Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет143/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   309
Макроэкономика

2) құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен ең-
бекке деген сұраныстың сəйкес келмеуінен пайда болатын 
мəжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл 
түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты 
жəне осыған сəйкес жұмыс күшіне деген сұраныстың құрылы-
мы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген» неме-
се ғылыми-техникалық прогрестің дамуына байланысты эко но-
микаға қажеті шамалы болып табылатын азаматтардың арасы нан 
көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап болған аза-
маттар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына 
ұсына алмайды жəне жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін 
кəсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта даярлаудан өту үшін 
аса көп уақыт кетеді жəне көбінесе мемлекет тарапынан қосымша 
шығындар жұмсауды талап етеді. 
3) циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауы- 
нан немесе жиынтық сұраныстың жалпы төмендеуіне байланыс-
ты кез келген мамандық бойынша жұмыс таба алмаудан орын 
алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздық- 
тың бұл түрі жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи дең-
гейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық құлдырау ке-
зеңінде циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен 
құрылымдық жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық 
өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік жұмыссыздық жоғалады.
Бірақ еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да 
фрик циондық жəне құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын 


206
алады. Ал циклдік жұмыссыздық болса құлдырау кезеңдерінде 
орын алады да, соның салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұ-
раныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. 
Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы күрделі макроэкономика-
лық мəселеге айналады, макроэкономикалық тұрақсыздықты 
туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын болдырады.
ХХ ғасырдың 60-жылдары американдық экономистер
Нобель сыйлығының лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд 
Фелпс «толық жұмысбастылық» жəне «жұмыссыздықтың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет