178
2. Банк жүйесі экономикада уақытша бос ақша қаражаттарын шо-
ғырландыру; бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін ұсыну;
несиелік ақшаларды жасау;
несиелік реттеу; ақша эмисиялау; бағалы
қағаздарды шығару сияқты қызметтерді атқарады.
3. Ақша-несие саясаты ақша айналымы мен несие жүйесі сала-
сындағы мемлекеттік іс-шараларды жүзеге
асырумен байланысты
бірқатар жалпы экономикалық міндеттерді орындауға бағытталған
макроэкономикалық саясатты білдіреді. Ақша-несие саясатының
мақсаттары
соңғы жəне
аралық мақсаттар болып бөлінеді.
Соңғы мақсаттар: 1) экономикалық өсу; 2) толық жұмысбастылық;
3) бағалардың тұрақтылығы; 4) тұрақты төлем балансы.
Аралық мақсаттар: 1)
ақша массасы; 2) пайыздық қойылым;
3) айыр бас бағамы.
Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей жəне жанама деп
бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.
Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:
1) несиелеу лимиттері; 2) пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу.
Ақша-несие саясатының жанама құралдары:
1) міндетті резервтер нормасын өзгерту; 2) есептік мөлшерлемені
өзгерту; 3) ашық нарықтағы операциялар.
4. Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады:
ынта-
ландырушы жəне
шектеуші. Ынталандырушы
ақша-несие саясаты
(несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру жəне ақшаның
бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі эконо-
микалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат. Шек-
теуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) –
экономиканың
инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға
жəне ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
5. Монетаризм бағытын жақтаушылар «ақша ережесі»
бойынша
ақша-несие саясатының жүргізілуін қалайды. Бұл саясаттың мақсаты –
ақша ұсынысын қалыпты тұрақты деңгейінде ұстап тұру немесе ақша
массасы өзгеруінің төменгі жəне жоғарғы шегін белгілеу.
Достарыңызбен бөлісу: