Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет274/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   309
Макроэкономика

е
t+1
 – e
t
 / e
t
 = π – π*,
мұнда, е – t жəне t+1 кезеңдерінде шетел валютасының тікелей 
белгіленіміндегі атаулы айырбас бағамы; π – елдегі инфляцияның 
жылдық қарқыны; π* - шетелдегі инфляцияның жылдық қарқыны.
СҚП-ң салыстырмалы нұсқасы екі елдегі бағалардың тек 
салыстырмалы деңгейі өзгеріссіз қалуы үшін атаулы айырбас 
бағамының қалай өзгеретіндігін көрсететін болжамға негізделеді. 
Мысалы, айталық, базистік t жылында атаулы айырбас бағамы 
30 тг./1 долл. қатынасын құрайды. Ал Қазақстанда инфляция 
қарқыны келесі t+1 жылы 13%-ды, ал АҚШ-та 2%-ды құрайды. 
Осыған қарап екі елдегі инфляция қарқындарының айырма-
сын есептейміз: 13 – 2 = 11%. Бұл атаулы айырбас бағамы осы 
уақыт аралығында 11%-ға төмендеуі тиіс жəне ол 33,3 тг./1 долл. 
қатынасын құрауы тиіс дегенді білдіреді.
Валютаның айырбас бағамының жүйелері
Тіркелген айырбас бағамы – бұл Орталық банктің елдер 
арасындағы валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 
150 тг./USD) жəне оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы 


381
тіркелген ресми бағам бойынша елдің Орталық банкінен шетел 
валютасын сатып ала алады жəне оны осы бағам бойынша сата 
да алады деген болжамды білдіреді. 
Бірақ, Орталық банк пен үкімет айырбастың тіркелген ба-
ғамын бекітке алғанымен, шетел валютасына деген сұраныс пен 
ұсыныстың тұрақтылығын сақтап тұра алмайды. Өйкені шетел 
валютасының сұранысы мен ұсынысына əсер ететін көптеген 
бар. Олардың бірқатарына тоқталып өтуге болады:
− экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдері. Егер-
де, Қазақстанда инфляция қарқыны АҚШ-қа қарағанда жоғары 
болса, онда долларларға сұраныс өседі жəне теңгеге сұраныс 
төмендейді;
− салыстырмалы нақты пайыздық қойылымдар. Əртүрлі тең 
жағдайларда, егер шетелде отандық экономикаға қарағанда па-
йыздар жоғары болатын болса, онда экономикалық субъектілер 
пайыз түрінде көбірек пайда табу мақсатында өз депозиттері бо-
йынша активтерін шетелдік валютада орналастыратын болады;
− экспорт пен импорттағы өзгерістер. Мəселен, АҚШ-тан 
Қазақстанға жөнелтілетін импорттық өнімдер долларға сұра-
нысты туындатады, олай болса, қазақстандық импортерлерге 
американдық жеткізушілермен есеп айырысу үшін долларлық ва-
люта қажет деген сөз. Ал Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын 
тауарлар доллар ұсынысын туындатады, демек, қазақстандық 
экспортерлер отандық өнімдерді сыртқа шығара отырып шетел 
валютасын алады.
Сəйкесінше, осы факторларды есепке ала отырып, тіркелген 
айырбас бағамы тек валюталық басқыншылық операциясын 
қолданумен ғана белгілі бір деңгейінде ұсталынып тұра алады. Біз 
жоғарыда атап өткеніміздей, валюталық басқыншылық Орталық 
банктің ақша-несие саясатының төртінші жанама құралы ретінде 
Орталық банктің валюта нарығында айырбас бағамының оның 
тіркелген деңгейінен ауытқуы орын алғанда өзінің халықаралық 
резевтерінен шетел валютасын сатып алуы немесе сатуы арқылы 
жүзеге асырылады. 
Мемлекет айырбастың тіркелген бағамы туралы жария-
лай оты рып, оны ұстап тұра алуына сенімді болуы керек жəне 
халықтың да үкіметке деген сенімі жоғалмауы тиіс. Егер Орталық 


382
банк айырбас бағамын 150 тг./USD деңгейінде ресми бекітетін 
болса жəне осы кезде арзан ақшалар саясатын жүргізетін болса, 
онда инфляция қарқынының өсуі валютаның айырбас бағамын 
«қара нарықта» (валютаның еркін нарығы іспеттес) одан сайын 
арттыра түсуі мүмкін, мысалы, 160 тг./USD. Мұндай жағдайда 
алыпсатарлар Орталық банктен долларларды 150 тг./USD бағамы 
бойынша сатып алып оны еркін қара нарықта 160 тг./USD. 
бағаммен барлығына бірдей қайта сата бастайды. 
Қалыптасқан осындай жағдайлар кезінде үкімет пен Орталық 
банк ерте ме, кеш пе, əйтеуір девальвацияға жүгінуге мəжбір 
болады. Девальвация – бұл тіркелген айырбас бағамы кезінде 
ұлттық валютаның бағамын ресми жарияланған түрде төмендету. 
Біздің мысалымыз бойынша, енді Орталық банк жаңа тіркелген 
бағамды жариялайды: 160 тг./USD. Девальвация саясаты сауда 
балансы жəне төлем балансы тепе-теңдігінің мəселесін уақытша 
шеше алады. Себебі үкіметтің осы шарасы тауарлардың экс-
портын арзандатады жəне оны кеңейтеді. Алайда, бір уақытта, 
девальвацияның салдарынан импорттық тауарлар қымбаттай ба-
стайды.
Сонымен, ұлттық валютаны девальвациялау импортерлерге 
тиімсіз жəне экспортерлерге тиімді болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   270   271   272   273   274   275   276   277   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет