Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет306/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   309
Макроэкономика

Үнемділік оғаштылығы – қоғамның көбірек жинақтауға ұмты-
луы нан тұтыну мен табыстың қысқаруы нəтижесінде жинақтау көле-
мінің азаюы.
Филлипс қисығы – жұмыссыздық пен инфляция қарқыны арасын -
да ғы өзара байланыстың графикалық кескіні.
Фирма – өндіріс факторларына сұраныс білдіретін жəне игіліктердің 


412
ұсынысын жасайтын, əрі инвестициялау үрдісін жүзеге асыратын 
белгілі бір елдегі барлық кəсіпкерлік сектордың жиынтығы, фирмалар 
ереже бойынша, өз қызметін жүзеге асыру барысында үнемі пайданы 
максималдауға тырысады.
Фишер əсері – нақты пайыздық қойылымның тұрақты болуы үшін 
атаулы пайыздың инфляция қарқынына байланысты өзгеріп отыруы
яғни нақты пайыз көлемінің сатып алушылық қабілетін тұрақты ұстау 
үшін инфляция деңгейі қаншаға өзгерсе, атаулы пайызды да сонша 
шамаға өзгертіп отыру қажет.
Фрикциондық жұмыссыздық – адамдардың əртүрлі өмір 
кезеңдерін де бір жұмыс орнынан басқа бір жұмыс орнына тұрақты 
түрде ауысып оты руына байланысты туындайтын қысқа мерзімдегі 
еркін жұмыссыздық.
Фритредерлік (ағылшынша «freetrade» - еркін сауда) саясат – 
ішкі рынокқа шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдайтын 
мемлекеттің еркін сауда саясаты. 
Халықаралық сауда – əртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашы-
лықтарының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы.
Халықаралық экономика – макроэкономиканың ашық эконо-
микада ғы мəселелерді қарастыра отырып, əлем елдері арасында тауар-
лар мен қызметтерді сату-сатып алу, қаржылық қатынастар жəне өндіріс 
факторларымен өзара алмасу саласындағы іс-əрекеттерді зерттейтін 
бөлімі.
Хекшер-Олин теоремасы – егер халықаралық сауданың кезкел-
ген қатысушысы өз əріптестеріне қарағанда қандай да бір фактордың 
үлкен көлеміне ие бола отырып, сол факторды тауарлар өндірісінде 
интенсивті түрде қолдана алса, онда ол сол тауарларды экспорттауға 
тырысады дегенді сипаттайтын теориялық дəлелдеме.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет