Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


-сурет. Инвестиция функциясы 8.3-сурет



Pdf көрінісі
бет132/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   309
Макроэкономика

8.2-сурет. Инвестиция функциясы 8.3-сурет. IS қисығы


189
8.3-суретте IS қисығы берілген, пайыз мөлшерлемесі төмен-
деген сайын, табыс деңгейі (жиынтық сұраныс) жоғары болады 
жəне керісінше.
IS қисығының бойымен жылжу игіліктер нарығында тепе-
теңдіктің сақталуы үшін пайыз мөлшерлемесі өзгергендегі ұлт-
тық табыстың қалай өзгеретіндігін көрсетеді.
Жоғарыда тұрақты деп болжанған басқа да факторлар (G, Т) 
əсер еткенде IS қисығы оңға немесе солға жылжиды. Мысалы, 
егер кез келген пайыз мөлшерлемесінің деңгейінде мемлекеттік 
шығындар өсетін болса, онда жиынтық сұраныс көбейеді. Мұндай 
жағдайда IS қисығы оңға қарай жылжиды, керісінше, берілген 
пайыз мөлшерлемесі кезінде қолда бар табыстың төмендеуі 
жиынтық сұранысты төмендетеді, ал IS қисығы солға қарай жыл-
жиды.
IS қисығын Кейнс кресінің үлгісі арқылы да көрсетуге 
болады.
8.4-суретте инвестиция функциясы көрсетілген. Пайыз мөл-
шерлемесінің R
1
-ден R
2
-ге өсуі жоспарланған инвестицияны 
І(R
1
)-ден І(R
2
)-ге азайтады.
8.5-суретте Кейнс кресі көрсетілген. Жоспарланған инвес-
тицияның І(R
1
)-ден І(R
2
)-ге азаюы ұлттық табыс деңгейін Y
1
-ден 
Y
2
-ге қысқартады.
8.6-суретте IS қисығы пайыз мөлшерлемесі мен ұлттық табыс 
арасындағы өзара байланыс нəтижесі түрінде берілген.
LM қисығы (өтімділік-ақшалар) ақша нарығының тепе-
теңдігін сипаттайды, яғни ол ақшаға деген сұраныс (алдымен 
8.5-сурет. Инвестиция функциясы  8.6-сурет. IS қисығы


190
қолма-қол ақшалардың абсолюттік өтімділігінің белгілерімен 
шартталған) пен ақша ұсынысының теңдігі болып табылады. 
LM қисығының графигі ақша ұсынысының (M
S
) белгілі бір 
мөлшерінде ақша нарығындағы тепе-теңдікке сəйкес келетін па-
йыз мөлшерлемесі мен жиынтық сұраныстың (ұлттық табыстың) 
арасындағы байланысты көрсетеді.
LM қисығының бойындағы кез-келген нүктеде ақшаға сұ-
раныс пен ақша ұсынысы тең болады.
8.7-суретте ақша нарығының нақты қоры бейнеленген. Ұлттық 
табыстың Y
1
-ден Y
2
-ге дейін өсуі ақшаға деген сұранысты артты-
рады. Мұндай жағдайда пайыз мөлшерлемесі R
1
-ден R
2
-ге өседі. 
Ақшаға деген сұраныс қисығы оңға жылжиды.
8.8-суретте LM қисығы көрсетілген. Ұлттық табыс неғұрлым 
өскен сайын пайыз мөлшерлемесі де соғұрлым жоғары болады. 
IS (игіліктер рыногының тепе-теңдігі) жəне LM (ақша ры-
ногының тепе-теңдігі) қисықтарының қиылысуы осы екі рынок-
тарда бір уақытта тепе-теңдіктің орын алуын қамтамасыз ететін 
пайыз мөлшерлемесінің R (пайыздың тепе-теңдік мөлшер лемесі) 
жəне табыс деңгейінің Y (табыстың тепе-теңдік деңгейі) ортақ 
мəндерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет