Оқулық Алматы, 012 Əож 330 (075. 8) Кбж



Pdf көрінісі
бет67/309
Дата12.12.2023
өлшемі2.94 Mb.
#486256
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   309
Макроэкономика

 / Y
t
 – Y
t-1
,
мұнда, а – акселератор коэффициенті;
I
t
– осы жылғы салынған жаңа инвестициялар өсімі;
Y
t
– Y
t-1
– өткен жылдардағы өскен табыстың көлемі.
Мультипликатор мен акселератор принциптерінің екіжақты-
лық қызметі бар: мультипликатор автономды инвестициялар ар-
қылы жиынтық сұраныс пен ұлттық табысты көбейтеді, ал ак-
селератор ұлттық табыстың табыс пен жиынтық сұраныстың 
өсіміне қолдау ретінде жиынтық ұсыныстың артуын жеделде-
теді. Сөйтіп, біз мультипликатор мен акселератордың бір-бірін 
қолдап отыратын механизм екеніне қол жеткіземіз.
Жеткіліксіз сұраныс пен толық емес жұмысбастылық жағда-
йында халық жинақтарының өсуі «үнемділік оғаштылығы» 
құбылысын тудырады. Бұл игіліктер нарығын кейнстік макроэ-
кономикалық үлгіде қарастыру кезінде мультипликаторлық əсер-
дің салдарынан пайда болатын ерекше жағдай.
Үнемділік оғаштылығы – бұл қоғамның көбірек жинақ-
тауға ұмтылуынан тұтыну мен табыстың қысқаруы нəтижесін-
де жинақтау көлемінің азаюы. Жалпы алғанда, экономикалық 
белсенділік төмен болғанда қоғамның жинақтары мен инвес-
тициялары қысқарады. Инвестициялардың аз ғана кемуі теріс 
мультипликативтік əсерді болдырып, ұлттық табысты едəуір 
төмендетуі мүмкін. Үнемділік оғаштылығын төмендегі суретпен 
де түсіндіруге болады (4.10-сурет).


102
Айталық, бастапқыда экономика А нүктесінен басталады. 
Дағдарысты күту қарсаңында тұрғындар көбірек жинақтауға ұм-
тылады: жинақтың сызығы S-тан S
*
-ға дейін жылжиды, ал инвес-
тициялар бұрынғы І деңгейінде өзгеріссіз қалады. Нəтижесін-
де тұтыну шығындары қысқарады, ол мультипликативтік əсер 
арқылы ұлттық табысты Y
0
-ден Y
1
-ге дейін төмендетеді. Сөйтіп, 
жинақ пен табыс қысқарып, экономика В нүктесіне орнығады.
Егер бір уақытта жинақтың өсуімен бірге (S-тан S
*
-ға) жос-
парланған инвестициялар (І-дан I
*
-ға) қатар өссе, онда тепе-
теңдік ұлттық табыс бұрынғы Y
0
жағдайында қалып өндірістің 
құлдырауы орын алмайды. 
Ресурстар экономикада толық қамтылуға жақын жағдайда 
жинақтардың өсуі экономикаға антиинфляциялық түрде əсер ете-
ді: мультипликативтік əсермен тұтынудың, одан кейін жиынтық 
шығындардың, жұмысбастылық пен өндіріс көлемінің қысқаруы 
сұраныс инфляциясын айтарлықтай басып тастайды, жиынтық 
сұраныс AD-дан AD
1
-ге дейін төмендейді, ол өндіріс көлемінің 
Y
1
-ден Y
2
-ге дейін қысқаруымен жəне бағалар деңгейінің P
1
-ден 
P
2
-ге дейін төмендеуімен жалғасады (4.11-сурет).
Қорытындылай келе, Кейнс кресі үлгісі икемсіз бағалармен 
экономиканы қысқа мерзім аралығында зерттейтіндіктен, бағалар 
деңгейінің өзгеру үдерісіне жауап бере алмайды деген тұжырымға 
келуге болады. Кейнс кресі үлгісі қатаң бағалар арқылы қысқа 
мерзімдік макроэкономикалық талдау мақсаттары үшін тек AD-
AS үлгісін толықтырады жəне ары қарай нақтылайды, сонымен 
қатар, ол инфляция деңгейінің ауытқуымен байланысты ұзақ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   309




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет