Бақылау сұрақтары:
1) Қазіргі таңдағы және бұрынғы экология арасындағы (Геккель бойынша) қандай айырмашылықтар бар?
2) «Экология» және «Биоэкология» ұғымдары арасындағы қандай байланыс бар?
3) Биоэкология ғылымының қазіргі таңда құрылымы қандай?
4) Биоэкология ғылымының биология ғылымынан бөлінуі тарихын сипаттаңыз.
5) Экология ғылымындағы алғашқы түсініктердің қалыптасуы?
6) XIX ғасырдың басы XX ғасырдың екінші жартысындағы биоэкология ғылымының қалыптасуы.
7) Қазіргі таңдағы Биоэкология және оның ғылымдағы алатын орны.
ІІ- БӨЛІМ ЖЕКЕ ОРГАНИЗМДЕР ЭКОЛОГИЯСЫ (АУТЭКОЛОГИЯ)
2.1 Аутэкология – организмдер экологиясы. Организм және орта факторлары. Организмдердің мекен ортасына бейімделуі.
Аутэкология – немесе экология қоршаған орта жағдайындағы дара топтардың және даралардың қарым - қатынасына даралар назарының концентрленуі. Эволюцияның ұзаққа созылған үдерісі барысында тірі ағзалар қоректену ортасын нақты иемденгенін атап өту керек. Қоректік орта – тірі ағзаларды қоршаған және олармен әрдайым қарым-қатынаста болатын табиғаттың бір бөлігі. Ортаның құрамы мен құрамдық бөлігі көптүрлі және өзгермелі. Кез-келген тірі ағза әрдайым өзгермелі қиын әлемде өмір сүреді, өзінің тіршілігін реттеп соған қарай бейімделеді. Ағзалардың қоректік ортаға қарай бейімделу қабілетін адаптация деп атайды. Ағзалардың өзі адаптацияға бейімделуі, өмір сүруі мен көбею мүмкіншілігін және қалыптасуын қамтамасыз етеді. Тірі ағзаларда жағымсыз факторлардың әсерін алыстататын және қашыртатын арнайы қабілеттері қалыптасады. Мысалы, шөлді жерлерде өсетін өсімдіктер ұзақ мерзімді құрғақшылықты өткізуі мүмкін. Олардың кейбіреулерінің жапырақтары өте кіші мөлшерде, қалың қабықпен немесе күшті балауызбен қапталған, қалың түк басқан немесе түрі өзгерген тікенекті, сонымен қатар олардың тамыры тереңге кеткен және тамыр жүйесі күшті дамыған, сондықтан да олар суды тиімді сіңіреді немесе сабақтарында қор ретінде сақтайды (мысалы, кактустар).
Қоректік орта жекеленген жағдайда әртүрлі үлгідегі немесе биотикалық, топырақтық, климаттық - элементтер ортасынан тұрады, олардың әрқайсысының тірі ағзаларға тікелей немесе жанама әсер ететін қабілеті бар.
Бұнымен қатар олардың бірі ағзалар үшін қажет, басқалары керісінше зиянды болуы мүмкін, олардың ішінде олар үшін мүлдем бейтараптары да бар.
Тірі ағзаларға әсер ететін кез-келген орта жағдайы немесе орта элементін экологиялық фактор деп атайды.
Организмдерге әсер етуші барлық түрлі факторлар үш топқа бөлінеді: абиотикалық, биотикалық және антропогенді. Оларды қарапайым түрде Г.А. Новиков былайша жіктеді:
І.Физика – химялық (абиотикалық) факторлар:
Климаттық, немесе атмосфералық:
а) жарық және сәуле энергиясы;
б) температура;
в) ауа ылғалдылығы, жауын– шашын;
г) қар жамылғысы;
д) атмосфера қысымы, ауаның газдық құрамы мен қозғалысы;
е) найзағай
2. (эдафические) - ?
3. Орографиялық ( геоморфологиялық)
4. Гидрологиялық.
ІІ. Биотикалық факторлар:
1. Микроорганиздер
2. Өсімдік және өсімдік топтары.
3. Жануарлар.
ІІІ. Антропогенді факторлар:
1. Организдер мен олардың топтарына тікелей әсер.
2. Мекен ету ортасына жанама әсер.
Достарыңызбен бөлісу: |