Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Анаксимен, б.з.б ?-525 ж.; Гераклит



Pdf көрінісі
бет7/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Анаксимен, б.з.б ?-525 ж.; Гераклит, б.з.б 544-483 ж.; Гекатей 
Милетский, б.з.б 546-480 ж.; Герадот, б.з.б 484-428 ж.; Демо-


10
крит, б.з.б 460-370 ж.; Платон, б.з.б 428-348 ж.; Аристотель, б.з.б 
384-322 ж.; Эратосфен, б.з.б 275-195 ж.) еңбектерінде география 
ғылымының көптеген теориялық мəселелелері қарастырылды. 
Герадоттың 9 томдық «Тарих» атты еңбегінде географияның 
алғашқы ғылыми ұғымдарына түсініктеме беріліп, тұңғыш рет 
табиғат жағдайларының алуан түрлілігі географиялық ендікке бай-
ланысты екендігі түсіндіріледі. Геродот сол кездегі гректерге мəлім 
жерлердің картасын жасап, Каспий теңізі мен оның жағалауын 
мекендейтін сақтар жөнінде нақты мəліметтер жазып қалтырған.
Аристотель Əлем кеңістігінің құрылысы, Күн жүйесі, Жердің 
шар тəрізді екендігі, кейбір шағын ғаламшарлар, жердің жылу 
белдеулері, жел жəне желдің бағыттары, Айдың тұтылуы, жер 
сілкіну, күн күркіреуі, найзағай ойнауы сияқты құбылыстарды си-
паттап жазды. Аристотельдің табиғи факторлардың адам өмірі мен 
мінез-құлығына тигізетін əсерін қарастырды, кейіннен бұл түсініктер 
«географиялық детерминизм» деген бағытты қалыптастырды.
Эратосфен ендік пен бойлықтың нақты өлшемдерін анықтап, 
тұңғыш рет параллельдер мен меридиандар көмегімен көрсетілген 
географиялық карта жасады. Математикалық географияның негізін 
салды. Сол кезеңдегі гректерге белгілі адамдар қоныстанған 
жерлерді «ойкумен» деп атап, ойкумендердің картасын құрастырды 
(2-сурет). 
2-сурет. Эратосфен бойынша ойкумендер картасы


11
«Географика» деп аталатын еңбегінде өзіне дейін Жер тура-
лы мəлім болған мəліметтерді жинақтап, алғаш рет «география» 
ұғымын ғылымға енгізді. 
Грек ғалымдарының басты еңбегі сол кезеңдегі жинақталған 
ұғымдар мен түсініктерді жүйелеп, ғылымға айналдырды. Соның 
нəтижесінде көптеген географиялық ұғымдар мен түсініктер 
халықаралық географиялық ғылыми терминдер ретінде қазірге дейін 
үздіксіз қолданысқа ие болуда.
Ежелгі Рим ғалымдары ішінен географиялық зерттеулерінің 
маңыздылығы жөнінен Страбон мен Плинийді ерекше атауға бола-
ды.
Антик кезеңіндегі географиялық зерттеушілердің ең көрнектісі 
Рим ғалымы Страбон (б.з.б. 64 ж. – біздің заманымыздың 20-шы 
жылы) болып саналады. Страбон «География» деп аталатын 17 кітап 
жазды. Ол өзінің үшінші кітабында өзі болған жерлерді географиялық 
тұрғыдан сипаттап жазды, бұл сипаттамаларды жасауда қолданған 
ұстанымдары қазіргі географиялық аудандастыруға негіз болып 
отыр. Страбон географиядағы елтану бағытының негізін салды.
Ежелгі Рим ғалымы Птоломей (б.з.б. 90-168 ж.) – астрономия 
мен географияның ғылым ретінде өркендеуіне сүбелі үлес қосқан 
ғалым. Сонымен қатар Птоломей математикалық географияны 
дамытуға да өз үлесін тигізді 
Птоломей сол кезеңдегі жинақталған географиялық білімді хоро-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет