Оқулық " Экология"мамандығы



бет8/125
Дата28.09.2022
өлшемі7.62 Mb.
#461545
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125
treatise95823

Бақылау сұрақтары:

  1. Қандай факторлар экологиялық деп аталады? Мысалдар келтір.

  2. Экологиялық факторлар қандай топтарға бөлінеді? Мысалдар келтір.

  3. «Тірі ағзалардың тіршілік ортасы» қғымын қалай түсінесіз?

  4. Неге ағзалардың бірлігі және оның тіршілік ортасы туралы айту қабылданған?

  5. Бірнеше белгілі ағзалардың өмірінен «кілттік» экологиялық факторларға мысалдар келтір?

  6. Бірнеше экологиялық факторлардың өзара әрекеттеріне мысалдар келтіріңіз?



2.2 ШЕКТЕУШІ ФАКТОРЛАР, Ю ЛИБИХТЫҢ «МИНИМУМ ЗАҢЫ», ШЕЛФОРДТЫҢ «ТӨЗІМДІЛІК ЗАҢЫ»
Ағзалар өздерінің тарихи даму процесінде өздері орналасқан жерлерінде өмірге икемделеді және экологиялық факторлардың санына нақты талаптарын көрсетеді. Әрбір организмнің өзінің төзімділік шегі бар. Кез-келген жағдайдың төзімділік шегіне жақындауын немесе артып кетуін лимиттеуші жағдай немесе фактор - деп атайды.
1840 жылы Либих өсімдіктің қалыпты өсуі үшін белгілі химиялық элементтердің санының толық болуы шарт екендігін, егер де бір элемент жетіспесе басқа элементтер оны толығымен ауыстыра алмайтындығын дәлелдеді.
Химиялық элементтер (факторларға) қатысты заңдылықтың қалыптасуы, жалпы алғанда экологияда маңызды роль алады. Ағзалардың өмірі мен өркендеуі үшін нақтылы шарттардың жиынтығы қажет. Егерде барлық шарттар қолайлы болып, бір саны қосылмай жеткіліксіз болса, организмнің өмірі мен өлімі барысында шешуші мән алатын бұл жағдайды лимиттеуші фактор деп атайды.
Либихтың айтқанынан қорытынды шығаратын болсақ «өсімдіктің өсуі - қорегіне қажетті бір элементтің жеткіліксіз мөлшерімен тығыз байланысты» осы тұжырым Либихтың «Минимум заңы» деген атпен белгілі.


ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ ШЕГІ
Шектейтiн факторлар Либихтың көрсеткеніндей кемшiлiкпен ғана емес, бұл факторлардың мол болуымен де сипатталады. Демек, организм экологиялық минимуммен және экологиялық максимуммен бейнеленедi; бұл екi шамалардың арасындағы диапазон толеранттылықтың (төзімділік) шектерi деген атауды құрайды. Минимуммен тең келетін шектеуші ықпалы бар максимум туралы ұсыныс жасап, «толеранттылық заңын» сипаттап 1913 жылы американ зоологы В.Шелфорд енгізді. Жүргізілген көп зерттеулердің арқасында көптеген өсімдіктер мен жануарлар үшін толеранттылық шектері жария болды. Ағзалардың нақтылы шектерінде ғана жиі тасымалданатын орта факторы абиотикалық фактор.Жағымды әсер ету аймағын қолайлы аймақ (жайлы) деп атайды. Қолайлылықтан (оптимум) күшті ауытқыған сайын, ағзалардың тіршілік әрекетін (пессимум аймағы) көбірек жанши бастайды. Max және minдер факторларының мәні – бұл организмдердің тіршілік етуі мүмкін емес (опат болатын аймағы) кризистік нүкте.

Сурет 1. Экологиялық факторлардың әсері кезіндегі ағзалардың шыдамдылық шегі


Толеранттықтың салыстырмалы дәрежесiн айқындау үшiн экологияда «стено» - тар немесе «эври» - кең деген мағынаны білдіретін терминдер қолданылады.
- стенотермді – эвритермді (температураға қатысты);
- стеногидритті – эвгидритті (суға қатысты);
- стеногалинді - эвригалинді (тұздылыққа қатысты);
- стенофагты - эврифагты (қоректенуіне байланысты;
- стеноойкты – эвриойкты (қоректену аумағына қатысты) және т.б.
Оргаизмдердің толеранттылық шегі тар диапазонда кездесетіндерді (стенобионттар) керісінше кең диапазонда болатындарды (эврибионттар) деп атайды. Толерантылық диапазонын есепке ала отырып ғылым мен тәжірибе үшін өте маңызды мәліметтер келтіруге: мысалы: 1. Организм бір немесе факторлар қатарына қарағанда толеранттылығы кең диапазонды, бірақ температура мен дымқылдылыққа қарағанда тарлау диапазонды иемденуі мүмкін.
2. Толеранттылық диапазоны кең организмдер әдетте кеңінен таралған (мысалы, өсімдіктерден қарағаш, қайың, қарағай, шырша, ал жануарлардан торғай, түлкі, қасқыр, аю және т.б.)
3. Экологиялық фактор туралы мәлімет бойынша шарттар түр үшін қолайсыз болса, басқа экологиялық факторларда толеранттылық диапазоны (күшті құрғақшылықтың әсерінен өсімдіктер топырақтан өзіне қажетті қорегін ала алмайды да, олардың фотосинтетикалық белсенділігі төмендейді) онда таралу аймағы тарылады.
4. Толеранттықтың диапазоны өсімдіктер мен жануарлардың ылғи бір түрінде олардың даму кезеңіне (жас шамасына) байланысты өзгереді. Ересек организмдерге қарағанда дамып келе жатқан организмдерінде толеранттылық диапазоны көпшілігінде болады. Онтогенез процесі барысында тағамға, ылғалдылыққа, жарық, температура және басқа факторларға талап өзгереді.
Лимиттеуші (шектеуші) факторлар туралы тұжырымдаманың құндылығы, ол экологтарға күрделі ахуалды зерттеуге мүмкіншілік береді.
Орта мен организмдер арасындағы ара - қатынас өте күрделі болуы мүмкін, бірақта ортадағы ахуал организмнің түрі үшін де, бір түр үшін де барлық факторлар бірдей маңыздылыққа ие емес. Нақты ахуалды зерттей келе экологтар өте әлсіз буынды және орта жағдайында лимиттеуші ықтималдылығы өте жоғарыларына өз назарын аударып бөліп көрсете алады. Организмдер үшін «функциональды маңызды» факторларға ықылас аудару қажет.
Келешектегі өзгерістер туралы, қауымдастық пен популяция, дарақтарға әсер ететін факторлардың бұзылған нәтижелерін тура анықтауға, функциональды маңызы бар факторлардың дарақтарға әсерін бақылау мен талдау тәжірибесі арқылы анықтауға болады.
Лимиттеуші факторлардың тұжырымдамасына мысал болатын мысалдар. Қабылантәрізді бақаның және гольцтың жұмыртқаны жарып шығуы және жұмыртқаның табысты дамуында болған жайларды қарап шығамыз. Гольцтың уылдырығы қолайлы 0-12оС ден 4оС жақын температурада, бақаның уылдырығы қолайлы 0-30оС ден 22оС жақын температурада дамиды. Гольцтың уылдырығы стенотермді төменгі температурада, ал бақаның уылдырығы онымен салыстырғанда эвритермді және жоғары температураға төзімді. Мысал ретінде антарктикалық балық пен карп тісті балықтың түрін алып қарастырамыз, олардың қоректенуі судағы шөл, толеранттылық шегіне қарағанда экстремальды ауданда екендігін көрсетеді, таралу аймағындағы айырмашылығы әртүрлі. Бірінші түр үшін алып жүруге болатын температурасының диапазоны 4оС ( –2 тан +2оС дейін); ол суыққа бейімделген стенотермді. 0оС дейін температураның көтерілуі осы балықтың метаболизм қарқындылығын арттырады, одан кейін температураны 1,9оС көтерсе, метаболизм қарқындылығы төмендейді. Бұл жағдайда балық қозғалысқа қабілетін жоғалтады, жылы ортаға түскенде мелшиіп (бір орынында

Суқоймаларындағы шөлдермен қоректенетін балықтар эвитермдер немесе эвригалиндер тұздылықтың кең диапазаны 10 нан 40оС дейін төзеді. Әрине барлық диапазонда экологиялық эффективтілік бірдей емес. Мысалы: 20оС тағамды және 15% тұздылықта барынша максимальды сіңіру. Эвритермді және стенотермді организмдердің толеранттылық шегіне қатысты салыстыратын болсақ.
Стенотермді организм түрлерінде min, opt және max жақын, температураның аздаған өзгерісі эвритермді түрлерге аз әсерін тигізсе, стенотермді организмдер үшін жиі қауіпті. Бұдан шығаратын қорытынды стенотермді организмдер төменгі (олиготермді) немесе жоғары (политермді) температураға толерантты болуы мүмкін немесе аралық қасиеттермен ие бола алады.

Сурет 2. Стенотермді (І, ІІІ) және эвритермді ағзалардың толерантылық


шегін салысытру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет