БӨЛІМ VIII. ЛИТОСФЕРА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ.
8.1 Литосфера құрылымы және топырақтың түзілу факторлары.
8.2.Топыраққа антропогендік әсер және шөлейттену.
8.3 Литосфераның ластануы: жер беті және жер асты сулары.
БӨЛІМ IX. БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК.
9.1 Қазақстан Республикасының географиялық орналасуы және табиғат ерекшеліктері: жер бедері,гидрографиясы және су ресурстары, климаты, топырағы, ландшафтары.
9.2. Қазақстан экожүйесінің биоалуантүрлілігі және ландшафтар алуантүрлілігі.
9.3 Қазақстандағы түрлердің қазіргі таңдағы алуантүрлілігі: флорасы, фаунасы.
9.4.ҚР биоалуантүрлілігі жағдайын экологиялық бағалау: орманды-далалар және далалар, шөлдер, шөлейттер, таулар, өзендер
9.5 Биоалуантүрлілікті пайдалану және қазіргі таңдағы жағдайын экологиялық бағалау.
9.6 Ұлттық қауіпсіздік және биоалуантүрлілікті сақтау жүйелері.
9.7.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
БӨЛІМ X. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ.МОНИТОРИНГ ТИПТЕРІ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ.
10.1 Табиғи орталардың ластану мониторингі (ТОЛМ):ауыл және өндірістік аймақтардағы атмосфералық ауа, мұнай-газ және энергетикалық салалар.
10.2 Радиациялық экология: қоршаған ортаға және биотаға ракеталық және сынақ полигондарының әсері,(Семей ядролық сынақ полигоны,Капустин Яр, Азғыр және т.б)
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
І- БӨЛІМ ЭКОЛОГИЯ - ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ БАЗАСЫ
1.1.Биоэкология ғылымына кіріспе.
Пәннің мақсаты мен міндеттері және зерттеу объектісі.
Экология термині гректің «ойкос»- үй, тұрақ, мекен және «логос» -ғылым деген сөзінен шыққан.Экология терминін ғылымға алғаш енгізген Эрнест Геккель (Ernest Haeckel) (1866).
«Экология арқылы, - дейді Э.Геккель, - табиғат байлықтарын үнемдеуге қатысты ғылымның барлық алатын орнын: жануарлардың және олардың мекен ортасымен қарым-қатынастарын , органикалық та, бейорганикалық та ,және ең маңыздысы –оның сол жануарлар және өсімдіктермен тікелей немесе жанама қарым-қатынасы арқылы жыртыштық пен жемтіктің ара саламағын түсінеміз. Бір сөзбен, экология – барлық күрделі қарым-қатынастар жиынтығын зерттейді, яғни оны Ч.Дарвин – тіршілік үшін күрес деген болатын (1870)
Соңғы жылдары «экология» сөзі кеңінен қолданылатын және өте мәлім сөзге айналды. Экологияға көбінесе әсерін тигізетін адамзаттың қоршаған ортамен қарым-қатынасының барлық формалары, табиғатқа жағымсыз әсерді туындатушы да адам. Жағымсыз әрекеттерінің, әсіресе өндірістің, транспорттың, энергетиканың, ауылшаруашылығының дамуы үлкен маңызға ие, осының себебінен тірі ағзалардың жойылуы және табиғаттағы қауымдастықтардың қырылуына және деградацияның (күйзелістің) өтуіне әкеледі.
Биологиялық жүйе биосфераның барлық деңгейлеріндегі функцияларының белсенділігін қолдау және қалыптасу заңдылықтарының негізінде, біздің ғаламшарымыздағы өмірді сақтауды және тепе – теңдік тұрақтылығын қамтамасыз етуді, табиғи процестермен қоғамның қарым-қатынасын дұрыс қалыптастыруды түсіндіреді.
Осындай туындаған сұрақтарды қарастыра келе қажетті білім биология ғылымының бірі ретінде экологиядағы іргелі мәселелерді шешуде қолданылады.
Барлық биологиялық жүйелер – жекеленген ағзалар, популяциялар, биоценоздар ұзақ эволюция процесі (үдерісі) барысында қоректік ортасындағы кешенді факторларға бейімделген. Олар биосфераның ішінде өздерінің қалыптасуына және қалыпты өмір сүруі мен көбеюі мүмкін белгілі аумақтарды алып, экологиялық қуысын анықтайды. Жер бетінде бірде – бір ағза оқшауланып қалыптаса алмайды, олар басқа ағзалармен қарым – қатынаста болып, трофикалық тізбекте олардың құрамына енеді. Экология ғылым ретінде тапсырмаларды айқындайды және биосфераны толығымен және экожүйенің деңгейлерінің, популяциялардың, ағзалардың қарым-қатынастарының негізінде жатқан заңдылықтар мен механизмдердің негізін түсіндіреді.
Экология – қоршаған орта мен ағзалардың қатынасын зерттейтін – ғылым. Экологияның зерттеу нысаны ретінде жүйелік бірлестіктегі ағзалар (популяция, түр) болса, ал пәні ретінде – ағзалар арасындағы құрылымдық байланыстар мен қоректік ортасы көрсетіледі. Биологиялық жүйелердің ұйымдастырылу деңгейінің әртүрлілігіне қатысты принциптерді, экологияда жалғасқан деңгей ретінде, жеке түрді – аутэкология, популяцияны – демэкология, қауымдастықты - синэкология қарастырады.
Зерттеу нысаны: адам, жануар, өсімдік, микроағзалар экологиясы қатысында жүзеге асырылады.
Ортаның типтері бойынша: тұщы су, теңіз, мұхит суларының экологиясы.
Экология – табиғатты тиімді пайдалану және табиғатты қорғаудың ғылыми және теориялық базасы.
Биоэкология – биологияға қатысыты экологияның ең маңызды саласы, ағзалар арасындағы қарым-қатынастар (ағза, популяция, биоценоз және т.б) өзара және сырқы қоршаған орамен байланысын зерттейді.Сонымен қатар- ол қазіргі таңдағы экологияның биологиялық негізі (базасы) болып табылады.
Н.Ф.Ремерс (1994) қазіргі таңдағы экологиялық құрылым бойынша биоэкология ғылымын төмендегідей дейгейде жіктеді:
Биоэкология құрылымы
|
Жүйелік экология
|
Жүйелік топтық экология
|
Эволюциялық экология
|
Палеоэкология
|
Сонымен, биоэкология бөлімдеріне - жүйелік экология ,жүйелік топтық экология, эволюциялық экология және палеоэкология жатады.
Жүйелік экология – , ғылымдардың бірегейлігіне бағынатын биологиялық жүйе құрылымындағы (биотикалық құрылым) ағзалардың өзара және сыртқы қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейді.
Биологиялық құрылымның (биотикалық жүйе) иерархиялық деңгейде ұйымдасуына байланысты биоэкология - эндоэкология және экзоэкология бөлімдерінен тұрады.
Эндоэкология:
Молекулалық экология (сонымен қатар генетикалық экология);
Физиологиялық экология (жеке ағза экологиясы);
Экзоэкология:
Аутэкология (түр арасындағы жеке организм (особь) экологиясы);
Демэкология (бір түрге жататын организмдер тобы экологиясы);
Попоуляциялық экология;
Специоэкология (түрлер экологиясы);
Биоценология (биоценоздар экологиясы);
Биогеоценология (экожүйенің әртүрлі иерархиялық деңгейде ұйымдасуы);
Биосфера (биосферология);
Экосферология ( ғаламдық экология - биосфера шегіндегі барлық экожүйелер, сондай планеталық, космостық жүйелер);
Достарыңызбен бөлісу: |