411
Тіркелген айырбас бағамы – Орталық банктің елдер арасындағы
валюталардың ресми арақатынасын бекітуі (мысалы, 150 тг./USD) жəне
оны ұстап тұра алуы. Бұл кез келген азамат осы тіркелген ресми бағам
бойынша елдің Орталық банкінен шетел валютасын сатып ала алады
жəне оны осы бағам бойынша сата да алады деген болжамды білдіреді.
Ұлттық табыс (ҰТ) – елдің барлық тұрғындарының жиынтық та-
быстары, ұлттық сипаттағы өндіріс факторларының (еңбек, капитал,
жер жəне кəсіпкерлік қабілет) барлық иелерінің тапқан табыстары:
жалақы, пайыз, рента жəне пайда.
Ұлттық шоттар жүйесі (ҰШЖ) – ұлттық өнім мен ұлттық та-
бысты өндіру, бөлу жəне соңғы пайдалану үрдістерін сипаттайтын
бухгалтерлік есепшот нысанындағы кестелер кешені.
Ұсыныс сілкіністері – шикізатқа деген əлемдік бағалардың ауыт-
қулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасампаздықтар мен ашы-
лымдар.
ҰШЖ-нің негізгі мақсаты – ұлттық өнімнің (ұлттық табыстың)
қалыптасуы мен пайдалану үдерістерін кешенді, əрі жан-жақты талдау
үшін, экономикалық саясатты жүргізу мен үлгілерді құру жəне болжау
үшін қажетті мəліметтермен қамтамасыз етіп отыру.
Үй шаруашылығы – жұмыс күші ұсынысын жəне игіліктерге
деген сұранысты қалыптастыратын, алынған табыстарының бір
бөлігін тұтынатын, ал қалған бөлігін жинақтайтын, олар ең аз шығын
жұмсай отырып, өз пайдалылықтарын максималдауға тырысатын
макроэкономиканың субъектілері.
Үлгілеу – əртүрлі экономикалық құбылыстар мен үрдістерді, олар-
дың арасындағы функционалдық өзара байланыстарды логикалық
түсінік термен, графиктермен, алгебралық сипаттамалармен қарапайым
түрде түсіндіру.
Үлкен (ірі) ашық экономика – оның ауқымына байланысты па-
йыз мөлшерлемесі елдің ішіндегі экономикалық процестер əсерінен қа-
лыптасады. Ірі елдің экономикасы (АҚШ, Жапония, Қытай, Германия).
Бұл елдер əлемдік қор жинағы мен инвестицияның едəуір бөлігіне ие
болғандықтан əлемдік пайыз мөлшерлемесіне айтарлықтай əсер ете
алады.
Достарыңызбен бөлісу: |