Оқулық " Экология"мамандығы


Биоэкология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы, қысқаша даму тарихы



бет4/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
treatise95823

1.2Биоэкология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы, қысқаша даму тарихы
Биоэкология ғылымының дамуының алғашқы элементтерін б.ғ.д VІ – ІІ ғасырлардағы кейбір деректерден кездестіруге болады. Алғашқы биоэкологиялық зерттеулердің кейбір элементтері көне дәуірдің Үнді поэмасы «Рамаян» және «Махабхарат» аңызында сипатталған жануарлардың (қабан, бұғы, елік, жабайы бұқа, жолбарыс, аю, кит т.б) 50 –ге жуық түрлерінен бастау алады. Мұндай деректе жануарлардың тіршілік ету ортасы , қорегі, көбеюі, тәуліктік тыныс- тіршілігі , маусымдық өзгерістерге байланысты құбылуы, құрғақшылыққа төзімділігі т.б туралы мағлұматтар кездеседі.
Биоэкология ғылымының одан әрі дамуына көне грек оқымыстылары үлкен үлес қосты. Аристотель (384- 322 ж.ж. б.ғ.,д) «Жануарлар тарихы» еңбегінде «Жануарлар өзіндік әрекет етуі, мекен ету ортасы, тіршілігі арқасында өзін-өзі реттеп отырады» делінген.
Экологиялық тұрғыдан бұдан басқа Аристотель шәкірті Теофасттың (370-285ж.ж б.ғ.д) типті мекен отрасында өсімдіктің табиғи топтасуы мен жануарлардың бейімделу мүміндіктеріне берген сипаттамасы болды.
Рим оқыстыларының алғашқы экологиялық ой – пікірлердің қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан Пилиннің (23-79 ж.ж. б.ғ.д) «Табиғи тарих» атты еңбегі болды.
Р. Бойль (1627-1691) әртүрлі жануарлар дүниесіне төменгі атмосфералық қысымның әсерін салыстрмалы түрде экологиялық эксперимент жасап дәлелдеуі арқылы жаңару ғасыры басталды.
Атақты, голландық зерттеуші Антони ван Левенгук (1632) алғаш рет жануарлар популяция санының реттелуі мен қоректік тізбекті зерттеді, жануарлар экологиясының дамуына үлкен үлес қосты.
Сондай-ақ экологиялық ой–пікірлердің қалыптасуына өзіндік үлес қосқан француз табиғат зертеушілері Рене Реомюр (1683-1757) , Жорж Бюффон (1707-1788) және .т.б.
XVIII ғасырда әлі де болса экологиялық заңдылықтардың теологиялық ұғымы болды. Карл Линней (1707-1778) (Швеция) – биологиялық түрлердің тіршілік ету мүмкіндіктерінің бірліктерін ретке келтірді.
Жан Батис Ламарк (1744-1829) (Франция) – алғашқы болып өз пікірінде планетамыздағы тірі және өлі заттардың бірыңғай байланысы бар екенін, биосфераның біртұтастығын айтқан болатын. Әсіресе, осы кездегі оның «Адам баласының пайда болуы, бағыт – бағдары өзін – өзі құртуы, оған қоса Жер планетасын жарамсыз етуі» - деп көрегендікпен айтқан болатын.
Экология барлық ғылым салалары секілді үздіксіз дамыды, бірақта адамзаттың даму тарихында тұрақты дамымады.
Орта ғасырда табиғатты зерттеуге деген қызығушылық төмендеп, оның орынын құдайға сыйыну және схоластика басты. Көптеген дарынды тұлғаларда тіршіліктің қалыптасуы туралы мәліметтердің жинақталуы, сыртқы жағдайға байланысты өсімдіктер мен жануарлардың таралуына өздерінің сипаттама беруі, экология туралы еңбектері XVIII-XIX ғасырда «Биологияның қайта өркендеуі» кезеңінде шығарылды. XVIII ғасырдың басында Антон ван Левенгук алғашқы бірден-бір микроскопты игерген белгілі ғалым, сонымен қатар ағзалардың реттелу жиілігін және қоректік тізбекті зерттеуші пионер. Ағылшын ғалымы ботаник Ричард Бредли еңбектерінде биологиялық өнімділік туралы нақты мәліметті көрсетті. Экологиялық ойлаудың қалыптасуына үлкен үлес қосқан К.Линней (1707-1778) және Ж.Бюффон (1707-1788). К.Линней жануарлар мен өсімдіктер систематикасының негізін қалаушы, фенологиялық бақылаудың бастамашысы болды. Ж.Бюффон өсімдік пен жануарлардың тіршілігіне климаттың әсері жөнінде, басқа да ішкі жағдайларын сипаттап, көптеген мысалдар келтірді. Жан-Батис Ламарк (1744-1829 жж.), эволюциялық ілімнің бірінші авторы, өсімдіктердің және жануарлардың эволюциясы, ағзалардың бейімделушілігінің өзгеру себептерінің бірден-бір маңыздысы – «сыртқы жағдай», - деп санады.
Бұл кезеңде Ресейде жануарлардың және өсімдіктердің түрлік құрамы ғана емес, ағзалардың өмір сүруі және сыртқы жағдайлардың құрылымына әсері, өсімдіктердің өсетін жерлері, жануарлардың өмір сүруі туралы көптеген мәліметтер жинақталды. Бұл мәліметтер Петербург ғылым академиясы ұйымдастырған әртүрлі аумақтардың аудандарына жасалынған ғылыми экспедициялардың нәтижелерінен алынды, И.И.Лепехин, С.П.Крашенинников, П.С.Паластың және орыстың географтары мен натуралистерінің еңбектерінде келтірілді.
Экологиялық ойлауға өз еңбектерімен үлкен әсерін тигізген немістің белгілі табиғат зерттеушісі, географ және саяхаттаушы ғалым А. Гумбольдт (1759-1859 жж.). ол ботаникалық географияны қалыптастырушы, таудағы көлденең белдеудегі өсімдіктерді және климатты-өсімдіктер аймағы туралы ілімнің негізін салушы. Жануарлардың мінез-құлықтарына экологиялық тұрғыдан сипаттаманы сол уақыттағы орыстың көптеген ғалымдары жасады. К. М. Бэр (1792-1876), К. Ф. Рулье (1814-1858), Н. А. Северцев (1827-1885) өз еңбектерінде жануарлардың өмірін зерттеп, олардың қоршаған табиғи ортамен қарым -қатынасының қиын екендігі туралы келтіріп, экология ғылым ретінде қалыптасуында маңызды ролдері болды.
Экологияның бағытының биологияға қарай дамуына үлкен әсерін тигізген ұлы тұлға Ч.Дарвин (1809-1882) еді.
1859 ж. жарияланған «Түрлердің дамуы табиғи сұрыпталу арқылы өтеді» атты еңбегінде ол жануарлар мен өсімдіктер эволюциялық дамуы жолында даралардың табиғи сұрыпталуы, орта жағдайына бейімделуі нәтижесінде қалыптасады. Дарвиннің еңбектерінде биологияның келешекте дамуы үшін күшті ынталандыру болатын жануарлар мен өсімдіктердің экологиясы аймағында болатын көптеген факторларды дәлелдеді.
Дарвиннің тапқыр ойының тікелей әсерінен неміс зоологы Эрнст Геккель 1866 өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» деген кітабында экология туралы негізгі түсінікті қалыптастырды: «Экологияның арқасында біз қоршаған ортадағы ағзалардың қатынасын, жайын, «қалыптасу жағдайымызды» кеңінен айтатын болсақ қайда біз жататындығымызды жалпы ғылыми тұрғыдан түсінеміз.
Бұл кезеңдерде өсімдіктер мен жануарларға әсер ететін температураның, ылғалдылықтың, жарықтың, күн сәулесінің, судың және басқа да абиотикалық факторлардың әсеріне қатысты көптеген жұмыстар болды.
Бұл жұмыстардың ішіндегі ең нәтижелісі 1840 ж. Ю.Либихтің (1803-1873) минимум заңы және 1914 ж. В.Шелфордтың (1877-1968) толеранттылық заңы.
1875 жылы Австрия ғалымы Э.Зюсс биосфера туралы түсінікті қалыптастырды. 1877 жылы неміс гидробиологы К.Мебиус (1825-1908) орта жаңдайының нақтылы шарттарының заңдылықтарын терең зерттеп, биоценоз туралы ұсынысты дәлелдеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет