Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет290/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   309
Макроэкономика

Жиынтық сұраныс қисығы – бағаның берілген əрбір деңгейінде 
сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін бейнелейтін 
графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның жалпы деңгейі 
арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Жиынтық сұраныстың құрауыштарыАD-ны ашық эконо-
микалық жүйеде үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С), 
фирмалардың инвестициялық шығындары (I), мемлекеттік шығындар 
(G) жəне таза экспорт (X
n
) тұрғысынан толық сипаттайтын агрегат-
талған компоненттер жиынтығы.
Жиынтық ұсыныс (AS) – экономикада бағалардың əртүрлі 
деңгейінде өндірушілердің нарыққа ұсына алатын (немесе, өндірілуі 
тиіс) соңғы тауарлары мен қызметтерінің жалпы саны. AS-ті (ағылшын 
тілінен, aggregate supply) басқаша, нақты ЖІӨ деп те атайды. 
Жиынтық ұсыныс (AS) қисығы – ұсыныс көлемінің елдегі бағалар-
дың орташа деңгейіне тəуелділігін көрсететін графикалық көрініс.
Зейнетақы қорлары – ұзақ мерзімдік міндеттемелерді эмиссиялау 
жолымен қаржыларды тартатын ұйымдар.


399
Импорт – ел ішінде пайдалануға жəне кері экспорттауға арналған 
тауарларды шекарадан əкелу.
Импорттауға деген шекті бейімділік – табыстың кез келген өзгері-
сінде импорттық тауарларға жұмсалатын шығындар өсімінің пайыздық 
үлесі.
Импорттық квота – импорттық тауарлардың көлемін сандық шек-
теу. Импорттық квотаның екі түрі ажыратады: а) абсолюттік квота – 
берілген елге əкелуге рұқсат етілген тауарлар көлемі; ə) тарифтік квота 
– төмен ставка бойынша белгілі уақыт аралығында нақты тауар əкелуге 
рұқсат беру.
Импорттық тариф – отандық тауар өндірушілерді шетел бəсеке-
сінен қорғау мақсатында импорттық тауарларға салынатын салықтың 
бір түрі.
Инвестициялар – пайда табу мақсатында жеке жəне мемлекеттік 
сектор капиталдарының ұлттық экономикаға немесе шетел экономи-
касының əртүрлі салаларына ұзақ уақытқа салынуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   286   287   288   289   290   291   292   293   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет