Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет37/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   309
Макроэкономика

Y
D
 (АD) = C + I + G
мұндағы, Y
D
 – жиынтық сұраныс ( ЖҰӨ немесе ұлттық та-
быс); С – тұтыну шығындары; I – инвестициялық шығындар; G 
– мемлекет-тік шығындар.
Ашық экономикалық жүйеде АD толыққанды мынадай төрт 
макроэкономикалық элементтен (құрауыштардан) құралады:
1. Үй шаруашылықтарының тұтыну шығындары (С).
2. Фирмалардың инвестициялық шығындары (I).
3. Мемлекеттік шығындар (G).
4. Таза экспорт (X
n
).
Бұл жағдайда ашық экономикалық жүйе тұрғысынан АD 
макроэкономикадағы барлық субъектілердің жиынтық шы ғын-
дары тарапынан қанағаттандырылуы тиіс. Енді осы негізгі құ-
рауыштарға тоқталып өтуіміз қажет.
Тұтыну шығындары (С) – бұл үй шарушылықтарының 
тұтыну тауарлары мен қызметтеріне деген сұраныстарын сипат-
тайтын АD-ның негізгі жəне ең үлкен компоненті. Əдетте, тұтыну 
шығындары АD-ның құрамында 70-75%-ға дейінгі үлеске ие деп 
айтылады. Тұтыну шығындары қолда бар табыс көлеміне бай-


57
ланысты анықталатыны бізге белгілі. Ұзақ мерзімде тұтынудың 
динамикасы табыстардың басқа да түрлерімен, мүлікпен жəне 
баға деңгейімен байланысты болып келеді. АD-ны талдау негізі-
нен, нақты тұтыну факторларына (бағалар индексіне бөлінген 
тұтынудың номиналды құнына) жүгінеді. Тұтыну шығындары 
əдетте, АD-ның басқа құрауыштарына қарағанда, тұрақты əрі 
баяу өзгеретін компонент болады.
Инвестициялық шығындар (I)бұл фирма сияқты ірі 
макроэкономикалық субъектінің құрал-жабдықтар, қорлар, жыл-
жымайтын мүліктер ретіндегі инвестициялық тауарларға деген 
жеке сатып алушылық сұраныстарын сипаттайтын АD-ның ең 
маңызды компоненті. Инвестиция көлемі негізінен шығарылым 
көлемімен, негізгі капиталдың құнымен жəне экономикадағы 
болашақ жағдайларды күтумен байланысты анықталады. Инвес-
тициялық шығындар АD-ның құрамында ең өзгермелі қасиетке 
ие, олардың өзгерісі мен қарқындылығы экономикада үнемі 
ауытқуларды немесе толқуларды туындатып отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет