32
ру міндеттерін шешумен; қызметкерлерді өндірісте жаңалықтарды
жағымды қабылдауға психологиялық даярлау; қызметкерлердің
ынтымақтастығын жəне олардың еңбек моралін дамыту,
қызметкердің
жеке дамуына ықпал ету факторы ретінде ұйымдастыру жəне басқару
шешімдерінің сапасын жақсарту проблемаларымен байланысты бол-
ды. Эксперимент барысында алынған деректер оған келесі қағидаттық
ережелерге негізделген адамдардың қарым-қатынас доктринасын
əзірлеуге мүмкіндік берді:
Адам дегеніміз – «социобильдік жан»,
ол белгілі бір топқа
қатыстылыққа бағдарланған жəне топтық тəртіп контекстіне
енгізілген.
– қатал иерархиясы бар бюрократиялық ұйым адамның табиғаты
жəне оның еркіндігімен үйлеспейді.
– кəсіпорын басшылары өнімге қарағанда адамдарға көбірек
бағдарлануға тиіс. Адамдардың өнімділігін арттыру үшін оларға еңбек
ету жəне қатынасуға жағымды жағдай жасау қажет.
– бір адамды марапаттауға қарағанда бүкіл
топтың еңбегін марапат-
тау тиімдірек. Басшылықтың демократиялық стилі, еңбек жəне өзара
қарым-қатынастарды қанағат тұту деңгейін арттыру, ынтымақтастық
атмосферасын жасау əлеуметтік марапаттау элементтері
болып табы-
лады [102].
Э. Мейо пікірінше, басқарушылардың назарын адамдардың еңбек
қызметінің əлеуметтік жəне психологиялық аспектілеріне шоғыр-
ландыру – қоғамдық қарама-қайшылықтарды шешудің жəне қоғамның
əлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі амалы.
Оларға
еңбек өнімділігін арттырудың келесі тəсілдерін ұсынған:
– кəсіпорын əкімшілігі мен жұмысшыларының өзара мүдделерін
есепке алуға негізделген паритеттік басқару;
– жаңа техника мен технологияларды енгізумен, еңбектің жағымды
жағдайын жасаумен қамтамасыз етілетін еңбекті ізгілендіру;
–
ұжымдық шешімдерді қабылдау, кəсіпорынды басқарудың
демократиялық стилі;
– жұмысшыларды кəсіптік оқытуға жəне олардың кəсіптік білік-
тілігін арттыруға жағдай жасау.
Ресейде бұл уақытта еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) сала-
сында мамандар А. К. Гастевтің, П. М. Керженцевтің жəне т.б. біртума
еңбектері пайда бола бастады, олар өз назарын адамдарды,
өндірістік
ұжымды басқарудың тиімді əдістерін əзірлеу, еңбек қызметін өнімді
ұйымдастыруға шоғырландырды. Мəскеуде Орталық еңбек институ-
тын (ОЕИ) басқара отырып, А. К. Гастев жаңа ғылыми – əлеуметтік ин-
женеризм идеяларын əзірледі, ол жаратылыс ғылымдары, əлеуметтану,
33
психология жəне педагогика əдістерін өзіне біріктірді.
Бірақ Гастевтің
өзінің жəне ОЕИ ұжымының қызметі тек теориялық жəне эксперимент-
тік жақтарымен ғана шектеліп қойған жоқ, олар əзірлеген əдістемелер
бойынша 500 мыңнан астам білікті жұмысшылар, басқару жəне ЕҒҰ
бойынша кеңесшілердің айтарлықтай саны дайындалды. Негізгі идея-
лары кибернетика мен жүйелердің жалпы теориясы негізіне енді.
Достарыңызбен бөлісу: