Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
panshina-pedagogikalyk

əкімшілік тəсілдеменің негізін салды. Оның ойын-
ша, ұйымды иерархиялық құрылым ретінде тиімді құрудың қажетті 
шарттарының бірі – оның негізгі функцияларын нақты анықтау. 
Ол бұларға əкімшілік функцияларды (соның ішінде алдын ала бол-
жау, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, бақылау жасау жəне т.б.), 
технологиялық үдерістерге, коммерциялық жəне қаржы қызметіне 
жəне т.б. байланысты функцияларды жатқызды. 
А. Файоль басқарудың бірқатар əмбебап ұстанымдарын əзірлеп 
шығарды. 
1. Қызметкерлердің өз міндеттерін атқаруға мамандандырылуы-
на негізделген еңбекті бөлу, бұл жұмысты сол мерзімде мөлшерін 
артығырақ етіп, тиімдірек орындауға мүмкіндік береді. 
2. Билік (өкілеттік) пен жауапкершілік. Билік шешім қабылдау жəне 
өкім беру мүмкіндігі ретінде олар үшін жауапкершілік артуды меңзейді, 
сондай-ақ, керісінше – жауапкершілік артпайтын қызметкердің шешім 
қабылдауға құқы жоқ. Осылайша, бұл құрамдас бөліктер диалектикалық 
түрде өзара байланыста болады. 
3. Ұйымда бекітілген еңбек қатынастарын құрметтеуді жəне олар-
ды сақтауды меңзейтін тəртіп. Бірақ қызметкерлердің саналы тəртібіне 
себепші болу үшін бұл нормалар фирма мен оның қызметкерлері 
арасындағы қол жеткізілген келісімдерге деген əділдік ұстанымдарына 
негізделуі қажет. Бұл нормаларды қолдау, оларды қалыптасқан жағдайға 
қарай қисынды түзету – басшының ең маңызды міндеттерінің бірі. 


31
4. Дара басшылық. Қызметкер тек бір ғана тікелей бастықтан 
бұйрық алуға тиіс. 
5. Басшылықтың бірлігі. Бір мақсат шеңберінде əрекет ететін əр 
топ бірыңғай жоспармен біріктіріліп, бір басшысы болуға тиіс. 
6. Жеке мүдделердің жалпы мүдделерге бағыныштылығы. Бір 
жұмысшының немесе жұмысшылар тобының мүдделері ұйым 
мүдделерінен асып түспеуге тиіс. 
7. Қызметкерлерді мадақтау. Қызметкерлер еңбегі əділ бағаланып, 
материалдық жəне материалдық емес тəсілдермен мадақталатынына 
сенулері қажет. 
8. Орталықтандыру жəне орталықсыздандыру. Орталықтандыру 
мен орталықсыздандырудың арақатынасы ұйым қызметінің тиімділігін 
қамтамасыз ететіндей болуы қажет. 
9. Басшылық иерархиясы (скалярлы тізбек). Ұйымда басқарушы 
лауазымдағы тұлғалардың нақты иерархиясы болуға тиіс. Бірақ бұл 
иерархия қатып қалған құрылым емес, қажет болған жағдайда өзгеріп 
отыруы қажет. 
10. Тəртіп. Орын – барлығы үшін, əрқайсысы өз орнында.
11. Əділдік. Əділдік – мейірбандық пен төреліктің үйлесуі. 
12. Қызмектерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары 
ағымы ұйым нəтижелілігін кемітеді. А. Файоль компанияға берілген 
орта қолбасшы өз орнын бағаламайтын үздік талантты менеджерден 
артық деп санаған. 
13. Ынтагерлік. Қызметкердің өз жұмысын жақсартуға байланыс-
ты ынтасы ол жұмысты тиімді орындап қана қоймай, сондай-ақ сол 
қызметкердің жанында жұмыс атқаратын адамдарды ынталандырады, 
ұйымға күш пен қуат береді. 
14. Қызмектерлерді біріктіру (корпоративтік рух). Қызметкерлерді 
біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері ретінде сезіну мүмкіндігін беріп, 
сол арқылы адамның ең маңызды, негіз қалаушы қажеттіліктерінің бірі 
– қатыстылықты қажетсінуді қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 
Осылайша, А. Файоль қағидаттары оның басқарушылық тұжырым-
дамасының мəнін ашады. Олар ХХ ғасырдың бірінші жартысында 
əзірленгеніне қарамастан, олардың өзектілігі қазіргі уақытқа дейін 
сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет