Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияны жүзеге асыру бойынша институттық негіздеме мен ұйымдастырушылық іс әрекет.
Қазақстан Республикасының мемлкеттік басқаруындағы орталық және аймақтық заңды және атқарушы органдар қоршаған ортаны қорғаудың заңды және стратегиялық негіздемесін құрастырады. Биологиялық алуантүрлілікті сақтау және пайдалануды теңдестіру және сақтау үшін табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлем ақы бекітеді, сонымен бірге табиғатты қорғау заңдарын бұзғаны үшін табиғат ресурстарын пайдалануға шектеу қойып, қорғалатын табиғи аймақтарды құру туралы шешім қабылдайды.
Қоршаған ортаны қорғау бойынша ҚР орталық атқарушы органы ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігі және оның жергілікті органдары болып табылады. Орталық Министрлік аппаратының құрамына қіреді: Экология комитеті, Геология және жер қойнауы комитеті. ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігінің басқаруында «ҚР экология, геология және табиғи ресурстардың ақпараттық-аналитикалық орталығы» Мемлекеттік мекемесі болады. Министрліктің жұмысында басым төрт бағыт анықталған – қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдалануды теңдестіру, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің алуантүрлігін сақтау, экологиялық жаңарту.
Экология және табиғи ресурстар Министрлігімен оның аймақтық басқармаларынан басқа биологиялық алуантүрлілікті сақтау және ұтымды пайдалану процессіне келесі мекемелер де тартылған:
Ғылым Министрлігі – Ғылым Академиясы
Ауыл шаруашылық министрлігі – оның құрамына кіретін Орман, балық және аңшылық шаруашылығы Комитеті, Су жунуарлары жөніндегі комитет, Ветеринария туралы Комитет, Жер ресурстарын басқару бойынша Комитет;
Білім, мәдениет және денсаулық Министрлігі;
Қаржы Министрлігі;
Шетел істері жөніндегі Министрлігі;
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттік;
Төтенше жағдайлар жөніндегі Министрлік;
Экологиялық бағыттағы үкіметтік емес ұйымдар.
Сонымен бірге республикада ғылыми-зерттеу мекемелері мен тәжірибелік станциялардың өте кең желісі бар, қазір Ғылым орталығының саласына біріктірілген. Олар физиологиялық – биохимиялық, селекциялық – генетикалық зерттеулермен және өсімдіктердің бағалы тұқымдары мен будандарын құрумен айналысады, яғни биологиялық алуантүрлілікті көбейтуде тікелей жұмыс жасайды:
Ботаника және фитоинтродукция институты;
Зоология және жануарлардың генофонды институты;
Микробиология институты;
Топырақтану институты;
А.И.Бараев атындағы Қазақтың астық шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты;
Қазақтың картоп және жеміс шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты;
Қазақтың тұқым және жүзім өсіру ғылыми-зерттеу институты;
Қазақтың қорек өндірісі және жайылымды ғылыми – зерттеу институты;
Қазақтың қаракөл өсіру ғылыми – зерттеу институты;
Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты;
Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты;
Қызылорда агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты;
Қарабалық ауыл шаруашылық тәжірибелік станциясы;
Н.И.Вавилов атындағы генофонд станциясы.
«Биологиялық алуантүрлілік және оған жүктеген міндеттерді үйымдастыру туралы Конвенцияны ҚР мақұлдау жөніндегі» ҚР Үкіметінің 1994 жылға 19 тамызында қабылдаған № 918 Қаулысына сәйкес Экология және табиғи ресерстар министрлігіне биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияда қарастырылған ҚР міндеттерінің орындалуын бақылау мен реттеу қызметтері жүктелген. Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияны біздің еліміз ратификациялағаннан кейін Экология және табиғи ресурстар Министрлігі Конвенция шарттарын Қазақстан Республикасының атқаруын қамтамасыз ету бойынша Ведомства аралық комиссияны құрды, қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен эксперттері кіреді. Республиканың өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау мақсатымен тікелей байланысты министрлік республикалық маңызы бар нормативтік - әдістемелік құжаттар жасады: «Биоресурстарға (топырақ, өсімдіктер, жануарлар әлемі) белгілі шаруашылық әрекеттерінің әсерін бағалауды жүргізу бойынша ұсыныс» және «Шаруашылық әрекеттер жобасындағы қоршаған ортаны қорғау» бөлімі құрамындағы топырақ, өсімдіктер мен жануарлар әлемін қорғау бойынша ұсыныс». Қорықтар территориясының маңындағы аудандарда экологиялық қауіпсіз шаруашылық жүргізетін заңды және жеке тұлғаларға материалдық стимул жасау және жәрдем ақылар беру жұмыстары жүргізіледі, сонымен бірге қорғалатын аймақтарда өсімдіктер мен жануарлардың генофондын сақтаумен айналысатын субъектілердің шаруашылығын кеңейту. Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенция мемлекеттік тілге аударылған. Ғылым министрлігі Қазақстан республикасының Ұлттық Ғылым академиясымен бірге биологиялық алуантүрлілікті тұрақты сақтау мен үнемді пайдаланудың Ұлттық бағдарламасын жасады, сонымен бірге қоршаған ортаның ғаламдық экологиялық табиғи – ресурстық мониторингі құрамындағы оның құрамдас бөліктерінің мониторингі жатады. Осы бағдарлама Қазақстаннның табиғи кешендерінің биологиялық алуантүрлілігіне фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулерді күшейтуді қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық министрлігі Ғылым министрлігімен, Ғылым Академиясымен және Қазақстанның Шекаралық қызметімен бірлесіп Қазақстанның табиғи фаунасы мен флорасына бөгде және тән емес түрлердің интродукциясын алдын алу немесе болдыртпау бойынша шараларды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға кірісіп кетті, олардың енуі немесе жерсінуі жер беті және су экожүйесіне едәуір шығын келтіреді. Сонымен бірге осы мекемелер бірлесе отырып үй жануарларының аборигенді тұқымдарының генетикалық қорын сақтау және қайта қалпына келтіру бойынша, ауыл шаруашылық өсімдіктердің тұқымдарын жақсарту жұмыстары бойынша шаралардың кешенін ұйымдаутыруға атсалысуда. Сондай-ақ елдімекендердегі тауар өндірушілермен бірге агроэкожүйенің биологиялық алуантүрлілігін сақтауды ғылыми негіздеу шаралары да қарастырылған.
Білім және ғылым министрлігі, Ғылым академиясы Экология және табиғи ресурстар Министрлігі мен Орман және аңшылық Комитетімен бірлесіп Қазақстан ормандыраның биологиялық алуантүрлігігін сақтау және пайдалануды теңестірудің бағдарламасын жасады, ол негізінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік – шығысындағы жабайы тұқымды және жаңғақтұқымдас ормандардың түрішілік алуантүрлілігін сақтауға бағытталған.
Экология және табиғи ресурстар министрлігі Білім және ғылым министрлігімен, Ғылым академиясымен бірлесіп шөлейіттенуге қарсы күресудің Ұлттық жоспарын жасады, осы жоспардың басым бағыттарының бірегейі табиғи және антропогенді сипаттағы әртүрлі факторлардың биологиялық алуантүрлілікке кері әсерін төмендету болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының басты қадамы қоршаған ортаны қорғау бойынша әрекет ететін Ұлттық Жоспарларды құру процессі болды, оларға биологиялық алуантүрлілікті сақтау басым бағытқа айналды. Биоалуантүрлілікті сақтау және пайдалануды теңестіру бойынша әрекеттердің Ұлттық стратегиясы мен жоспарын жасауға Қазақстан Республикасы 1996 жылы кірісті, осының барысында Экология және табиғи ресурстар министрлігі жанында биологиялық алуантүрлілік, экономика, жоспарлау, юриспруденция саласындағы эксперттерді біріктірген уақытша шығармашылық ұжым (45 адам) құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |