Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда биоалуантүрлілікті сақтау.
Қазақстанда өсімдіктер мен жануарлар әлемінің, типтік, уникалды және сирек ландшафттардың биологиялық алуантүрлілігін сақтау мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аймақтар құрылған. Статустарды, функцияларды, құқықтар мен міндеттерді реттейтін негізгі заң 1997 жылғы «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» заңы болып табылады. Құрылу және қорғау режиміне байланысты ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың республикалық және жергілікті маңызы бар 13 түрі ажыратылады (6 кесте).
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар қызметінің 70-жылдық тәжірибесіне сәйкес биоалуантүрлілік пен ландшафтарды қорғаудың ең тиім түрі қорықтандыру болып табылады, яғни аймакқты шаруашылық пайдаланудан толық босату, мелкеттік табиғи қорықтар ұйыдастыру. Қорықтың территориясынан 2 шақырым жерде шаруашылықпен айналысатын субъектіның буферлі зонасында пайдалану режимі болса қорықтың табиғатына кері әсер төмендей. Қазіргі 9 қорықтың 1 млн га (ел территориясының 0,4 %) ауданда барлық биоалуантүрліліктің 70 пайызы шоғырланған. Бұр бірқатар факторларға негізделінген:
Ең жоғарғы қауіпсіз режим есебімен қорықтың жер аумағы таңдалды;
Қорықта ғылыми және инспекторлы қызметкерлердің болуы, қорғаудың қатаң тәртібін бекіту және сақтау, қорғалатын объектілердің санына есеп жүргізу;
Қорық территориясының антропогенді әсерлерден табиғи қорғау (жер бедері, маңызды кеңістік, елдімекендерден алшақ болу);
Қорықпен іргелес территориялардағы өсіп жатқан техногенді және антропогенді прессингтер, өсімдіктер мен жануарлардың мекен ортасын жойылуына алып келеді.
90-шы жылдардың ортасында қорықтарды ұйымдастыру жұмыстары айтарлықтай тоқтап қалды, Қазақстанда соңғы құрылған қорықтың бірі Алакөл қорығы, 20 мың га аумақта құрылған, негізінен 60 мың га аумаққа ұсыныс берілген. Қорықтарды ұйымдастыруды тоқтап қалудың себептері:
Жайылымдық, егіншілік, аңшылық, ормандық, балық шаруашылық орындар ретінде қарастырылатын жоғары өнімді аймақтарды қолданыстан алып тастауға шаруашылық субъектілер мен жергілікті басқару органдарының құлықсыздығы;
Жаңа қорықтарды сақтауға бөлінетін бюджеттік қаржының жоқтығы мен басқаратын министрліктердің табиғи ландшафтар мен биоалуантүрлілікті сақтаудың әлеуметтік – экономикалық, экологиялық және ұлттық маңыздығын дұрыс бағаламау.
Қазақстанда соңғы 10 жылда мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар дамыды.Адтайдың Қазақстандық бөлігінде 670 мың га жерге ұйымдастырылған ең жас және ең үлкен Қатон – Қарағай ұлттық саябағына үлкен үміт артып отыр, бұл трансшекаралық табиғатты қорғау объектісі болып табылады.
Қорықшаларды құрудың мақсаты табиғи кешендерді сақтау болып табылады, олар аборигенді фауна мен флораның өсу, тіршілік ету және көбею ортасы болып саналады. Қорықтармен салыстырғанда қорықшалардағы қорғау режимі аздап тиімсіз, себебі шаруашылықтың негізгі түрлерін жүргізуге тиым салынбайды, ал территорияны қорғау негізінен маусымдық сипатқа ие. Қазақстан республикасы Үкіметінің 25.05.2001 жылғы № 2382 қаулысына сәйкес республикалық маңызы бар үш мемлекеттік қорық аймағы құрылды: Кендірлі – Қаясай (1,231 мың га), Қаратау және Арыс (404 мың га) және Жусандала (2,757 мың га). Сонымен бірге республиканың ірі өзендірінің дельтасы мен уылдырық шашатын орындарына қорықтар ұйымдастыру қажет – Орал, Жайық, Іле, Сырдария, Ертіс, Лепсі, Қаратал, Кіші Арал, Зайсан, Балқаштың жағалауларын; Жоңғар, Тарбағатай, Қаратаудың таулы – орманды сілемдерін қамқорлыққа алу қажет; Ериментаудың жайылымдық аумақтарын; Орал өзені бойындағы еменді ормандарды.
Сондай –ақ, Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қаржыландыру шамалы ғана, осындай факторларда биоалуантүрлілік пен керемет ландшафтарды қорғауды тежейді, айтарлықтай қиындықтар тудыртады. Бірқатар қорықтар мен ұлттық саябақтардың ғылыми және экскурсиялық бөлімдері жоқ, тұрғындарды эстетикалық және тәрбиелік тәрбиелеу бойынша жұмыстар жүргізілмейді. Ерекше қорағалатын табиғи аймақтарды пайдаланған үшін төленетін айып пұлдар мен басқа да қаржылар өзінің көздеген мақсаттарына жұмсалынбайды. Заңсыз аң аулау, аңшылық жасау, ойын – сауық туризмі, ормандарды кесу, балық аулау, шаруашылық мақсаттар үшін жерлерді пайдалану сияқты әрекеттер елдің табиғи ландшафтарына кері зиянын келтіруде, осындай олқылықтардың алдын – алатын шаралардың ұйымдастырылуыда шамалы.
Достарыңызбен бөлісу: |