12
Антик кезеңіндегі Рим ғалымдарының
көрнекті өкілі бо-
лып саналатын –
Үлкен Плиний (біздің заманымыздың 23-79
ж.) өзінің 37 кітаптан тұратын «
Жаратылыстану тарихы»
атты энциклопедиялық еңбегінде өзіне дейінгі Грек жəне Рим
зерттеушілерінің еңбектерін саралап,
географиялық нысандардың
арасындағы қашықтықтарға, олардың сандық өлшемдеріне ерекше
маңыз бере отырып сипаттап, жазды.
Плиний Везувий жанартауының атқылауы кезінде қаза болған.
Помпей мен Геркуланумның күйреуі жəне Плинийдің қазасы туралы
оның немере інісі
Кіші Плинийдің (б. з. 61-114 ж.) жазып қалтырған
еңбектері сақталған.
Ежелгі Грекия мен Ежелгі Рим ойшылдары мен зерттеушілерінің
географиялық дүниетаным аясын кеңейтуге, оның ғылым ретінде
қалыптасуына, антик кезеңі географиясының өзіндік ұстанымдары
мен тұжырымдамаларының негізін қалауға сіңірген еңбектері
бүгінгі таңда да өзінің құндылығын жоғалтқан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: