1667;
«Алматы облысында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағын құру туралы» 1996 жылы 22 ақпан № 415;
«Көкшетау облысында «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық саябағын құру туралы» 1996 жылы 10 ақпан № 415;
«Талдықорған облысында «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық саябағын ұйымдастыру туралы» 1996 жылы 10 ақпан № 416;
«1997 жылға ҚР балық шаруашылық суқоймаларында теңіз жауарларын алу мен балықтарды аулау көлемін (шектеу) бекіту туралы» 1997 жылы 10 қаңтардан №40.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет