Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет39/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   309
Макроэкономика

Жиынтық сұраныс қисығы – бұл бағаның берілген əрбір 
деңгейінде сатып алынуы тиіс тауарлар мен қызметтердің көлемін 
бейнелейтін графикалық көрініс, яғни өндіріс көлемі мен бағаның 
жалпы деңгейі арасындағы кері тəуелділікті сипаттайтын қисық.
Жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруі AD қисығының бо-
йындағы өзгеріске байланысты сипатталады. Ақшаның сандық 
теориясына сəйкес: MV = PY. Осыдан: Y
D
= MV/P, мұндағы 
Р – экономикадағы баға деңгейі; Y
D
ЖҰӨ-нің немесе ұлттық 
табыстың нақты деңгейі; М – экономикадағы ақша мөлшері
V – ақша айналымының жылдамдығы. Төмендегі суретте Р 
мен Y-дің (ақша ұсынысының тұрақтылығы кезінде) əртүрлі 
үйлесімділіктері көрсетілген.
3.1-сурет. Жиынтық сұраныс қисығы


59
Абсцисса осінде – нақты ЖҰӨ немесе өндірістің нақты кө-
лемі, ордината осінде – бағалар деңгейі немесе дефлятор, яғни 
абсолюттік емес, салыстырмалы көрсеткіш.
AD қисығы төмен қарай бағытталған, өйткені бағалардың 
өсуі (Р↑) қолдағы ақшаның нақты көлемін (М/Р) қысқарта-
ды. Сəйкесінше, тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс (Y↓) 
қысқарады. Осы арқылы AD-ның көлемі мен бағалар деңгейі 
(ақша ұсынысы мен ақша айналымының жылдамдығын тұрақты 
деп алғанда) арасында кері тəуелділіктің бар екені түсіндіріледі.
AD қисығының теріс көлбеулі болуы, мына үш əсер (эффект) 
арқылы түсіндіріледі:
1. Кейнс əсері (пайыз мөлшерлемесінің əсері);
2. Пигу əсері (нақты кассалық қалдықтар əсері немесе байлық 
əсері);
3. импорттық сатып алымдар əсері.
Кейнс əсері (пайыз мөлшерлемесінің əсері) былай түсін-
діріледі, яғни бағаның өсуімен байланысты ақшаға деген 
сұра ныс өседі; ақша ұсынысының тұрақтылығы жағдайында 
па йыз мөлшерлемесінің деңгейі артады. Пайыз мөлшерлеме- 
сінің өсуінен экономикаға салынатын инвестиция көлемі қыс-
қарады, олай болса, AD көлемі де қысқарады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет