Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет59/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309
Макроэкономика

C = 47,6 + 0,73 (Y-T).
Ғалымдардың зерттеулері бойынша, бұл өрнек тек қысқа 
мерзімге сəйкес келеді. 
Ал 1946 жылы американдық экономист Саймон Кузнец 1869-
1940 жылдардағы деректерді зерттей келе, мынадай қорытындыға 
келеді: ұзақ мерзімді кезеңде табыс өскен сайын тұтынуға орта-
ша бейімділік тұрақты болып қалады. Бұл жаңалық ұзақ жылдар 
бойы басқа зерттеушілер үшін жұмбақ ретінде қалып, Кузнецтің 
жұмбағы деген атпен ғылымға енді. 
Сөйтіп, макродеңгейдегі тұтыну көлемі қысқа жəне ұзақ 
мерзім кезеңдерінде қарастырыла бастады.
Қысқа мерзімде қолда бар табыс өскен сайын тұтынуға де-
ген орташа бейімділік (АРС) қысқарады, ал жинақтауға орташа 
бейімділік (АРS) өседі, яғни қолдағы табыс артқанда тұтынуға 
кететін шығынның бір бөлігі салыстырмалы түрде қысқарады 
жəне жинақтау салыстырмалы түрде өседі. 
Ұзақ мерзімде тұтынуға деген орташа бейімділік тұрақты 
болып қалады, себебі тұтыну шығындарының шамасына отба-
сының ағымдағы қолда бар табыстарының көлемінен басқа, 
өмір сүрудің жалпы деңгейі, күтілетін жəне тұрақты табыстың 
көлемдері сияқты факторлар да əсер етеді.
Егер тұтыну шығындары жиынтық сұраныстың бірінші ком -
поненті ретінде салыстырмалы тұрақты болса, онда екінші ком-
понент – инвестициялардың аса өзгермелі құрауыш болып та-
былатындығы бізге белгілі.
Макроэкономикада, инвестициялар – бұл пайда табу мақ-
сатында жеке жəне мемлекеттік сектор капиталдарының ұлттық 
экономикаға немесе шетел экономикасының əртүрлі салаларына 
ұзақ уақытқа салынуы.
Инвестицияның негізгі үш түрін бөліп көрсетуге болады:
1. Өндірістік инвестициялар (ғимараттар, құрал-жабдықтар, 
машиналар, т.б. түріндегі негізгі капиталға салынатын инвести-
циялар).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет