Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж


14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне



Pdf көрінісі
бет51/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309
Макроэкономика

77
14. Жиынтық ұсыныс қисығының кейнсиандық кесіндісіне 
сəйкес жиынтық сұраныстың өсуі: 
а) бағаның өсуіне алып келеді, бірақ нақты көріністегі ЖҰӨ дина-
микасына əсер етпейді 
ə) бағаның төмендеуі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің өсуіне 
алып келеді 
б) нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына алып келеді, бірақ 
баға деңгейіне əсер етпейді 
в) баға деңгейі мен нақты көріністегі ЖҰӨ көлемінің ұлғаюына 
алып келеді
15. Қандай фактор AS қисығын солға қарай жылжытады?
а) еңбек өнімділігінің өсуі
ə) ресурстарға деген бағаның өсуі 
б) ресурстарға деген бағаның төмендеуі
в) фирма пайдасына салынатын салық мөлшерлемелерінің төмендеуі
16. Жиынтық сұраныс – бұл: 
а) барлық үй шаруашылықтарының сұраныстары 
ə) жоспарланған шығындар сомасы
б) үй шаруашылықтарының жəне мемлекеттің жалпы сұраныстары 
в) мемлекеттің жалпы сұраныстары
17. Қысқа мерзімдегі жиынтық ұсыныс қисығы: 
а) оң көлбеулі сызық
ə) көлденең сызық 
б) теріс көлбеулі сызық
в) тік сызық
18. Салықтар өскен кезде: 
а) жиынтық сұраныс қысқарады
ə) жиынтық ұсыныс төмендейді 
б) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та төмендейді
в) жиынтық сұраныс та, жиынтық ұсыныс та артады
19. Жиынтық ұсыныс – бұл:
а) сатуға арналған барлық соңғы тауарлар мен қызметтердің құны 
ə) жиынтық қоғамдық өнімнің құны 
б) жиынтық ішкі өнімнің құны 
в) таза ұлттық ұлттық өнімнің құны
20. Бағаның жалпы деңгейі мен жиынтық ұсыныстың көлемі 
арасында: 
а) тікелей байланыс бар
ə) кері байланыс бар
б) ешқандай байланыс жоқ
в) «а» жəне «ə» жауаптары дұрыс


78
21. «Тегеріш» əсері нені көрсетеді?
а) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің ар-
туын 
ə) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің тұ-
рақтылығын
б) жиынтық сұраныс қысқарған жағдайдағы бағалар деңгейінің 
төмендеуін 
в) жиынтық сұраныс артқан жағдайдағы бағалар деңгейінің тө-
мендеуін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет