Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Ұлы географиялық ашылулар мен зерттеулер



Pdf көрінісі
бет11/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

1.3. Ұлы географиялық ашылулар мен зерттеулер
Ұлы географиялық ашылулар – ХV ғасырдың соңы мен ХVІІ 
ғасырдың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа 


15
жерлерді, құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса 
маңызды теңіз жолдарын ашу кезеңін қамтиды. 
Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы деген 
атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңтүстік 
жəне Шығыс Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байла-
нысты болды.
Мұндай ізденістің басты себептері ХV ғасырдың ортасына 
қарай Еуропа елдерінде өнеркəсіп пен сауданың мықтап өркендеуі, 
Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын жəне 
кеме қатынасы өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын 
түріктердің басып алуы, ашық мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын 
берік кемелердің жасалуы, ғылым мен техниканың жандануы бұған 
қолайлы жағдай туғызды. 
Ұлы географиялық ашылулар деңгейіндегі зерттеулерді сол кез-
де күшті дамыған елдер – Португалия мен Испания бастады:
ХV ғасырдың екінші жартысында Португалия ханзадасы, теңізші 
Генрих (Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар 
ұйымдастырып отырды. Португал теңізшілері құрлықтың батыс 
жəне оңтүстік жағалауын бойлай жүзді.
1488 жылы Барталамео Диаш Африканың оңтүстік шетіндегі 
Қайырлы Үміт мүйісіне жетті. Португалдардың бұл саяхаттары Ұлы 
географиялық ашылулардың бастамасы болып саналады. Олармен 
бəсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын баты-
стан іздеуге тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының 
Жердің пішінінің шар тəріздес екендігі туралы ұмытылған пікірі 
қайта жандана бастаған еді. Осыған сəйкес бірқатар ғалымдар мен 
теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе, 
Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет