25
Ұйымдастырушылық басқару білім саласы жəне ғылым ретінде
тəжірибенің мыңдаған жолдар бойы жиналған білімдер қосындысы
ретінде
көрінеді, ол басқарудың тұжырымдамалары, теориялары,
қағидаттары, тəсілдері мен түрлері ретінде берілген. Басқару ғылым
ретінде өз күшін басқарушылық еңбек табиғатын, себеп пен салдар
арасындағы байланыстарды түсіндіруге, адамдардың бірлескен еңбегі
тиімдірек жəне нəтижесі көбірек болатын факторлар мен жағдайларды
анықтауға бағыттайды деп есептеледі.
Өнер, сондай-ақ шындық болмысты бейнелі түрде көрсетумен
байланысты қоғамдық сана түрінің бірі болып табылады. Бейнелі
қорытындылау, типтеу үдерісі
жеке деректіге, жеке тұлға əсеріне жалпыға
бірдей мəн жəне қоғамдық құндылық береді. Адам жеке жəне қоғамдық
қасиеттерінің бірлігінде өнер үшін басты таным нысаны болып табыла-
ды. Ең күрделі қоғам заңдылықтары өнерде адамдардың бір-біріне жəне
қоршаған əлемге деген қатынасын тану арқылы ашылады.
Басқаруды өнер ретінде ұғыну – адам, оның өндірістік қызметі
жəне адамдар əрекеттесетін ұйымдардың қызмет етуіне сыртқы
жəне ішкі ортаның көптеген əртүрлі факторлары əсер ететін күрделі
əлеуметтік-техникалық жүйелер болуына негізделеді. Ұйымдарда
жəне ұйымдармен жұмыс істейтін адамдарда бұл ең маңызды фак-
тор, оны есепке алу ғылыми тəсілдемені пайдалануды ғана емес, со-
нымен қатар оны нақты жағдайларда пайдалану өнерін де талап етеді.
Нақты шаруашылық жағдайлар, өз табиғатына қарай бірегей жəне
менеджер мардымсыз деп санаған жағдайлар
ойламаған жерден аса
маңызды мəнге ие болатыны өте жиі кездеседі. Сондықтан ұйымдағы
адамдардың тəртібіне басшылық жасау ілімін толық мөлшерде
басқару алгоритмдерін құруға əкеліп сыйғызып, бүге-шүгесіне дейін
анықтамалық құралдарда мазмұндап беруге болмайды. Басқарушы
жұмысында шығармашылық жəне эвристикалық операциялар маңызды
орын алады, бірақ нақты осы компоненттер нысандауға келмейді,
себебі зияткерлік еңбек механизмдері əлі де зерттеліп болған жоқ. Де-
мек, ұйымдағы адамдардың тəртібін басқару өзінің дамыған нысанын-
да атқарушылық өнердің ерекше түрі болып көрінеді – бұл ғылыми
негізделген жəне кəсіп
пен шабытты, талант пен кəсіби дағдыларды
ұштастыратын еркін шығармашылық қызмет болып табылады.
Боровик В. Н. Гносеология менеджмента //
Менеджмент качества в образовании: ғылыми-тəжірибелік
семинар материалдарының жинағы. Краснодар, 2006, 18-30 б.
26
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Осы бөлімге арналған
ҚОСЫМША МАТЕРИАЛМЕН танысыңыз.
Білім беру мекемесі басшысының қызметінде, педагогтың оқу-
тəрбиелеу үдерісін басқару бойынша əрекеттерінде менеджменттің
ғылым жəне өнер ретіндегі ерекшеліктері қалай көрініс табатынын
қарастырыңыз.
2. Т. М. Баймолдаев [76, 10 б.] менеджментке деген əртүрлі
көзқарастарды салыстырмалы-салғастырмалы
талдау арқылы оның
проблемалық өрісінің контурын анықтауға болады деп көрсетеді. Осы
тұрғыда оларға келесі мəселелер бөлінеді:
– барлық деңгейдегі басшылардың (менеджерлердің) басқару
стильдерін, жоспарлау мен маркетингті, стрестерді еңсеру жəне т.б.
бойынша кəсіби біліктілігін жоғарылату;
– басқарушы кадрларды даярлау жəне қайта даярлау тиімділігін
арттыру;
– ұйымның адами қорларын іздеу жəне белсендендіру;
– ұйымның қажеттіліктерін есепке ала отырып, менеджерлерді
бағалау жəне іріктеу;
– ұйым мақсаттарына жету үшін əлеуметтік-психологиялық кли-
матты бағалау жəне жақсарту, ұжымды біріктіру.
Тізімнен мəселелердің бірін таңдап,
оның мазмұнын, оған енетін
жеке мəселелерді, білім беру мекемесінің практикалық қызметіндегі
олардың көрініс табу ерекшеліктерін ашып көрсетіңіз.
3. Т. И. Шамова
менеджментті адамдардың еңбегін, олардың зия-
тын, сондай-ақ қаржы жəне техникалық қорларды жұмылдыру арқылы
мақсаттарды қою жəне оларға жету үдерісі, адамның айналасындағы
басқарушылық қызметтің арнайы түрі ретінде анықтайды. Т. Ф. Ло-
шакова
педагогикалық басқарудың мəнін аша отырып, оны ғылыми
коммуникация ұстанымдарына негізделген жəне оқу мекемесінің əр
мүшесінің де, сондай-ақ бүкіл ұйым мен қоғамның мақсаттарына жету-
ге əкелетін ерекше ұйымдастыру нысандары
мен технологияларының
біріктірілуімен сипатталатын басқарушылық қызмет түрі ретінде
анықтайды.
Осы түсіндірулер негізінде «педагогикалық менеджмент» терминіне
өз анықтамаңызды беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: