Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15


Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет8/72
Дата10.10.2023
өлшемі0.78 Mb.
#480311
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
panshina-pedagogikalyk

1.3. Менеджменттің ғылыми теория ретінде қалыптасуы
Менеджменттің негізгі ерекшелігі адамдарды басқару болғандық-
тан, ол адамзат пайда болғаннан бері тəжірибелік қызмет ретінде іске 


27
асырылады деп айтуға болады. Сонымен, мысалы, əкімшілік менед-
жмент негіздерін зерделегенде, А. В. Райченко [82] адамдарды басқару 
идеялары бар құжаттық көздерге жүгіне отырып, хронологиялық 
шектерін едəуір кеңейтеді (1-кестені қараңыз).
1-кесте. Менеджмент идеяларының генезисі [үзінділері]
Уақыты, жері
Дереккөзі
Мазмұны
б.з. дейін XI ғ. Вави-
лон
Хаммурапи кодексі
билік, құқықтар, суборди-
нация, жауапкершілік ту-
ралы 282 
б.з. дейін XVIII ғ. 
Египет
Ипусердің ұсыныстары
уəзір, жүзбасы жөніндегі 
ереже, «онның ережесі»
б.з. дейін XVIII ғ. 
Үндістан
Артхашастра. Каутилья
билік, тəртіп, құрылымдар, 
айрықша құқықтары мен 
санкциялары
б.з. дейін XVIII ғ. 
Рим
Катон. Егін шаруашы-
лығы
еңбек тəртібі, тапсырма, 
нормалау, мəжбүрлеу
1015 ж. жуық Русь
Мостников жарлығы
құқықтары, санкциялар, сот 
шешімдері, айыппұлдар
1122 ж. жуық Киев
Мономах нұсқауы
бағынышты 
адамдарға 
деген талаптар, жауапкер-
шілікті қамтамасыз ету
1801 ж. Ресей
Карамзинның 
І 
Александрға деген хаты
«үстіден астыға» билік тік 
сызығын ұйымдастыру
1815-1850 ж.ж. Ан-
глия
Р. Оуэн. Фабрикалық 
басқару 
əкімгерлік жүргізу негі-
зінде қызмет ету
1820-1855 ж.ж. Ан-
глия
Э. Юр. Өндіріс филосо-
фиясы 
кооперация, бақылау, баға-
лау, ұйымдастыру, еңбек 
төлемі, басшылықтың əм-
бебаптығы мен қызмет 
атқаруы
1903 ж. АҚШ
Ф. Тейлор. Ғылыми ме-
неджмент қағидаттары
Қазақстанда XVII ғасырдың соңында Тəуке ханның «Жетi жарғы» 
деген жеті белгілеулер қабылданды. Белгілеулер моральдық жəне 
этикалық нормалардың жиынтығынан; құқыққа қарсы əрекеттер үшін 
жазалау жүйесін бекітетін адамдардың өзара қарым-қатынастарын 
реттейтін ережелерден тұрды.
Бірақ ғылыми қызмет саласы ретінде менеджмент соңғы екі ғасыр 
шегінде қарастырылады. Əдебиетте менеджменттің теориялық негіз-


28
дері дамуының əртүрлі кезеңдері ұсынылған. М. А. Гончаров [27] ме-
неджмент эволюциясын ғылым жəне басқаруға келесі көзқарастардың 
ауысу динамикасында кəсіби басқару қызметінің ерекше түрі ретінде 
қарастырады:
– ғылыми басқару көзқарасы (1885-1920 ж.ж.);
– əкімшілік көзқарас (1920-1950 ж.ж.);
– адами қатынастардың ұстанымы жағынан көзқарас (1930-1950 
ж.ж.);
– тəлімдік көзқарас (40-жылдардан бастап, ал 50-жылдардан бастап 
аса белсенді);
– сапалық əдістер ұстанымы жағынан көзқарас (50-жылдардан);
– үдерістік көзқарас (20-жылдардан, ал 50-жылдардан неғұрлым 
белсенді);
– жүйелік көзқарас (60-жылдардан);
– жағдайлық көзқарас (70-жылдардан).
Бірақ, осы кезеңдердің бөлінуіне қарамастан, əрқайсысында си-
патты концептуалдық идеялар қатаң уақыт шеңберімен шектелген 
деп айтуға болмайды. Уақыттың белгілі кезеңінде əзірленген басқару 
тұжырымдамалары дамып, ең соңғы кезеңдерде пайда болғандармен 
бірге қатар қызмет етіп, қазіргі таңда маңызды болуда. 
Басқару мəселелерін ғылыми тұрғыдан қарастырудың маңызын 
ашқан алғашқы мамандардың бірі – Фредерик У. Тейлор. Ол құрған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет